KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Инфобокс: бұл не?

22.08.2018

Қарау саны: 310

; assetEntryID = 695561

Ақтоғайдың ресепшн бөлімінде ерекше техникалық құрал пайда болды. Ол тәуліктің кез-келген уақытында жеке еңбек демалысы және оқыту кестелерін, жұмыс туралы немесе еңбекақы туралы анықтамаларды басып шығаруға дайын. Қазіргі уақытта HR-инфобокс, бұл құралды осылай атап кетіпті, үш тілде қызметтің 8 түрін ұсына алады екен.

Ақтоғай КБК Қызметкерлермен жұмыс басқармасы бастығында қызметкерлерге арналған ақпараттық интерактивті банкоматты орнату идеясы бір жарым жыл бұрын пайда болған. «Кадрлық әкімгерлік бөліміне түрлі ақпарат алу үшін көптеген қызметкерлер келеді. Жұмыс, демалыс кестелері, бала бақшаларға, мектептерге қажетті түрлі анықтамалар, еңбекақы туралы банктік және мемлекеттік ұйымдарға арналған анықтамалар – мұндай сұраныстар қызметкерлердің де, бөлім мамандарының көп уақытын алады. Ал бұл ақпараттың барлығы Оракл жүйесіне енгізіліп, үнемі жаңартылып отырады. Сол кезде адамдарға қажетті ақпаратты өздігінен алуға мүмкіндік беретін шешім керектігі туралы ой келді», – дейді Бауыржан Абылқасымұлы, Ақтоғай КБК Қызметкерлермен жұмыс басқармасының басшысы.

KAZ Minerals Тобының ақпараттық технологиялар департаментімен бірлескен жұмыстың арқасында бұл жоба жәй ғана идеядан нақты инфобоксқа айналды. Сыртынан қарағанда бұл құрал тұрғындар түрлі қызметтердің ақысын төлейтін ақпараттық терминалдарға ұқсайды. Ортасында қажетті ақпаратты енгізуге арналған монитор орналасқан. Ол үшін рұқсатнама-карточканы жақындатсаң болғаны.

«Ең қиыны қолданушыны анықтау механизмін жасау болды. Яғни, жүйе «керекті» адамды танып, оған қажетті есебін беру керек қой. Сөйтіп, бірнеше амалды қарастырып, осыған келіп тоқтадық – қызметкер рұқсатнамасын терминалға орнатылған арнайы орынға тигізуі керек. Бастапқыда жобаға арналған бағдарламаны да, құралдарды да сатып алу жоспарланған. Алайда кейін шығындарды азайту үшін бағдарламалық жабдықтауды өзіміз жасайтын болдық. Тек қана құралдарды ғана сатып алдық. Терминалға қатысты жұмыста 7-8 адам еңбек етіп, 34 апта уақыт кетті», – дейді Евгений Молоканов, KAZ Minerals Management Ақпараттық жүйелерді жасау бөлімінің бастығы.

Ақтоғайлықтар біртіндеп бұл құралды танып жатыр. Біреулер жаңашыл технологияларды игеріп, әріптестеріне айтып жатса, енді біреулер енді үйрене бастады.

«Бұл ақпараттық жәшік өте пайдалы. Себебі, уақытты үнемдейсің – қажетті ақпаратыңды түнде де, күндіз де алуға болады. Мәліметтерді экраннан көресін, қажет болса, басып шығарасын. Болмаса белгілі бір анықтамаға басшының қолы немесе мөр керек болса, тиісті сұраныс жолдайсын. Бұдан кейін кабинеттерді араламай, ресепшнге келіп, алып кетесін. Бұл құралды орнатып жатқанын көргенбіз, бірақ, не үшін керектігін енді біліп жатырмыз. Әріптестерімізге бұл туралы үнемі айтатын боламыз. Қажет болса, кіріспе нұсқаулыққа да енгізіп қоямыз. Сонда қызметкерлер бұл туралы кеңінен білетін болады», – дейді Толқын Байтілеуов, Ақтоғай КБК-нің қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаушысы.

Бауыржан Абылқасымұлының айтуынша, инфобокс қызметкерлер арасында танымал болса, оны кәсіпорынның басқа бөлімдері де пайдалана алады. Айталық, уақыт өте келе қауіпсіздік техникасы немесе әкімшілік мәселелер жөніндегі қосымша ақпараттар пайда болуы мүмкін. Ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес мұндай инфобокстар сульфидті фабриканың және оксидті кенді өңдеу кешенінің ғимараттарында орнатылады.

«Қазірдің өзінде Бозшакөл бұл жобаға қызығушылық танытып отыр. Техникалық тұрғыдан қарасақ, бұл тәжірибемізді бүкіл Топқа, оның ішінде Шығыстүстіметке де тарата аламыз. Бұл әмбебап шешім. Біз бастапқыда барлық өндірістік алаңдарға жарайтын жүйені жасап шығаруға тырыстық», – дейді Алмат Беделбаев, KAZ Minerals Management корпоративтік ақпараттық технологияларды дамыту және қолдау басқармасының бастығы.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов