KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Құнды жобалар

07.04.2017

Қарау саны: 97

; assetEntryID = 705575

Алматы қаласында өткен жылдың қараша айында корпоративтік құндылықтар саласында жарияланған «2016 жылдың үздік жобалары» атты конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Бұл конкурсқа KAZ Minerals Тобының жеке немесе топтық жобаларды іске асырған қызметкерлері қатыса алды. Басты талап – жобалар корпоративтік құндылықтарға сай компанияның іс-қызметін жақсартуға және жетілдіруге бағытталған болуы тиіс. 

Барлығы конкурсқа 35 жоба қатысты. Жеңімпаздарды түрлі қызметтер мен департаменттердің қызметкерлерінен құралған сарапшылар алқасы анықтады.

Нәтижесінде бас жүлдені Бозымшақ КБК іске асырылған «Пит-Стоп» жобасы жеңіп алды. Бұл бейнетүсірілім арқылы кен байыту фабрикасының жабдықтарын жөндеу мен оларға қызмет көрсетуді оңтайландыру жөніндегі бірегей жоба. Жөндеу жұмысы аяқталған соң түсірілген бейнені қарау арқылы жүргізілген жұмыстарды талдаудан өтеді. Осы арқылы ақауларды, қателіктерді және жұмыстар барысындағы бұрмалаушылықтарды анықтауға болады. 

Жоба авторларының бірі және басты шабыт берушісі – Бозымшақ кен байыту фабрикасының директоры Алексей Ящук: «Жобаның идеясы 1950 жылы Идианаполисте «Формула-1» жарысының кезінде түсірілген «Пит-Стоп» бейнеролигін көру кезінде туындады. Бұл роликте жарыс көлігі жанармай құю, шиналарды ауыстыру, жедел жөндеу және техникалық жағдайды тексеру үшін тоқтайды».

Бейнені көру барысында жөндеу командасы өте баяу (тоқтау кезіндегі уақыт бір минуттан асып кетті. Ал жарыс кезінде ол өте ұзақ) және үйлесімсіз жұмыс істегені көрініп тұрды. Мәселен, 2013 жылы Формула-1 кезінде осы шаралардың барлығы не бары 4 секундта атқарылған. Осы ролик белгілі жұмысты табысты атқару үшін команданың барлық мүшелерінің көптеген жаттығуларда шыңдалған үйлесімді іс-әрекеті қажет екенін дәлелдейді. 

- Бозымшақта командалық жұмысқа көп көңіл бөлінеді. KAZ Minerals Бозымшақтың басшысы Ильяс Тулекеев дәл осы корпоративтік құндылықтың елшісі болғаны тегін емес шығар. Фабриканың ұраны мынадай: «Егер бір жерде ақау болса, ол барлығымыздың ұтылғанымыз, ал егер жеңіс болса, барлығымыздың жеңісіміз». Сол себепті марапаттау салтанатына да барлығымыз бір команда болып келдік. Мұнда карьердің де (кеніш директоры Игорь Волков, кеніштің бас механигі Юнир Пашахаев, жетекші механик Иван Морозов), КБК-нің де (КБК ӨТБ бастығы Ирек Зейнуров), кен байыту фабрикасының да (фабриканың ӨТБ бастығы Кошой Курманбеков) өкілдері бар. Біз барлығымыз «Пит-Стоп» жобасын іске асыруға қатыстық, – дейді Алексей Ящук.

Алексейдің бастамасымен Бозымшақ КБК-де үздік жобалар қатарына енген тағы бір жоба жүзеге асты. «Үздік дәнекерлеуші» – КБК-і дәнекерлеушілерінің кәсіби шеберлігін шыңдау үшін ұйымдастырылған бастамалы кәсіби конкурс. Сайыс барысында үміткерлер қолданбалы өнерін көрсетіп қана қоймай, арнайы билеттердегі теориялық сұрақтарға да жауап берді. 

Үздік үш жобаның қатарына «Басшыны дамыту бағдарламасы. Технология және көшбасшылық» (Ақтоғай карьері) жобасы да кірді. Ол кең профильді тау-кен инженерлерін дайындау мен оларды кәсіби дамытудың өндірістегі алғашқы бағдарламасы.  Бұл жоба туралы бастама көтергендер: Дуглас Чапман (карьер басшысы), Эрик Роллер (тау-кен бөлімінің бастығы) және тау-кен департаментіндегі өндірістік учаске бастығының көмекшісі Еркебұлан Қапан.

Жобаның басты мақсаты - құрылымдық бағдарлама арқылы болашақ көшбасшыларды дамыту. Оның аясында әр қызметкер өндірістік, тау-кен жұмыстарын жоспарлау, бұрғылау-жару бөлімдері және диспетчерлік қызмет сияқты төрт бөлімінің барлығында жұмыс істеп жүріп, білім алады.

Бір бөлімде оқудан өткен инженерлер екінші бөлімге ауысып, барлығында жұмыс істеп көреді. Мұндай тәжірибе мамандардың білімдерін әртараптандырып, бірлескен жемісті жұмысқа өте қажетті кәсіби және жеке қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі.

«Ақтоғайда корпоративтік құндылықтарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Себебі, қағазда жазылған ережелер қызметкерлердің санасында қалуы керек, - дейді Еркебұлан Қапан. - Бір мысал келтіре кетейін. Бұрғылау-жару жұмыстары бөліміндегі бір қызметкер вахтаға түнде келіп, бірден ауысымға барады. Сөйтіп, жұмыс барысында бір сәтке қалғып кетеді де, бұрғылау жабдығына зақым келтіреді. Көпшілік компанияларда мұндай олқылық үшін жұмыстан шығарып тастайды. Біз басқаша істедік. Адалдық, қауіпсіздік және кәсіби даму құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жаңағы қызметкерді қосымша оқытуға және қауіпсіздік техникасы бойынша қайталама курсына жібердік».

Үздіктер қатарындағы тағы бір жоба – Бозшакөл КБК-гі «Қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланып жұмыс істе» жобасы. Оның авторы – Анар Никамбаева, Бозшакөл КБК талдау-тексеру зертханасының бастығы. Жоба авторлары зертхананың әр қызметкерінің аты-жөнінің жанына «миньондардың» көздерін салған. Егер белгілі қызметкер қорғаныс көзілдіріктерін кимей жұмыс істейтін болса, ол көздердің бір жұбынан айырылатын (кез-келген адам бұрмалаушылыққа куәгер болса, плакаттағы көзді сызып тастай алады). Нәтижесінде плакатқа қарап, қауіпсіздік техникасын сақтамайтын жандарды анықтау болады. Осының арқасында қызметкерлер «атақты» болмас үшін көзілдірікті үнемі пайдалануға талпынады.

«Біршама уақыт бұрын "Зағип жандар әлемі" атты мақаланы оқыдым. Сол мақала арқылы жарық дүниені көзбен көру қандай бақыт екенін түсіндім. Бір өкініштісі көп жағдайда адамның орын алған жазатайым жағдайдың орнын алуға мүмкіндігі болған. Бірақ ол немқұрайлық танытқан», - дейді Анар Никамбаева.

Жоба авторының айтуынша, қауіпсіздік техникасы бойынша күнделікті жиналыстарға қарамастан бұрмалаушылықтар орын ала берген. Нақты айтсақ, кейбір қызметкерлер қорғаныс көзілдіріктерін пайдаланбаған.

«Сөйтіп, зерханада қорғаныс көзілдіріктерін киюге ынталандыратын бағдарлама керек екендігін түсіндім. Осылайша "Қорғаныс көзілдіріктерін қолданып жұмыс істе" жобасы пайда болды», - дедйі Анар.

Қазылар алқасы басқа жобалардың авторларын да арнайы сыйлықтармен марапаттады.

«Go Green» – қызметкерлерді басқару департаменті мен әкімшілік блоктың бірлескен жобасы. Оның мақсаты - кеңселік макулатураны сатып, оны қайта өңдеуге жіберу.

«Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев өндірістік кешені қызметкерлерінің кешенді спартакиадасы». Ол спорттық шараларды ұйымдастыру арқылы ұжымды біріктіру және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында іске асырылған. 2016 жылы 11 спорт түрінен өткен бұл спартакиадағы 432 адам қатысқан. 

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және кубоктармен марапатталып, екі күндік оқыту-ойын-сауық бағдарламасына және мерекелік кешке қатысты.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов