KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Ерекше жандарға арналған кеш

15.06.2017

Қарау саны: 25

; assetEntryID = 703108

Түлектер кеші - әрбір мектеп оқушысының өміріндегі маңызды, әрі есте қалатын оқиғалардың бірі. Ересек өмірге деген алғашқы қадам десек те болады. Әрине алда әлі оқуға түсерде тапсыратын емтихандар, қобалжу және дайындық бар. Дегенмен мұның бәрі сәл кейінірек болады. Ал қазір салтанатты кештің, сәнді киімдер және әдемі әуендер әуелеген мерекенің уақыты. Түлектер кешіне дайындық арзан дүние емес екенін әрбір ата-ана жақсы біледі. Сонда балалар үйінің тәрбиеленушілері не істемек? Осыны ескеріп, директор Дидар Нурекин бастаған Орлов өндірістік кешенінің қызметкерлері ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға түлектер кешіне дайындалуға көмек көрсетуге бел буды.

«Біздің ұжымда жақсы адамдар жұмыс істейді. Ал жақсы адамдар мұқтаж жандарға үнемі көмектеседі. Әріптестеріміз тағы демеушілік жобаны іске асыруды ұсынды. Кешеннің барлық бөлімшелерінің басшылары және мердігер ұйымдардың басшылары жиналған мәжілістердің бірінде еркін түрде "Балаларға бірге көмектесейік" қайырымдылық акциясына қатысу ұсынылды. Барлық ұжымдар дерлік қатысуға ниетті екендіктерін айтты. Көмектің көлемі 200 теңгеден 10 000 теңгеге дейін, әртүрлі болды. Ал кейбір басшылар шығындарды  толығымен мойнына алды», – деп атап көрсетті Ербол Теміров, ОӨК өндірістік жоспарлау жөніндегі жетекші маманы.

Биыл Новошульба балалар үйінде 11 сыныпты 18 оқушы тәмамдайды. Бес түлекке қамқор жандар қолдау көрсететін болды. Қалған 13 оқушыға біздің әріптестеріміз көмектесетін болды. Жалпы ОӨК қызметкерлері 800 мыңнан астам қаржы жинады. Қаржы жинауға кешеннің барлық бөлімдері мен қызметтері қатысты. Кейбір қызметкерлер жекелей көмектесті. «KAZ Minerals Service» ЖШС-нің қызметкерлері де шет қалмады. Тіпті «Полюс Арсенал» және «Достар ПВ» сияқты мердігер ұйымдар да көмегін аяп қалған жоқ. 

Бұл қаражат балалардың түлектер кешіне киетін сәнді киімдерін сатып алуға арналды. Бастапқыда бастамашыл топ жиналған қаражатты балалар үйінің басшылығына беруге талпынды. Бірақ басшылық өкілдері киім сатып алуға балалармен бірге баруды өтінді. Бұл қадамның да ерекше жылулығы бар ғой. Сөйтіп, директордың шешімімен берілген автобуспен балалар және кешен қызметкерлері Семей қаласына жол тартты.  

«Олар бізге бүкіл күндерін арнады. Сенбі күні таңертен бүкіл сынып болып дүкен аралауға кеттік. Алдымен біз екінші рет таңғы асымызды іштік. Таныстық, сөйлестік. Сосын балалар мен ересектер жұп-жұп болып бөлініп, киім таңдауға кетті. Көйлектер, аяқ киімдер, косметика! Мұның бәрі көздің жауын алады. Бір қарағанда бөтен сияқты адамдардың мұндай қамқорлығын сезіну өте керемет», - дейді Александра Шокорова, 11 сынып түлегі.

Бұл біздің әріптестердің алғашқы мұндай акциясы емес. Жаңа жылдың алдында ОӨК балалар үйінің әрбір тәрбиеленушісіне сыйлық берді, Наурыз бен Тәуелсіздік күнің қарсаңында мерекелік дастархан жайды. Шахтерлар мен кен байытушылардың сөзіне қарағанда бұл олардың жеке бастамасы. Ал балалардың ризашылығы олар үшін кез-келген ақыдан қымбат.   

Татьяна Маер, Жезкент

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов