KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Геологияның үздігі

19.04.2018

Қарау саны: 35

; assetEntryID = 696625

ҚР ИДМ жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес жер қойнауын зерттеуге қосқан жеке үлесі үшін «Шығыстүстімет» ЖШС-нің бас геологы Зоя Евграфова «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төс белгісімен марапатталды. Марапатты геология және жер қойнауын пайдаланудың «Востказнедра» өңіраралық департаментінің басшысы Серік Келеменов тапсырды.

«Геологиядағы ең қиын жылдардың өзінде мен мамандығымды тастаған жоқпын. Тіпті басқа салаға ауысу туралы ойлаған да емеспін. Қиналып жүрсем де, ойымды жинақтап, алға қадам басуға тырыстым. Бұл жолды таңдағаныма өкінбеймін. Үкіметіміз геологияны бағалап, оны жаңғыртуға күш салып жатқаны қуантады», – дейді Зоя Александровна.

Зоя Евграфова 60-жылдары Жезқазған геологиялық барлау экспедициясының геологиялық барлау партиясы негізінде құрылған кішкентай ауылда тұрған. Оныншы сыныпты аяқтағанда болашақ мамандығын таңдап үлгермеді. Сөйтіп, геологиялық бөлімнің далалық тобына жұмысқа орналасады.

«Сол жерде бір жыл жұмыс істеп, мен геологтардың кім екенін және олар қандай жұмыс атқаратыны туралы көп мәлімет алдым. Геология саласы мен үшін басқа, ерекше қырынан танылды. Ал Геолог күні сәуірдің алғашқы жексенбісінде атап өтілетінін білгенде, осы мамандықты таңдайтынымды түсіндім. Менің туған күнім 2 сәуірде еді. Бұл жәйтті бір белгі деп қабылдадым. Міне, 20 жыл болды мен алдымен Қазақмыстың, ал кейін «Шығыстүстімет» ЖШС-нің жерасты кеніштерін геологиялық сүйемелдеу саласында жұмыс істеп келемін. Оған дейін 11 жыл бойы Жезқазған геологиялық экспедициясында жұмыс істедім», – деп еске алады Зоя Евграфова. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов