KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null KAZ Minerals марафонға қатысады

19.04.2017

Қарау саны: 32

; assetEntryID = 704969

Сәуірдің 23 күні  KAZ Minerals-тың 35 қызметкері Алматы қаласында өтетін «Бірінші болу батылдық» халықаралық қайырымдылық марафонына қатысады. Марафон 2 жарыс түрін қамтиды: командалық (Экиден) және жеке. Жеке жарыстарға біздің әріптестер бірнеше жыл бойы қатысып келсе, KAZ Minerals брендін ұстанған команда былтыр алғаш рет топтық жарысқа қатысты.  

Биыл KAZ Minerals-тың атынан Экиден жарысына 2 команда қатысады - «KAZ Minerals Алматы» және «KAZ Minerals құрамасы». Командалар барлық дивизиондар мен корпоративтік орталық өкілдерінен жасақталған. Құрама команданың құрамында ШҚО, Қырғызстаннан, Ақтоғай мен Бозшакөлден спортшылар өнер көрсетеді. Әр командада 6 адамнан бар. Жеке жарысқа KAZ Minerals-тың 23 қызметкері қатысатын болады.  

Біз спортшыларды қолдаймыз деп шештік! Сіздерге де осы ауқымды шараға қолдау топтарының құрамында қатысуды ұсынамыз. Сіздер әріптестеріңізді марафонның аралық нүктелерінде қолдап, мәре сызығының жанында да қарсы ала аласыздар!

Ол үшін сағат 8.00 әл-Фараби даңғылының төменгі жағында – Есентай өзені мен сауда-ойын-сауық орталығының арасында және  сағат 8.40-та Абай даңғылының жоғарғы жағы, Орталық стадионның жанында (Променад СО ауданы) жиналайық.

Марафон болатын күні көлікке қатысты қиындықтар болуы мүмкін. Себебі, әл-Фараби даңғылының төменгі жағы мен Абай даңғылының жоғарғы жағы сағат таңғы 07.30 бастап жабық болады.

Әріптестерді қолда! Командалық рухыңды көрсет! 

 

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов