KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null KAZ Minerals экологиялық акцияны қолдады

27.07.2019

Қарау саны: 19

; assetEntryID = 692967

KAZ Minerals Тобы «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады. «Шығыстүстімет» ЖШС-нің (Топтың құрамына кіреді) 200-ге жуық қызметкері экочелленджге қатысып, Шығыс Қазақстан облысының су қоймалары мен өзендерінің жағалауларын тазартуға шешім қабылдады.

Компания қызметкерлерімен бірге акцияға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашев пен Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қатысты.

Бородулиха ауданындағы Неміс тоғандары мен Шүлбі су қоймасының, Шемонаиха ауданындағы Уба өзенінің, Глубокое ауданындағы Белоусовка су қоймасының, сонымен қатар, Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінің жағалаулары қоқыстан тазартылды. Санитарлық тазартумен қамтылған аумақтың жалпы ұзындығы – шамамен 6 км.

Сондай-ақ, компания қоқысты тиеп, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жеткізу үшін  10 данаға жуық техника ұсынды.

«Бірге – таза Қазақстан» акциясы (#birge #TazaQazaqstan) туралы бастаманы Қазақстан Республикасының үкіметі көтерген.  

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов