KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Көліктер жаңарды

24.01.2017

Қарау саны: 55

; assetEntryID = 710523

"ВостокАвтоТранс" филиалы өндірістегі өзіне тиесілі мерзімін өткен автокөліктерді сата бастады. Кез-келген адам арзан бағамен бұл көліктерді сатып ала алады. Ал сатылымға қойылған техниканың орнына компания қазірдің өзінде 22 Toyota Fortuner мен Toyota Hilux автокөліктерін, 3 КАМАЗ жүк көлігі мен бір НЕФАЗ жанармай таситын көлігін сатып алды. Жүргізушілер мен көлік учаскелерінің бастықтарына жаңа көліктердің кілттерін салтанатты жағдайда "Шығыстүстімет" ЖШС-нің басқарма төрағасы Ильсур Даутов тапсырды.

«Егер техникаға лайықты деңгейде көңіл бөлсең ғана ол ұзақ мерзім мүлтіксіз қызмет етеді. Сондықтан барлықтарыңыздан сеніп тапсырылған мүлікке мұқият болуларыңызды сұраймын. Біз көлік саласына қатысты ауқымды жоспарларды іск асырмақшымыз - жыл соңына автопарктың 50% жаңартамыз. Енді көліктер әбден тозғанша күтіп отырмай, уақыты келгендерін ауыстырамыз», - деді Ильсур Усманович.

Су жаңа "темір тұлпарға" қол жеткізгендердің арасында Анатолий Седчин де бар. Ол өзінің еңбек жолының барлығын дерлік автобазада өткізген екен. 

Анатолий Федоровичтің қызметі маңызды - ол жанармай тасымалдайтын көлікті басқарады: «Мен үнемі қауіпті жүктерді тасымалдайтынмын. Жарлығыш заттар да болды, түрлі реагенттерді де тасыдым. Оттегі де болған жүк арасында. Бір жақсы түсінгенім бар. Әрдайым барлық нұсқаулықтарды орындау қажет және көлігің сақадай сай болған жөн. Ал ескі көлік қалайша әрдайым дайын болады? Әрине, үнемі қарап, тексеріп жүрсен, бәрі дұрыс болады. Дегенмен жаңаның аты жаңа ғой. Маған жаңа көлікті тапсырды. Бұған дейінгі көлікпен 10 жылдай жүрдім. Жаңа көлік керемет! Оның цистернасы да үлкен. Сонымен қатар әртүрлі жанармай түрлерін тасымалдауға арналған екі бөлімшесі бар».

"Шығыстүстімет" ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында ВостокАвтоТранстың Жезкент, Белоусовка кенттері мен Шемонаиха және Өскемен қалаларындағы көлік учаскелеріне жаңа машиналар тапсырылды. "ВостокАвтоТранс" филиалы өкілдерінің айтуынша, жаңа көліктер қауіпсіздік деңгейін арттырып, көлік қызметтерін көрсету тапсырыстарын орындаудың сапасына да оң әсерін тигізеді. 

Бұған дейін "Шығыстүстімет" ЖШС-де 2004-2006 жылдары шыққан және осы күнге дейін 700-800 мың км жүрген автокөліктер пайдаланылып келді. Жиі іссапарлар  мен өңірдегі жолдың нашар жағдайын ескерсек, көліктер ұзақ уақыт бойы жөндеуді талап ететін. Айта кетейік, әдетте өндіруші зауыт көліктерді 8 жыл көлемінде пайдалану туралы кеңес береді. Ал шын мәнінде бұған дейін филиалдағы көліктер 10-14 жыл бойы қолданыста болды. 

«Екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде біз автопартың үштен бір бөлігін жаңарттық. Алдағы міндет - бұл қарқынды бәсеңдетпей, ескірген көліктерден толықтай құтылу. Бүгінгі іс-шара сол жұмыстың айғағы шығар. Қауіпсіздікті артырып, қосалқы бөлшектерді сатып алудың жеңілдету үшін біз Toyota және Нива көліктеріне көшуді жоспарлап отырмыз. Бұл техникаға қызмет көрсетуді жеңілдетіп, жөндеу жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді», - дейді «ВостокАвтоТранс» филиалының директоры Ерлан Сергебаев.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта "ВостокАвтоТранс" филиалының көлік учаскелеріндегі ғимараттар мен құрылыстарда белсенді түрде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов