KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.

null ЕШҚАШАН ЖАЛҒЫЗ ҚАЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ

08.03.2020

Қарау саны: 86

; assetEntryID = 1143506

Ата-ананың еңбегі, күш-қуатты сауатты есептеу және үлкен отбасының тыныш бақыты туралы Ақтоғай КБК-нің таразышысы Сәуле Сейітжанова айтып берді. Осы ақпанда ол 50 жасқа толғаан мерейтойын тойлады. Ол төрт баланың анасы:

- Мен 1970 жылғы 4 ақпанда Сәтпаев қаласында тудым, 2016 жылы Қарағандыға көшкенге дейін біз Жезқазғанда тұрдық. 1987 жылы Қарағанды медициналық училищесіне түстім. 1990 жылы училищені аяқтап, санитарлық фельдшер мамандығын алып шықтым. Жұмысымды Жезқазған бактериологиялық зертханасында лаборант болып бастап, кейін Сәтпаевқа көштім, онда 2015 жылға дейін жұмыс істедім. Қысқартуға түстім. Шынымды айтсам, мен үшін мансап әрдайым екінші орында болды, бірінші орында – отбасы.

Жұбайыммен біз 19 жыл біргеміз. Балахмет – байсалды және өте мейірімді адам, еңбекқор, икемшіл және қамқоршыл. Ол әрдайым басқаларды ойлап тұрады. Көптеген жылдар бойы жұбайым ӘТКҚО тау-кен құтқарушысы болып жұмыс істеді. Қазір зейнетте.

Шынымды айтсам, көп балалы ана болуды армандаған емеспін және жоспарламағанмын. Өзім көп балалы отбасыда өстім, біздің отбасыда төрт бала болды – үш ұл және мен. Көп балалы аналарға әрдайым мейірімділікпен және жылылықпен қарайтынмын. Күйеуге шыққанда, мен олар сияқты боламын деп ойлаған емеспін. Бірақ бәріне Алланың еркі, демекші, жұбайым мені қолдады. Қазір жұбайым екеуіміз ұлдарымызды тәрбиелеудеміз. Бірақ мен әрдайым қызым болғанын армандайтынмын (күледі).

Үлкен ұлым Қожамұрат 2 наурызда 18 жасқа толады. Былтыр ол мектепті аяқтап, қазір Польшада (Ржешув қаласы) оқиды. Бірінші жылы оларда бағдарлама бойынша тіл оқыту курстары көзделген. Қожамұрат өте ақылды, дарынды, мектепте жақсы оқыған, бала кезінен жақсы лауазымдарда жұмыс істеу үшін беделді білім алуды армандаған. 2018 жылы Польша университетінің өкілдерімен іріктеу кезінде менің ұлым конкурстың барлық кезеңдерінен өтіп, грант иегері болды. Оқуын аяқтағаннан кейін Қожамұрат «халықаралық менеджмент» мамандығын алады.

Дінмұхамбет 16 жаста, ол №81 мектептің 10-шы сыныбының оқушысы. Өте байсалды, тентек емес, әрдайым қол ұшын беруге дайын, қандай мамандық таңдайтынын әлі анықтаған жоқ. Жұбайым оның энергетик болуын қалайды, ер адам үшін бұл жақсы мамандық екенін айтады, ал ең бастысы – біздің елімізде сұраныста.

Айдын 14 жаста, ол №81 мектептің 8-ші сыныбының оқушысы. Өте жақсы оқиды, математика бойынша мектеп олимпиадаларына жиі қатысады. Былтырғы жылы олимпиадада 3-ші орынға ие болды. Ағылшын тілін үйреніп жүр, оның үлгерімі жақсы.

Нұрислам – біздің кенжеміз. Ол жеті жаста, былтырғы жылы бірінші сыныпқа барды. «Сабаққа мейрамға барғандай!» - деп күннен күнге қайталайды және сабағына қуана барады. Мектепті, өз достарын және әсіресе сынып жетекшісі Татьяна Александровнаны өте жақсы көреді. Ұлымның мінезі өте жеңіл, кез-келген адаммен еркін тіл табыса алады, әсіресе, балалармен жеңіл тіл табысады. Ол таңғаларлықтай мейірімді, қайырымды және өте ізгілікті. Оның көздерінен мен әрдайым барлық маңызды сұрақтарға жауаптар табамын, қолдау сеземін, ол біздің «шипамайымыз».

Менің ойымша, көп балалы ана болу өте керемет! Сен әрдайым қамданудасың, әрдайым бір жаққа ұмтыласың, жетілесің, өсесің және балалармен бірге қуанасың, олардың әрбір қадамына таңырқайсын және таңғаласың, әрдайым ұйымдайсың. Балалар – бұл менің өмірлік ұстаздарым, алға және жоғары тартатын мәңгілік қозғалтқыштарым. Мен біздің бақытымыз – біздің балаларымыз үшін Құдайға ризамын.

Көбі «барлығына қалай үлгересің?» деп сұрайды. Ал маған барлығына үлгеру қажет емес, өйткені мен жалғыз емеспін. Ең алдымен, менің көмекшім – сүйікті жұбайым. Үлкен ұлдарым – олардың әрқайсысы анасының оң қолындай – балдырғандармен ойнайды, қыдырады, жинайды. Біз барлығымыз – бір бүтінбіз және бір-бірімізге қамқоршымыз. Мен ешқашан жалғыз қалғым келмейді.

 

Әділет Құрманов, Ақтоғай

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов