KAZ Minerals өзінің қызметкерлеріне және сыртқы аудиторияға арналған медиа өнімдерді шығарады.

null Карьердегі гид. Ақтоғай тау-кен байыту кешені

12.06.2017

Қарау саны: 0

Kazminerals.info Топ кәсіпорындарындағы "Экскурсия" айдарын жалғастырады. Бізбен фабрикалардың, шахталар мен карьерлердің басшылары сұхбаттасады. Бүгінгі гид - Ақтоғай КБК тау-кен департаменті өндірістік учаскенің бастығы Шынболат Сүлейменов. Ол сульфидті фабриканың артып жатқан қарқынына сәйкес кеншілер қалай жұмыс істеп жатқаны туралы, Leica жүйесі жайлы және тау-кен департаментіндегі кадрлық туралы айтып береді. 

Шынболат Сүлейменов - еңбек өтілі жоғары кенші. Ол 20 жылдан астам уақыт Ресей мен Қазақстандағы тау-кен кәсіпорындарында жұмыс істеп келеді. Ақтоғай КБК-де тау-кен жұмыстары басталғалы бері, яғни 2015 жылдан бастап еңбек етіп жүр. 

- Шынболат Шәкімұлы, Ақтоғай келмес бұрын карьер және мұндағы жұмыстар туралы не біліп едіңіз?

- Департамент бастығы Дуглас Чапманмен сұхбаттасқан кезде бұл қандай кен орын, мұндағы жұмыс істейтін техника, оған кім қызмет көрсететіні туралы, қандай бұрғылау қондырғылары мен эксковаторлар болатыны туралы сұрадым. Яғни, жұмыс қалай жүретіні туралы шамалы білдім десем болады. Жалпы геологиялық қасиеттері мен игеру технологиялары тарапынан алғанда кәсіпорын маған ұнады. Мұнда кендердің екі типі бар. Ол - оксидті және сульфидті кендер. Бұл өндіріске өз әсерін тигізеді. Жұмыс істеу мерзімі 50 жылға таяу мұндай ауқымды кен орынды игеру қызықты тәжірибе. 

- Ақтоғай КБК құрылысы аяқталып қалды. Мұндай көптеген делегациялар мен жоғары мәртебелі қонақтар келеді. Олар карьерге ат басын бұра ма? Әдетте оларды қай жерде қарсы аласыздар? 

- Келген қонақтар бақылау алаңынан дейін барады. Себебі, көбінесе олардың толыққанды экскурсияға қатысуға мүмкіндіктері жоқ. Ал бұл жерден бүкіл карьер, оған келер жолдар, жұмыс істеп жатқан техника жақсы көрінеді. Жақында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың іссапарына арнап қазақи үйге ұқсас бақылау ғимаратын тұрғыздық. 

Ақтоғай КБК ірі елді мекендерден алшақ орналасқандықтан көп дүниелерді, оның ішінде мына ғимаратты өз күшімізбен жасап шықтық. Тұғырларда ілініп тұрған туларды Шығыстүстіметтегі әріптестерден алдық. Оларды орнатуға жеке өзім қатыстым. 

- Қазір карьерде не болып жатыр?

- Мұнда үш карьер болады. Қазір біз №1-сатыдамыз. Здесь у нас будет три карьера. Мы с вами находимся на стадии №1. №201-ші Hitachi-3600 экскаваторы сулфидті кендерді тиеп жатыр. Қазір ол кенді кен байыту фабрикасымен конвейер арқылы жалғанған  алғашқы үгіту қондырғысына тиейді. Сульфидті кендермен жұмыс істейтін тағы бір қосалқы экскаваторымыз бар. 

Карьердің жоғарғы жағында, яғни солтүстік-батысында №2-ші сатысы орналасқан. Ол жақтағы жұмыстар әлі басталған жоқ. Батыс жақта №3 саты бар. Ол жерден оксидті кендерді тасымалдайды. Болашақта олардың барлығы бірігеді. №1-сатының оңтүстік жағында басты жол орналасқан. Карьердің түбіндегі судың деңгейінде жаңа горизонт қазылатын болады. Жақында арнайы сорғыны орнатып, бұл судың алып тастаймыз.

Жалпы ашық түрдегі игерудің артықшылықтарымен қатар қиындықтары да бар. Себебі жыныстардың физика-техникалық жағдайы өзінің әсерін тигізеді. Оңтүстік қапталды алайық. Ол әлсіздеу, кейбір учаскелерде қапталдар шамалы жылжып жатыр. 

Біздің жобалау бөліміміз қапталды қандай тиімді еңісті ұстану керектігін есептеп шықты. Тасымалдау бермасы бар. Ол арқылы кен тасымалданады. Сонымен қатар, қауіпсіздік бермаларын да құрастырамыз. Жоба бойынша олар 8 метрлік. 

Анықтама (Тау-кен энциклопедиясы)

Берма – көлденең немесе еңісі аз алаңша. Ол карьер қапталының жұмыс істемейтін учаскесінде немесе жұмыс істемейтін қапталда орналасады. 

- 5 жылда кейін карьер қандай болады? 3 саты біріге ме?

- Иә, бірігеді. Менің ойымша карьер үш есе үлкен болады. 

- Сіз кеннің екі түрі, яғни сульфидті және оксидті кендер туралы сөз еттіңіз. Оларды сипаттамасына қарап қалай ажыратуға болады? 

- Олардың физика-механикалық айырмашылықтары бар. Оксидті кен жоғарғы горизонттарда орналасқандықтан жұмсағырақ болады. Қазір оксидті кен тек №3 сатыдан ғана келіп жатыр. Сульфидті кен төменірек орналасып, халькозин мен борниттердің құрамында жатыр. Осы минералдардың арқасында сульфидті кен мықтылау. 

- Қазылып жатқан сульфидті және оксидті кендердің қатынасы қандай?

- Біз геологтармен және жоспарлау бөлімімен тығыз жұмыс істейміз. Түрлі көрсеткіштер ескеріледі. Айталық, жобалық қуатына жету жолындағы сульфидті кендерді қайта өңдейтін фабриканың жүктемесі ескеріледі. Егер сәуір айын қарастырсақ, біз 1,6 млн тонна оксидті кен және 1,06 млн тонна сульфидті кен жоспарланған. Болашақта сульфидті кендерді қазу арта түседі. 

Біз диспетчерлік қызметпен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Ол жүк ағымдарын оңтайландыратын Leica жүйесін қолданады, карьердегі барлық жұмысты бақылау, үйлестіреді. Сол жерде барлық қызметтердің мәліметтері жинақталады. Сонымен қатар біз оксидті кендерді апаратын үймелі сілтісіздендіру орнымен, сульфидті фабрикамен жән алғашқы үгіту қондырғысымен бірлесіп жұмыс атқарамыз. Бұл ақпараттың барлығы диспетчерлік пунктке келеді. Біз ол жаққа да барамыз. 

- Жұмыс кестесі туралы не айтасыз? Жұмыс уақытыңыз қалай өтеді? 

- Күндізгі ауысымда жүргенде таңғы сағат 04.45-те тұрамын. Түнгі ауысымның диспетчеріне хабарласып, қандай техника қалай жұмыс істегенін сұраймын, қандай техника жөндеу жұмыстарына тоқтады дегендей. Бәрін қағазға жазып алып, нарядқа дайындаламын. Таңғы асымды ішіп алған соң, сағат алтыға таяу түнгі ауысымда жұмыс істеген әріптесіме хабарласып, тау-кен жұмыстары, жабдықтар туралы мәліметтерді аламын. Сағат таңғы 6,00-де наряд басталады. Наряд біткен соң адамдармен бірге карьерге кетеміз. Түскі асты да бірге ішеміз. Ауысым аяқталғанға дейін карьерде боламыз. Сөйтіп, негізгі уақыттың барлығы өндіріс басында өтеді. Күн сайын сағат 16.00-де басқармадағы жиналыстарға қатысамыз. Жоспарлау бөлімімен, механиктермен бірлесіп, келесі тәуліктің жұмыс жоспарын құрамыз. 

- Яғни таңғы ауысым сағат 07.00-де басталады ғой?

- Иә, солай. Ауысым сағат таңғы 7-де және кешкі 7-де. Ал сағат 06.00 мен 18.00-де наряд. Ол вахталық қалашықта өтеді. Әр ауысым сайын қауіпсіздік мәселелеріне 5 минут уақыт арнаймыз. Нақты бір оқиғаны немесе жаңдайды алып, талқылаймыз. Бұл адамдарды жазалау деген сөз емес. Барлығымыз бірігіп, ақылдасамыз, кеңес береміз. Айталық, Иванов бір жерде көлікті дұрыс бұрмаса  немесе жол бермесе, оның салдары туралы айтамыз. Сонда қызметкерлер нәтиже шығарып, ойланады. Нарядтан кейін вахталық көлікке отырып, карьерге жол тартамыз. Сағат таңғы 6.30 таяу жаңа ауысым келеді. Кешке де солай.

- Ал техникада жұмыс істейтіндердің ауысымы белгілі жерде өте ме? 

- Бізде көліктер тоқтайтын орын бар. Ауысым сол жерде іске асады. Сонымен қатар, жедел ауысым орын да бар. Яғни экскаватордың және жүк көліктерінің жүргізушілері сол жерде ауысады. Яғни көлік келеді, жүргізуші ауысымды және техниканы қабылдай сала жұмысқа кіріседі. Бізде мұндай жағдайға арналған нұсқаулығымыз бар.

- Ал түскі ас кезінде де барлығын осылай жинайсыздар ма?

- Иә, түскі ас кезінде барлығын жинап, вахталық қалашықтағы асханаға апарамыз. Бұның бәрі жедел өтеді. Вахталық қалашыққа дейінгі жол жақсы, ал асханада жедел тамақтануға мүмкіндік бар. Түскі ас кезінде жару жұмыстары жүргізіледі. Себебі бұл уақытта карьерде ешкім болмайды. Мен осы жерде жұмыс істегеніме 1,5 жылдан аста. Осы уақыт аралығында жару жұмыстарында тоқтау болған емес. Ауысым түскі астан келгенше барлық жұмыстары аяқтап үлгереміз. 

- Ал жару жұмыстарын сіздердің қызметкерлеріңіз жүргізе ме?

- Жоқ, бұл арнайы лицензиясы бар мердігер ұйымның міндеті. Жалпы бұрғылау жару жұмыстарының тәртібі мынадай. Біз жоспарлау бөлімі бұрғылау-жару жұмыстары жөніндегі шебермен бірлесіп жасаған көрсеткіштерге сәйкес бұрғылаймыз. 

Бұрғылау жобасы, ұңғымалардың орналасу кестесі, олардың олардың тереңдігі сияқты көрсеткіштер машинистке беріледі. Оның сол баяғы Leica жүйесі арқылы ұңғымалардың әрқайсысын, орналасқан жерін, тереңдігін көрсететін бағдарламасы бар. Біз бұрғылап, бұл блокты мердігерге береміз. Бірақ зарядттың биіктігін, жарылғыш заттардың көлемін, жару кестесін құрастыру сұлбасын біз белгілейміз. Мердігерлер біздің тапсырысқа сәйкес келіп, зарядтарды орнатып, құрастырып, жарады. 

- Жару жұмыстарынан кейін қандай шаралар атқарылады? 

- Алдымен мердігердің жару жұмыстары жөніндегі шебері жарылмай қалған заттардың бар-жоғын қарайды. Егер бәрі дұрыс болса, "жару жұмыстары тоқтатылсын" деген бұйрық береді. Сосын біз барып, экскаваторларға қолайлы болу үшін, жүк көліктерінің дөңгелектері тесілмес үшін автогрейдерді немесе доңғалакты бульдозерді шақырып, тиеу алаңын тазалаймыз. Сосын кенжарға экскаватор кіріп, өз жұмысын бастайды. Бұның бәрі де өте тез ұйымдастырылады. 

- Ең қуатты жарылыс есіңізде бар ма?

- Орта есеппен күніне 200 мың тоннаға жуық кен жарылады. Сол себепті әзірге аса ірі жарылыстар болған жоқ. 

- Менің түсінгенім бұл жерде оксидті кенге арналған алғашқы үгіту қондырғысы жоқ. Солай ма?

- Біз қажетті көлемдегі кенді жару арқылы аламыз. Үймелі сілтісіздендіруге қажетті кенді алу үшін арнайы параметрлер бар. Жүк көліктері кенді үймелі сілтісіздендіру панельдеріне жеткізеді. Бұл жерде №21-ші САТ бульдозері оны қабылдайды. Бульдозердің операторында да Leica жүйесіне қосылған арнайы бағдарламасы бар. Ол арқылы қай белгілемеде және қандай еңіспен жоспарлау керектігі көрсетілген. Кен салынған жерді қопсытып, оксидті кенді қайта өңдеу кешеніндегі әріптестерімізге тапсырамыз. Олар бұл жерде өздерінің құбырларын құрастырады. Сосын қышқыл себіліп, сұйық мыс катодты мыс өндірісіне кетеді. Ал бағана айтқанымдай сульфидті кен жүк көліктерімен алғашқы үгіту қондырғысына жеткізіледі. 

- Түңгі ауысым қалай тамақтанады? 

- Оларды түнде тамақтануға жеткізеді. Асхана тәулік бойы жұмыс істейді. Күндізгі сияқты түнде ас ішуге арналған үзіліс он бір жаырмда басталады. 

- Ал адамдарға түнде немесе күндіз жұмыс істеуде айырмашылық бар ма?

- Мұндағы қызметкерлер көпті көрген тәжірибелі мамандар. Олар кеніштің тәулік бойы, жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеуіне үйреніп қалған. Сондықтан күндіз болсын, түнде болсын емін-еркін жұмыс істей береді. 

- Ауысым болғанда нақты адам бегілі бір көлікке бекітіле ме?

- Әр оператор нақыт бір көлікке жауапты. Ол оған қызмет көрсетіп, бақылауы тиіс. 

- Қызмет көрсету жиі жүргізіле ме?

- Механиктер бөлімінде техникалық қызмет көрсетудің кестесі бар. Олар қашан және қандай тораптарда майларды, сүзігілерді ауыстыру керектігін, қашан диагностика жасау керектігін жақсы біледі. 

- Ал машина жөніделіп жатқанда оператор немен айналысады? Ауысымға шықпай ма, әлде жөндеуге қатыса ма?

- Қажет болса, жөндеу жұмыстарына араласады. Кейде басқа техникаға ауыстырамыз. Бізде мультиоператорларды оқыту бағдарламасы бар. Оның тәмамдаған маман қосалқы техникаларда жұмыс істей алады. 

- Әріптестеріңіз, жалпы тау-кен департаментінің құрылымы туралы айтып берсеңіз. Қанша адам жұмыс істейді? 

- Бүгінгі күні 160 адам жұмыс істейді.

- Сіздерде учаскелерге немесе бригадаларға бөліну бар ма?

- Біз бригадаларға бөлінбейміз. Төрт ауысым бар. Әр вахтада екі ауысым, яғни күндізгі және түңгі ауысым бар. Әр ауысымда экскаваторшылар, тиеу машиналарының машинистері, жүк көліктерінің операторлары, бұрғылау қондырғыларының  және қосымша техниканың операторлары, бульдозерлердің операторлары және т.б. бар. 

- Операторлардың вахта мерізімінде айырмашылықтар бар ма? 

- Жоқ, барлығының мерзімі бірдей - 15 те 13. Біз вахтаға түскенде бір апта түнде жұмыс істейміз. Жетінші түнді атқарған соң келесі тәулікте күндіз шығамыз. Ол өте ыңғайлы. Кейде адамдарға оқыту орталығына бару керек немесе қосымша оқытудан өту керек. Айталық, қауіпсіздік техникасы бойынша.  Бірлеудің құжат рәсімдеу, киім ауыстыру немесе жай ғана демалу сияқты қажеттіліктері бар ғой. 

- Сонда вахтадан вахтада, ауысымнан ауысымға адамдар сол адамдар бірге бара ма?

- Дәл солай. Бір команда болып жұмыс істейміз. Бәрі бірін-бірі жақсы біледі. Әр ауысым бір отбасы іспеттес. Себебі, өмірінің көп бөлігін осы жерде, жұмыста өткізеді. Жұмыстан тыс уақытта да қарым-қатынастары жақсы. Бұл жағдай жұмысқа да әсер етеді. Командалық жұмыс - компаниямыздың құндылықтарының бірі. Көп қызметкерлерге вахталық әдіспен жұмыс істеген ұнайды. Біреудің қосымша шаруасы бар, енді біреулер мұндай режимге үйреніп қалған. Бір кемшіл тұсы - отбасымен қарым-қатынаста аздаған кедергілер бар. Мәселен, менің ұлым 18 жаста. Оған мұқият қарау керек. 

- Қызметкерлердің құрамына қатысты не айтар едіңіз? 

- Операторлардың басым бөлігі Қостанай және Қарағанды облысының, Балқаш өңірінің тумалары. Негізінен тау-кен кәсіпорындары бар өнеркәсіптік өңірлерден келген. Кәсіби деңгейін алсақ, біздің операторлар кез-келген кеніштің қызметкерлерімен бәсекелесе алады. Ал техника жаңа болғандықтан оларды симуляторлар арқылы оқытамыз. Онда түрлі жағдайларда, яғни күн, түн, туман, көктайғақ кезінде жұмыс істеуге үйретеміз. Түрлі төтенше жағдайларда кезінде жұмыс істеуге де машықтаймыз. Тренерлер карьерге де келеді, нақты жағдайлар аясында іс-әрекеттерді көрсетеді. 

- Еңбек жағдайлары мен еңбекақы жағынан қарағанда мұндайғы деңгей қандай? 

- Еңбек жағдайлары, тұрмыс мәселелері және әлеуметтік пакет аясынан алғанда Қазақстан мен Ресейде бізге тең келер кәсіпорындар жоқ деп ойлаймын. Мен ресейлік көптеген кәсіпорындарда болғам. Кемеров өңіріндегі ірі кеніштерді көрдім. Тұрмыстық жағдайы мен әлеуметтік пакеті мұндай жақсы емес. Қазақстанда да мұндай кеніштер жоқ. 

- Тау-кен департаментіндегі кадрлар тұрақты бар ма?

- Бүгінгі күні біз ең тұрақты департаменттердің біріміз. Мен жұмыс істегелі бері, бір жарым жыл ішінде ешкім жұмыстан кеткен емес.  

- Ал команда толығымен қалыптасты ма?

- Соңғы учаскеге жүргізушілерді ақпан-наурыз айларында қабылдады қателеспесем. Жоспар бойынша шілде-тамыз айларында қосымша техника, яғни бір экскаватор, үш жүк көлік, бұрғылау қондырғысы, бульдозерлер келуі тиіс. Қосымша адамдарды күзде қабылдайтын шығармыз. Ал негізінен командамыз толықтай қалыптасты деуге болады. 

- Операторлардың орташа жасы қандай?

- 35 жас шамасында.

- Менің түсінгенім бойынша операторлардың көпшілігі жүк көліктерін басқарады. Caterpillar туралы не айта аласыз?

- Карьерде кенді негізінен Caterpillar-785 көліктерімен тасымалдаймыз. Бұл көліктер өздерін жақсы көрсетті. Маған ұнайды. Өзінің салмағы жүз тоннадан сәл ауыр болғанымен 140 тоннаны тасымалдай алады. Яғни өзінен ауыр жүкті көтереді. Сенімді, заманауи машина. Оператордың жұмысын жеңілдету үшін төрт жағын камералар бар. Сонымен қатар өзіне өзі диагностика жасай алады. Қандай да бір ақаулар пайда болса, машина өзі тоқтайды. Ал диспетчер оны көріп отырады. 

- Жанармайды көптеп жағатын шығар?

- Жүктемесіне байланысты сағатына 70-130 литр дизель отынын жағатын. Орта есеппен сағатына 90 литр кетеді. Сонда бір ауысымда бір көлік 900 литр жанармай жағады. Ал оның багы 1900 литрге есептелген. Жанармай құю жағын да диспетчерлер қашықтықтан бақылайды. Олар өздерінің жұмысы туралы толығырақ айта жатады. 

Біздің редакциялық командамыз диспетчерлік пунктке жол тартты.

 

- Таныс болыңыздар, біздің диспетчерлер - тау-кен диспетчері Тамара Борисенко және өндірістік учаске бастығының орынбасары Асхат Ибрагимов. Асхат қазір мұнда тағылымдамадан өтіп жүр. Тамара Алексеевна тау-кен жұмыстары басталғалы бері бізде жұмыс істейді. Тәжірибелі, әрі диспетчерлік дайындығы жақсы адам. Қазақмыстың құрамындағы "Қарағандытүстімет" ӨБ жұмыс істеген. Сосын бізге орналасты. 

- Диспетчердің жұмысы, – деп сөз алды Тамара Борисенко, – бұл барлық жедел ақпарат келіп түсетін және карьердің жұмысын үйлестіретін қызу жұмыс орны. Үнемі рация мен телефонға жақын болу керек. Бір жаққа шықсанда оларды алып жүресің. 

- Leica диспетчерлік жүйесі нені бақылайды? Оның негізгі қызметі қандай?

- Картадан біз карьерді игерудің сатыларын жақсы көріп тұрмыз. Олар бірінші саты, үшінші саты, екінші сатыда әлі жұмыстар басталған жоқ. Мұнда біз тиеу техникасынан бастап, жүк түсіру орнына дейінгі бүкіл қозғалыс бағыттарын көріп тұрмыз. Жүк түсіру орны да әртүрлі болуы мүмкін. Айталық, табиғи үйінді, ҮСП немесе үгіткіш. Жоспарлау бөлімі, геологтар, маркшейдерлер сияқты барлық бөлімдермен бірлесіп жұмыс істейміз. Олар уақытылы түрде бұрғылауға арналған ақпаратты, грейдтер туралы мәліметтерді бұл бағдарламаға енгізеді. Бұл жүйе арқылы біз қай жерде қандай тау-кен массасы бар екенін көреміз. Айталық, мынау жасыл түспен боялған - ол ол оксидті кен. Біз оны үймелі сілтісіздендіру алаңына апарамыз. Қызыл және сары түс - сульфидті кендер. Оны үгіткішке жеткіземіз. Көк түс ол жыныстар және т.б.  

Біз Leica жабдықтары орнатылған барлық карьерлік техниканың қозғалысын бақылай аламыз. Қашықтықтан жүк көлікке тиеуге, жанармай құюға, механиктерге баруға немесе тұраққа баруға тапсырма бере аламыз. Бір сөзбен айтқанда бұл бағдарлама бүкіл карьердің жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. 

- Сонда әрбір машина туралы мәлімет бар ма?

- Әрине. Бұл операторлармен бірге атқарылатын жұмыс. Оларға көп нәрсе байланысты. Операторлар дұрыс, әрі уақытында қандай жағдайда екендіктерін көрсетуі керек. Мәселен, көлік жұмыс істеп тұр ма, күтіп тұр ма немесе жанармай құю туралы және мотосағаттар туралы ақпарат енгізуі керек. Өте қолайы, әрі керек бағдарлама. Мәліметтер базасын үнемі жаңартып отырамыз. Оны бізбен қатар, басқа бөлімдер де пайдаланады. Ол болашақтағы жоспарлау мен талдауға таптырмас дүние. Ал мәліметтерді дұрыс енгізуге біз жауаптымыз. 

- Арнайы шақырту сөздеріңіз бар ма?

- Иә, бар. Мені "тау-кен диспетчері", "диспетчер" немесе "Тамара" деп шақырады. Бір ауысымда жұмыс істейтін адамдар мені дауысыман таниды. Ал мен оларға техниканың нөмірін айтып хабарласам. Оператордың есімін де қоса айтамын. Мысалы: «23-ші жүк көлік, Марат, диспетчерге жауап беріңіз». 

- Ал жанармай қандай деңгейде болғанда техниканы жанармай құюға жібересіздер? 

- 15% қалғанда. Әрине, ертерек жіберуге де тырысамыз. Карьерлік техниканың жанармай құюға жіберу кесетсі бар. Соған сәйкес жұмыс істейміз. Темір табан техникаға жұмыс орнында құямыз, ал доңғалақты техника стационарлы жанармай құю орнына баруы керек. Кейде доғалақты тиегішке жұмыс орнында құятын кездер болады. Ол үшін келісіп, қай жерде ыңғайлы сол жерге апарамыз. Жанармай құюды өндіріске кедергі келтірмейтіндей етіп жүргізуге тырысамыз. Тек күндіз ғана құямыз, ал түнгі ауысымға техника сақадай сай болуы тиіс. 

- Мұнда тағы бір мониторды көрі тұрмын. Алғашқы үгіту қондырғысының мәліметтерін көріп отырасыздар ма?

- Дұрыс айтасыз. Бункердің жүктемесін, кенді үгіту қоймасындағы конустың биіктігін көреміз. Қазір оның жүктемесі  96,5%. 97%-ға дейін күтіп, жүк көліктерін жолдаймыз. Себебі, 97-98% ол ең жоғары шебі, олан артық қабылдай алмайды. Сонымен қатар үгіткіштегі бағдаршамдарды көріп тұрмыз - оң және сол. Оны жүк көліктерінің операторлары да көреді. Бұл бағдаршамдар оңтүстік немесе солтүстік жағынан келу керектігін көрсетеді. Бұл процессті алғашқы үгіту операторы басқарады. Біз бұл жерде көрерменбіз. Үгіткіш бойынша мен ешқандай түзетулер енгізе алмаймын. Мен тек карьердің жұмысын үгіткіштің жұмысына сәйкес реттеймін. 

- Әдеттен тыс жағдайларды қалай шешесіздер?

- Бұл өндіріс болғандықтан, қауіпті екендігі түсінікті. Әрине, мұнда әртүрлі төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін, бұған қоса біз апаттық диспетчер қызметін де қоса алып жүреміз. Мына қабырғада біздің өндірістік нысандарда төтенше жағдайлар туындаған кезде бұл туралы хабарлау сызбасы көрсетілген. Бақытымызға орай, мен осы жерде жұмыс істеген уақыттан бері қатты жарақатқа әкеп соқтырған күрделі жағдайлар орын алған жоқ. Әскерилендірілген тау-кен құтқару отрядымен (ӘТҚО) бірлестікте жұмыс істейміз, Ақтоғай тау-кен байыту кешені (ТКБК) бойынша барлық жерде плакаттар ілініп, мұнда апаттық диспетчер түрінде біздің нөміріміз көрсетілген. Егер қандай да бір жерде әдеттен тыс жағдай туындайтын болса, оны байқағандар бізге қоңырау шалады. Судың ағуынан бастап өрт дабылдарының іске қосылуына дейінгі әртүрлі сипаттағы хабарламалар түсіп жатады. Осыған байланысты біз хабарлама сызбасы бойынша әрекет етеміз.

- Жұмыста қандай да бір қиындықтар бар ма, ең күрделісі қайсысы?

- Менің ойымша, қиындықтар әр жұмыста болатын сияқты. Күн сайын қандай да бір жаңа өндірістік сұрақ туындап отырады. Бұл ретте, біз шешілуі тиіс немесе бізге әлі ұшыраспаған қиындықтар туындаған кезде оларды өз тарапымыздан зерделеп, осының арқасында тәжірибе жинақтаймыз. Бірақ мұның барлығын жеңуге болады.

- Жауаптарыңызға рахмет, Сізге жұмыста сәттілік тілеймін!

Диспетчерлік бекетке барып қайтқаннан кейін біздің гидіміз Шынболат Сүлейменов бізді карьердің басқа жерлеріне де алып барды.

- Машинаның оксидті немесе сульфидті кендегі тасымалдау жұмыстарының қайсысына бекітілгеніне қарай тиеу нүктесі мен түсіру нүктесіне дейінгі ара қашықтық әртүрлі болар. Айталық, сульфидті кенге бекітілген өздігінен түсіргіш машинаның операторы бір ауысымда неше рейс жасай алады?

- Бірінші кезеңде бізде көбінесе сульфидті кенді игеру жүреді.  Бір рейске орташа есеппен 8-10 минут кетеді. Енді есептейтін болсаңыз, жүк көлігінің операторы бір сағатта алты рейс жасай алады. Мұнан бір ауысым ішінде 60 рейс жасауға болатындығы шығады. Шоғырлы сілтісіздендіру панельдеріне дейінгі ара қашықтық ұзақ болғандықтан, рейстердің де саны аз.

- Менің түсінгенім бойынша, жалақы рейстер санын ескерместен, уақыт негізінде төленеді. Дей тұра, операторлардың арасында қандай да бір бәсекелестік, жасырын сайыс бар ма?

- Ондай жоқ. Бұған қоса, операторлар Leica бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бұл бағдарлама жылдамдық режимінде уақыт ұту мүмкін болған жағдайда, операторларға қайда бару керектігін көрсетеді. Бірақ, әрине, тау-кеншінің іскерлік қабілеті көп жұмыс тындыруға итермелейді.

- Өздігінен түсіргіш машинаның операторларының бірімен сөйлесуге болады ма?

- Иә, әрине. Бүгінгі ауысымда тау-кен жұмысшыларының ішінен өздігінен түсіргіш машинаның операторы қызметіне тағайындалған жергілікті Ақтоғай ауылының бірінші әрі ағымдағы уақыттағы жалғыз жүргізушісі Біржан Нұралин жұмыс істеуде. Бұл адамның осы компанияда қызмет бабымен қалай көтерілуге болатындығының жақсы мысалы. Оны мен бірден ұнаттым. Мен оны бірінші рет көрген кезде, қыста осы жерге, шоғырмен шаймалау учаскесіне реттеуші-дабылшы қызметіне орналастырған едім. Қолына жалауша мен рация бергенмін. 30 градус аязда бүкіл ауысымды атқарып шықты. Елгезек жігіт. Өзін жақсы көрсете білді, кез келген жұмысты істеп отырды. Сосын осы жерде өздігінен түсіргіш машинаның операторы қызметінің қыр-сырын меңгеріп алды. Өзінің қалауымен практикадан өтті, қазір өз бетімен 785-өздігінен түсіргіш машинада жұмыс істейді. Қаласаңыз, сізді де машинасымен жүргізіп қайтар.

Біз жүк көлігінің операторы Біржан Нұралинмен әңгімелесудеміз.

- Ақтоғайда қашаннан бері жұмыс істеп келесіз?

- Биыл екінші жыл. Тау-кен жұмысшысы болып қызметке орналасқанмын.

- Өздігінен түсіргіш машинаға қашан отырдыңыз?

- Төрт ай бұрын. Басында симуляторда оқытудан өттік, сосын емтихан тапсырдық. Үш ай оқыдым, сосын практикадан өту тағы бар.

 - Өздігінен түсіргіш машинаны басқару ұнайды ма?

- Әрине ұнайды, ыңғайлы. Қуатты әрі сенімді машина. Басқару онша қиын емес. Мұнда автомат беріліс қорабы орнатылған. Төрт камера бар. Барлығын көре аласың. Диспетчермен тұрақты байланыс орнатылған.

- Ауылдан сізбен тағы біреулер жұмыс істейді ме?

- Осы жерде майнингте ақтоғайлық үш адам жұмыс істейді. Екеуі тау-кен жұмысшысы. Біреуі мен сияқты жүк көлігінің операторы мамандығын меңгерген, бірақ жұмысқа орналастыру туралы бұйрық әлі шыққан жоқ. Жалпы алғанда, мен Ақтоғайдан шыққан жүк көлігінің алғашқы операторымын.

- Бүгін неше рейс жасадыңыз?

- Бұл, қателеспесем, жиырма үшінші.

- Ауысым соңына дейін қанша рейс жасауды жоспарлаудасыз?

- Әртүрлі. Бүгін мен оксидті кенді тасымалдаудамын. Жолда асулар аз болса, 40 рейс жасауға да болады.

- Ауысымдағы он сағатта шаршамайсыз ба?

- Жоқ, етім үйреніп қалған.

- Креслоңыз серіппелі ме?

 - Иә, алдыға және артқа реттеуге болады, арқалығын да шалқайта аламын, рөлдің қалпын да реттеу мүмкіндігі қарастырылған.

- Мұнда қандай аудиожүйе орнатылған? Ән тыңдайсыз ба?

- Иә, жад құрылғысы арқылы.

- Осындағы тұрмыстық жағдайды қалай бағалайсыз?

- Ұнайды. Төсек-орын таза, апта сайын ауыстырады. Аптасына екі рет таза орамал береді. Тұратын жерді күн сайын тазалайды. Арнайы жұмыс киімін екі күнде бір рет химиялық тазалауға береміз. Бөлмеде «химиялық тазалауға» жазуын қалдырсаң болғаны, өздері алып кетеді де, кешке барлығын тазалап, үтіктеп алып келеді.

- Жұмыста ең қиындық туғызатыны не?

- Мұнда қиындық дейтіндей дәнеңе жоқ, жұмысқа ниетің болса жеткілікті, барлығы қарастырылған.

- Қателеспесем, үйіңіз жақын маңда. Вахта кезінде үйге барып, түнелтіп қайтқыңыз келмейді ме?

- Жоқ, вахтаға сеніммен қарағанымыз жөн. Ереже бәріне ортақ. Бұл жерге демалуға емес, жұмыс істеуге келдік.

- Отбасы, бала-шағаңыз бар ма?

- Иә, әрине. Қызым тоғызыншы сыныпта оқиды. Осында, Ақтоғайда.

- Вахта арасындағы демалыста үйде немен айналысасыз?

- Үй жұмысымен, бау-бақшаға қараймын.

- Әңгімеңізге, машинаңызбен алып жүргеніңізге рахмет!

- Шынболат Шәкімұлы, сізден әмбебап операторларды оқыту бағдарламасы туралы естіп қалдық. Сол туралы бірер мағлұмат бересіз бе?!

- Кез келген оператор өзге мамандықты меңгере алады. Мұны тоғыспалы оқыту деген жөн болар. Осы бағдарламадан сәтті өткендерге тарифтік мөлшерлеменің 20%-ы түріндегі қосымша ақы беріледі. Әрине, бұл оператордың өз қалауына байланысты. Оператор мұндайға талпыныс білдірген жағдайда, біз оқыту орталығына тапсырыс береміз. Мұнда ол 500 сағат теориялық және практикалық сабақтан өтеді. Белгілі бір тестілер тапсырады. Талап етілетін кәсіби деңгейге жеткен уақытта, біз оны өзге әріптестерінің қатарына қосып, өзге техникаға отырғызамыз. Оқыту мен жұмыс қатар жүреді. Әрине, курсты бірден, бір вахтада өте алмайсың. Қажет болғанда, оқыту орталығынан сұратылған жағдайда, біз жұмысшыны, айталық, жарты күнге босата аламыз.

Жалпы алғанда, адамдарды оқытуға біз мүдделілік танытамыз. Бүгінде карьер кешенді жұмыс орны болып табылады. Мәселен, жер бетін тегістейтін грейдершінің жұмысының маңыздылығы өздігінен түсіргіш машина операторының немесе экскаваторшының жұмысынан төмен деп айта алмайсың. Жерді тегістей білу де өнер. Грейдерші қарсы көлбеулік жағдайында қарапайым бұрылыстар мен шұғыл бұрылыстарды жақсы тегістей алуы тиіс. Мысалы, біз қыста  жолға ұсақталған тас төгеміз, мұндайда артта келе жатқан грейдерші пайдасыз жұмысты болдырмау мақсатында аталған материалды жоғалтпауы тиіс.

Тегіс әрі жақсы күйдегі жол еңбек өнімділігінің жоғары болуына жағдай жасайды. Бұл ретте шиналардың жүріс мерзімі мен қауіпсіздік деңгейі артады. Жақсы күйдегі жолдарды, тиеу және түсіру алаңдарындағы тиімді жағдайларды қамтамасыз етудің маңызы зор. Сондай-ақ жолдардың жақсы күйде болуы техниканың карьерде жылжу жылдамдығына да әсер етеді. Өз кезегінде, жылдамдық жұмыс өнімділігіне әсер ететін факторлардың бірі саналады. Бізде өздігінен түсіргіш машиналардың карьерде қозғалу жылдамдығы 42 км/сағ құрайды. Экскаватордың немесе өздігінен түсіргіш машинаның, жалпы аланда кез келген техниканың жұмыс өнімділігі неғұрлым жоғары болса, олар тасымалдайтын зат текшесінің өзіндік құны соғұрлым төмен.

- Бұл бульдозершілердің жұмысына да қатысты ма?

- Әлбетте. Олар карьерде көп жұмыс атқарады. Бізге бұрғылау блоктарын, кенеулі жер қабатын дайындайды, бұған қоса кен жамылғысына дейінгі аралықты қамтитын жер бетіндегі сазды бульдозермен аламыз. Қопару, бір жерге үю жұмыстарын да бульдозерлермен орындаймыз, сосын осы сазды арнайы үйіндіге жеткізу үшін тиейміз. Шоғырмен шаймалау пунктінде де бульдозершілер жұмыс істейді. Жылдың суық маусымында қосымша техниканың рөлі арта түседі. Үнемі көктайғақта тас себуің, қармен күресуің керек. Кенжар бөлігінде қиындықтар туындап жатады. Оның үстіңгі қабаты қатып қалса, экскаватормен қыршу кезінде ірі өлшемді мұз құлауы мүмкін. Сондықтан біз кенжардан мұндай ірі өлшемді мұздарды түсіру кезінде экскаваторды зақымдап алмау, сондай-ақ оның жоғары өнімділікпен жұмыс істеуі үшін ол жерге алдын ала шынжыр табанды бульдозер

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов