KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Көңілді жастар бас қосты

14.11.2016

Қарау саны: 20

; assetEntryID = 712975

"Шығыстүстімет" ЖШС көңілді және тапқыр қызметкерлері Жастар одағы ұйымдастырған КТК-2016 фестивалінің өңірлік ойындарында кездесті. Көңілді ойындар Усть-Таловка кентінде өтті. Бұл іріктеу кезеңдерінің ойындары және осы жарыста озып шыққан екі команда Қарағанды қаласына барып, компания намысын қорғайтын болады.  

Бұл іріктеу кезеңіне «НВК» (ОӨК), «Арт-Портал» (Артемьев шахтасы), «Дизель» (АӨК ТКК), «Гаврики из фабрики» (НБФ) және «Фабрика звёзд» (ЕӨК) сияқты тәжірибелі командалармен қатар «Пятый элемент» (ВостокАвтоТранс) және «Maximum» (ОӨК) сынды жас командалар да белсенді қатысты. 

Ойындар көңілді және тапқырлар клубының барлық шарттарына сәйкес өтті. Қалжыңдар, репризалар және шағын қойылымдар қазылар алқасының жіті назарында болды. КТК саласында тәжірбиесі бар алқа мүшелері командаларға өз кеңестерін берді.

«Шындығын айтсам, әлі де шыңдалар дүниелер аз емес. Кейбір командалар біреудің ойлап тапқанын пайдаланып жатты. Бұлай жасау оңай екені түсінікті. Дегенмен біреудің туындысын алған екенсіздер, оны өздеріңізге лайықты етіп өзгерту керек еді. Командалардың құрамында бүкіл ойын барысында дем беріп, ойынды қызждыра түскен жұлдыздар да бар. Жалпы алсақ, жақсы ойын болды. Рахмет сіздерге!», - деді Константин Буднецкий, бұрынғы ойыншы, Шемонаиха ауданы жастар ресурстық орталығының директоры.

Дегенмен қазылар алқасы да, көрермендер де ойыншылардың өнеріне риза болғандарын жасырмады. 

«Маған бәрі өте ұнады. Күлкі, қалжың арқылы көкейтесті проблемалар көтерілді. Нағыз КТК осындай болуы керек! Жарайсыңдар! Сіздерден жастық қуат алғандай болдым. Командалардың ауызбіршілігі мен достықтарына көз тоймай, риза боласын. Сіздерді құттықтай отырып, ойындарда үнемі табыс тілеймін», - деп лебіз білдірді Оксана Обухова, Усть-Таловка кентінің Балалар өнер мектебі директорының орынбасары.

Өңірлік ойындардың нәтижесі бойынша бірінші орын алған «Арт-Портал» және күміс жүлдегер - «НВК» командалары келесі кезеңге жолдама алды. Ал «Фабрика звезд» командасы келесі айналымға өтпесе де, үшінші орын мен көрермендер көзайымын жеңіп алды. Жастар одағы жеңімпаздарды сыйақылармен, ал қатысушыларды жұбаныш сыйлықтармен марапаттады.

«Мен командам үшін өте қуаныштымын. Біз жеңіс жолында көп тер төктік. КТК ойындарына қатысып жүргенімізге 7 жылдай болып қалды.  Кейде ұйымдастыруымыз дұрыс болмады, біресе музыкалық жағынан ағаттық кетті.  Бірақ біз мойымадық. Сөйтіп, жеңіске жеттік. Команданың құрамы да өте маңызды. Биыл өте талантты, әрі көңілді жастар жиналып қалыпты. Барлығымыздың мінезіміз де, мамандығымыз да әртүрлі.  Айталық, командамызда слесарь, шахтёр, машинист, маркшейдер, лаборант, оператор сияқты мамандар өнер көрсетті. Біз өндірісте жүргендей ойын барысында да жұмыла білдік. Қанша өзімізге сенімді болсақ та, нәтижелер шыққанда күтпеген тосынсый болды!», - деп ағынан жарылды Алтынбек Смағулов, АӨК компрессорлық қондырғылардың машинисі, «Арт-Портал» командасының капитаны.

Жеңімпаз командалардың мүшелері атап өткендей - оларға жүктелген жауапкершілік зор. Алда бұдан да қиын ойындар күтіп тұр. Дегенмен біздің қыз-жігіттер өздеріне сенімді.

Татьяна Маер,

Усть-Таловка

 
0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов