KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Құндылықтар ерледі

08.11.2016

Қарау саны: 26

; assetEntryID = 713243

Биыл KAZ Minerals Тобы HR-бренд жыл сайынғы сыйлығына қатысып,  "Корпоративтік құндылықтар" жобасы үшін бас номинация - "Әлем" бойынша үшінші орынды иеленді. Қатысушылар арасында жобалары Қазақстанда және әлемдік деңгейде жүзеге асқан компаниялар болды.

«Менің ойымша жыл бойы KAZ Minerals Тобы қызметкерлерінің корпоративтік құндылықтарды жасау, енгізу және қабылдау жөніндегі жұмысы айтарлықтай болды. "Әлем" номинациясына бізді ұсынып, бұл сайыстың үшінші орнын берудің өзі біз үшін үлкен жетістік.  Мұндай деңгейде атап өту басшылар мен оқытуды жүргізген мамандардың, Топ қызметкерлері тиісті деңгейде хабардар болуы үшін қыруар жұмыс атқарған барлық қызметкерлердің еңбегін атап өту деп білемін. Құндылықтарды енгізуге атсалықан жандардың өзі осы құндылықтарды сақтауда үлгі болды деп сенемін. Лайықты жүлдемізді алдық. Біз корпоративтік құндылықтарымызды мақтан тұтамыз және олардың компаниямызда табысты енгізілгенімен мақтанамыз. Құрметті әріптестер, сіздерді бұл жүлдемен шын жүректен құттықтаймын!», - деді Пол Гахаган, Топтың қызметкерлерді басқару жөніндегі директоры.

«HR-бренд сыйлығы» - жұмыс берушінің абыройын сақтау және көтеру жұмысы үшін берілетін Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз жыл сайынғы сыйлық. Биыл сайыс 4 рет өтіп отыр. Оған 22 компания қатысқан. Өтініштерді Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстанның 10 тәуелсіз сарапшылар бағалады.  Барлығы 3 номинация болды: "Әлем", «Астаналар» (Астана және Алматы қалаларында іске асқан жобалар) және «Қазақстан» (өңірлік деңгейде Қазақстанда іске асқан жобалар). Сыйлықтың құрылтайшысы Headhunter Kazakhstan. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов