KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Кәсіби бағыттағы үздік

04.10.2016

Қарау саны: 32

; assetEntryID = 715023

Өткен демалыс күндері Өскемен қаласында  "Қайратты жастар-2016" облыстық конкурсы ұйымдастырылды. Бұл конкурсқа "Шығыстүстімет" ЖШС жас қызметкерлері де қатысты.  Биыл аталмыш конкурыс екінші рет өтіп отыр. Әріптестеріміз бұл сайыста екінші рет бақ сынады. 

Конкурс ережесіне сәйкес оған өңірдегі ірі кәсіпорындардың 18-30 жас аралығындағы қызметкерлері қатысады. 

«Мұндай сайыс өткізу өте керемет идея! Мұндай жобалар керегі сөзсіз. Біз сайыс барысында басқа компаниялардағы жастармен таныса алдық. Олардың шығармашылық мүмкіндіктерін де көрдік. Көңілді өтті!» - дейді Виктория Крячко, Ертіс өндірістік кешенінің қызметкері.

Конкурс Комсомол аралында өтті. Бұл жерде спорттық алаңдар бар, сонымен қатар осы маңайда сахна да орнатылды. Жарысқа қатысушылар "Жылдың спорттық командасы", "Кәсіби бағыттағы үздік алаң", "Үздік шығармашылық бағдарлама", "Қайратты жастар сұлтаны мен аруы", "Жастар таңдауы" және "Үздік жанкүйерлер" атақтары үшін күресті. 

Шығыстүстіметтіктердің шығармашылығы бәсекелес командалардың қызығушылығын туғызды. Біздің әртістерді жиналғандардың барлығы қолдады. 

Конкурстағы маңызды номинациялардың бірі - "Кәсіби бағытталған үздік алаң". Бұл номинацияда "Шығыстүстімет" ЖШС-нің командасы өзін жақсы көрсете білді. Компания басшылығының қолдауымен конкурс барысында киіз үй тігіліп, компанияның іс-қызметі таныстырылды. Қазылар алқасы жүргізілген жұмысты жоғары бағалап, әріптестерімізді жеңімпаз деп таныды. 

Конкурсты өткізу барысында кез-келген адам «Жастар тандауы» номинациясында дауыс бере алды. Дауыс беру барысында "Қазпошта" АҚ мен Шығыстүстімет басқалардан оқ бойы озып, қатар келе жатыр еді. Алайда біздің командаға аздап дауыс жетпеді. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша "Шығыстүстімет" ЖШС екінші орында.   

Онлайн дауыс беруде "Қазпошта" АҚ жеңіске жетті. "AES Өскемен ЖЭО" АҚ спортқа ең жақын команда болса, "Ең шығармашыл команда" атағын «ТМК» АҚ қызметкерлері иеленді. Ал "Қайратта жастарды сұлтаны мен аруы" номинацияларын «Азия Авто» АҚ мен «ТМК» АҚ қанжығаларына байлады.

Конкурсты ұйымдастырудың жоғары деңгейіне қарамастан "әтеген-ай" дейтін сәттер де болды. 

«Дайындалуға көбірек уақыт берсе ғой. Ал шындығында барлығымыз өзіміздің әріптестеріміз үшін ғана өнер көрсеткендей болдық. Егер қарапйым жанкүйерлер немесе көрермендер көбірек болса, қызығырақ болар еді. Себебі командалар спорттық алаңдарға тарағанда кебйір командаларды тек қазылар ғана тамашалады. Біз ең басында шыққанымыз жақсы болды», -  дейді Виктория Крячко.

"Шығыстүстімет" ЖШС "Кәсіби бағытталған үздік алаң" номинациясындағы жеңімпаз болғандықтан команда мүшелеріне жеңісі үшін, белсенді қатысқаны үшін және жастар қолдау үшін дипломдар мен жеңімпаз кубогы және EXPO-2017 20 билетіне сертификат табысталды. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов