KAZ Minerals өзінің қызметкерлеріне және сыртқы аудиторияға арналған медиа өнімдерді шығарады.

null Қайыр қыл

03.05.2016

Қарау саны: 0

Редакциямызға Бозшакөлде вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерден мақала келді. Авторлығын сақтап отырып жариялаймыз.  

 

 

 

 

 

 

"Қайырымдылық - мұқтаж жандарға риясыз көмек". Бұл ұстаным көптеген анықтамаға ие және оны әркім әртүрлі түсінеді. Біреулердің ойы бойынша балалар үйлеріне, қарттар үйілеріне, мүгедектерге арналған мекемелерге мемлекет көмек беру керек деп санайды. Ал біреулер өз күшімен көмектеседі. Біз адамдардың бір-біріне көмек жасағанын қалаймыз

Наурыз мейрамына орай «Kazakhmys Projects B.V.» компаниясы филиалының қызметкерлері қайырымдылыққа қаржы жинады. Бұл қайырымдылық акцияға басшылық жасап, бастама көтерген Гүлназ Жанпейісова, KPBV компаниясының жетекші инженер экологы. 

Көмек көрсететін балалар үйін таңдаумен қатар, қызметкерлер ақша жинап үлгерді. Сөйтіп, таңдаужетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған Песчанка №2 мектеп-интернатына таңдау түсті. Себебі бұл жерде басқа мекемелермен салыстырғанда балалар милық салдану ауруына шалдыққан балалар көбірек тәрбиеленеді. 

Мектеп директоры Ләззат Исакаевамен хабарласқаннан соң, балаларға барамыз деп шештік.  Мектеп-интернат Павлодардан 100 км қашықта Омбы жолының бойында орналасқан. Мектепте бізді жылы қарсы алды. Директор балалардың «Жұлдызай-2015» және «Special Olympic-2015» (Лос-Анджелес, АҚШ) конкурстарындағы соңғы жетістіктері туралы айтып берді. Біз балаларға шынымен көмек керек екендгіне көз жеткіздік. 

Қажетті аяқ киімдердің саны жиналған қаражаттан көп болғандықтан біз көмек сұрап «NFC Kazakhstan» компаниясына хабарластық. Олар да ақша жинады. Нәтижесінде 88 спорттық аяқ киім сатып алдық. 

Мектеп-интернатында 6-17 жас аралығындағы 88 бала тәрбиеленеді. Оларды 27 мұғалім мен 27 медбике тәрбилейді

Фотосуреттегі барлық туындыларды балалардың өздері жасаған. 

Іс тігу, ұсталық курстарынан басқа мұнда метал өңдеу бойынша сыныптар жұмыс істейді. Би сабақтары мен салтанатты шаралар өтетін акт залы бар. 

Балалар үйінде «Непоседа» атты би тобы бар. Тәрбиеленушілер өңірлік және республикалық би конкурстарына қатысады.

Өкінішке қарай, қайырымдылық пен мейірімділік біздің қоғамда әрбір адамға тән қасиет емес. Көмекке, тіпті кейде жай ғана жылы лебізге мұқтаж адамдар бар екенін байқамайтын немесе байқағысы келмейтіндер көп арамызда. Қазіргі қиын заманда біз қайырды болуды ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Кейде адамдардың бір-біріне деген қатыгез қатынасын да көріп жүрміз. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін бір-бірімізге шыдамды, мейірімді болуымыз қажет».

Айнагүл Дүйсенбаева, Бозшакөлдің экологы

 

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов