KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Ескінің жаңа өмірі

11.10.2017

Қарау саны: 41

; assetEntryID = 699744

2016 жылы Ертіс шахтасының өндірістік учаскелері 600 орынға арналған әкімшілік-тұрмыстық ғимаратқа көшіп, ескі ғимаратқа "жаңа дем" беру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, 2017 жылы ескі ӘТК ғимаратында жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды. 

Ескі ғимараттың ішінде конференц-зал жасалды. Ертіс өндірістік кешенінің құрылыс учаскесі қызметкерлерінің күшімен залға жөндеу жасалды, монитор орнатылып, бейне конференциялық байланыс орнатылды. Енді Ертіс шахтасының қызметкерлері селекторлық жиналыстарды және еңбек мәжілістерін кең залда өткізе алады. Мұнда 90 адамды емін-еркін жайғастыруға болады. 

Келер жылы ғимараттың дәліздерінде күрделі жөндеу жүргізу, су құбыру, кәріз және жылу жүйесін ауыстыру жоспарланған. 

- Компания адамдардың тұрмыстық жағдайына назар аударып отырғаны қуантарлық жағдай. Биыл мердігер ұйымы ғимараттың терезелерін шыны-пластик терезелерге айырбастады. Сонымен қатар ғимараттың сыртын сайдингпен қаптады, - дейді Ертіс шахтасы ӘТК меңгерушісі Татьяна Игнатова.

Дегенмен ескі ғимараттың 3-4 қабаттарының болашағы әлі белгісіз. Бастапқыда апатты жағдайда болғандықтан оларды бұзу туралы сөз қозғалған еді. 

- Қазіргі уақытта ӘТК 3-4 қабаттарын бұзуды қолға алу үшін ғимаратты тексеру жөніндегі шарт жасалуда. Тиісті тексерістерден кейін нақты шешім қабылданады, - дейді Ирина Китаева, "Шығыстүстімет" ЖШС ғимараттар мен құрылыстарды қадағалау жөніндегі бас маман. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов