KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null KAZ Minerals: 9 айдың қорытындысы

25.10.2018

Қарау саны: 95

; assetEntryID = 694780

KAZ Minerals Тобы 2018 жылдың 9 айында 216,8 мың тонна мыс өндірді. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық (193,3 мың тонна). Тоқсандық есепке сүйенсек, мыс өндірісі 7%-ға артып, 77,2 мың тоннаға жетті (2018 жылдың 2-тоқсаны: 72,3 мың тонна). Бұған барлық кәсіпорындардағы кен өңдеудің жоғары көлемдері септігін тигізді.

Есептік кезеңде 38,3 мың тонна концентраттағы мырыш өндірілді (2017 жылдың 9 айы: 45,8 мың тонна). Алтын өндірісінің көлемі – 135 мың унция (2017 жылдың 9 айы: 137,8 мың унция), күміс – 2,578 млн унция (2017 жылдың 9 айы: 2,708 млн унция).

Жалпы KAZ Minerals Тобы 2018 жылға жоспарланған 270-300 мың тонна мыс көлеміндегі аралыққа жету жолында келеді.

Бозшакөл

Павлодар облысындағы Бозшакөл кен байыту кешені 9 айда 75 мың тонна мыс өндіріп, сульфидті және каолин балшығы бар кендерді байыту фабрикаларындағы (БФ) төртінші тоқсанға жоспарланған диірмендердің жоспарлы қызмет көрсету шараларына қарамастан, 2018 жылы 95-105 мың тонна мыс көлеміндегі жоспарлы аралыққа жету жолында келеді.

Үшінші тоқсанда мыс өндірісі 10% артып, 25,2 мың тоннаға (2018 жылдың 2-тоқсаны: 22,9 мың тонна) жетті. БФ өткізу мүмкіндігі жоғарылады, бірақ бөліп алу коэффициенті шамалы азайды. Сульфидті және каолин балшығы бар кендегі мыстың орташа үлесі – 0,46%. Бұл екінші тоқсандағы көрсеткішке сәйкес келеді. Жоспар бойынша төртінші тоқсанда кен өндіру мыстың үлесі азырақ учаскелерде жүргізіледі.

Үшінші тоқсанда 31,4 мың унция алтын өндірілді. Бұл БФ өткізу мүмкіндігінің жоғары болуының және кендегі орташа үлестің 0,25% болуының (2018 жылдың 2-тоқсаны: 0,23%) арқасында екінші тоқсанмен салыстырғанда (26,3 мың унция) 19%-ға артық. 9 айда 93,7 мың унция өндіру 115-125 мың унция аралығындағы жылдық жоспарлы көрсеткіштің жоғарғы шебіне жетуге мүмкін береді.

Тоғыз айдағы күмістің өндірісі - 494 мың унция. Осыған орай Бозшакөл 500 мың унция көлеміндегі жылдық жоспарлы көрсеткіштен асып түседі деп күтіліп отыр.

Бозшакөлде өндірілген концентраттағы көлемі аз молибден коммерциялық талдау үшін тапсырыс берушілерге жөнелтілді.

Ақтоғай

Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен байыту кешенінде 95,4 мың тонна мыс өндірілді. Осының арқасында 110-130 мың тонна көлеміндегі жылдық жоспарлы аралықтың жоғарғы шебіне жету күтіліп отыр.

Оксидті кендерді өңдейтін кешендегі катодты мыстың өндірісі тоғыз айда 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артты (18,9 мың тонна). Үшінші тоқсанда катодты мыс өндірісі 7,4 мың тоннаға дейін артты (2018 жылдың 2-тоқсаны: 6,2 мың тонна). Бұған маусымдық жоғары температуа мен кешеннің жоғары өнімділігі әсер етті. Оксидті кешен жоспарлы 20-25 мың тонна катодты мыс көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштердің жоғарғы шебіне жету жолында.

Үшінші тоқсанда сульфидті кеннен мыс өндіру көлемі 27,5 мың тоннаны құрады. Бұл екінші тоқсандағы көрсеткіштен 1%-ға төмен. Себебі, өңдеу мен бөліп алу көлемінің артуы кендегі мыс үлесінің 0,58%-ға дейін төмендеуімен қалыпқа келді (2018 жылдың 2-тоқсаны: 0,62%).

Оксидті кенді өңдеудің маусымдық төмендеуі, диірмендерге жоспарлы түрде қызмет көрсету және сульфидті кендегі мыс үлесінің шамалы төмендеуі салдарынан төртінші тоқсанда мыс өндірісі үшінші тоқсанмен салыстырғанда аз болады деп жоспарланып отыр.

Шығыс өңір мен Бозымшақ

Шығыс өңірдегі кәсіпорындар («Шығыстүстімет» ЖШС) мен Қырғызстандағы Бозымшақта 46,4 мың тонна мыс өндірілді. Жыл көлемінде бұл көрсеткіш шамамен 65 мың тоннаны құрайды деп жоспарланған.

975 мың тонна көлеміндегі өндірілген кен бұған дейінгі тоқсаннан (995 мың тонна) 2%-ға аз. Кенді өңдеу 22%-ға артып, 1,16 млн тоннаға жетті (2018 жылдың 2-тоқсаны: 952 мың тонна). Себебі, Артемьев шахтасының кен қорлары Николаев БФ-ның бірінші жарты жылдықтағы жоспарлы тоқтауынан кейін өңделді.

Үшінші тоқсанда кен өңдеу көлемінің артуы Орлов БФ өңделген кеннің құрамындағы мыстың орташа үлесінің 3,18%-ға (2018 жылдың 2-тоқсаны: 3,25%) және Николаев БФ өңделген кеннің құрамындағы мыстың орташа үлесінің 1,50%-ға дейін (2018 жылдың 2-тоқсаны: 1,67%) азаюының орнын шамалы толтырды. Нәтижесінде үшінші тоқсандағы мыс өндірісінің көлемі 17,1 мың тоннаға дейін артты (2018 жылдың 2-тоқсаны: 15,3 мың тонна).

Мырыштың өндірісі 25%-ға, яғни 13,4 мың тоннаға дейін артты (2018 жылдың 2-тоқсаны: 10,7 мың тонна). Бұған Николаев БФ-да өңделген кеннің құрамындағы мыс үлесінің қалпына келуінің, яғни, 0,50%-дан 1,38%-ға жетуінің арқасында қол жетті. 2018 жылдың тоғыз айында мырыштың өндірісі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16%-ға азайды (38,3 мың тонна). Бұған негізінен Артемьев шахтасындағы үлестің уақытша азаюы себеп болды. Сондықтан жылдық өндіріс көлемі жоспарлы 60 мың тоннадан 10-15%-ға аз болады деп күтіліп отыр.

Шығыстүстіметтің және Бозымшақтың үшінші тоқсандағы ортақ алтын өндірісі 13,8 мың унцияны құрады (2018 жылдың 2 тоқсаны: 13,6 мың унция). Шығыс өңірдің кен байыту фабрикаларындағы өңдеу көлемі мен бөліп алу коэффициентінің артуы кендегі металл үлесінің төмендеуінің орнын толтырды. Ал Бозымшақ кен байыту кешені жүктелген міндеттерді орындауды жалғастырып, 10 мың унция өндірді (2018 жылдың 2-тоқсаны 10,3 мың унция). 2018 жылдың тоғыз айындағы алтынның 41 мың унция көлеміндегі ортақ өндірісі жылдық 45-50 мың унция көлеміндегі жоспарлы аралықтан асуды күтуге негіз болып отыр.

Күмістің үшінші тоқсандағы өндірісі 27%-ға артып, 643 мың унцияны (2018 жылдың 2 тоқсаны: 508 мың унция) құрады. Жылдық болжам 2 млн унция екенін ескерсек, тоғыз айдағы 1,725 млн унция көлеміндегі өндіріс қарқыны айтарлықтай ілгерілеуді көрсетіп отыр.

Қаржылық ақпаратты жаңарту

2018 жылғы 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша жоғары операциялық ақша ағымдарының шамалы түрде Ақтоғай жобасын кеңейтуге жұмсалған күрделі шығындарды қалыпқа келтіруінің арқасында Топтың таза берешегі $1,986 млрд (2018 жылғы 30 шілде: $2,052 млрд) құрады. Сонымен қатар, үшінші тоқсанда Топтың несие желілері бойынша $99 млн және ПҚИС мен роялти бойынша $49 млн төлемдер жасалды. 2018 жылдың 30 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша жалпы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттерінің сомасы $1,516 млрд, ал жалпы берешек $3,502 млрд болды.

Баимская мыс жобасы

2018 жылғы 2 тамызда Топ Ресей Федерациясының Чукот автономды округінде орналасқан Баимская мыс жобасын сатып алу туралы келісім жасалғаны туралы хабарлады. Топ мәмілені аяқтауға қажетті шарттарды орындауды жалғастыруда.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «2018 жылы жаңа Ақтоғай мыс кенішіндегі өндіріс көлемінің артуы және мыстың жоғарғы үлесінің арқасында Топ артықшылыққа ие болды. KAZ Minerals 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мысты 12%-ға көп өндірді. Үшінші тоқсанда компания кәсіпорындарындағы өндірістің тұрақты деңгейінің арқасында біз мыс өндірісінде жылдық межеге және алтын мен күміс бойынша жоспарлы аралықтың жоғары шебіне жетуге жағдай жасап отырмыз».

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов