KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Екі дүркін чемпион

03.10.2017

Қарау саны: 17

; assetEntryID = 700430

"Востокцветмет" тағы да Өскеменнің үздік футбол командасы атанды.  Жақында футболдан қаланың чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста біздің жігіттер мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Ақтық ойындар басталмай тұрып-ақ командамыз өзінің қарсыластарынан бірнеше ұпайды қанжығалап, турнир кестесінің төріне орналасты. Чемпионаттың аяқталғанына екі ойын қалғанда "Востокцветмет" жеңімпаз екені анық болды. 

«Ақтық ойынға біз чемпион ретінде келгеніміз рас. Бұл жағдай бізге кері әсерін де тигізді. Өзіміздің алыспай беріспейтін қарсыласымыз "Имсталькон"-ға есе жіберіп алдық. Әрине, біз чемпионбыз. Дегенмен шамалы өкініш бар. Оны алдағы облыстық чемпионатқа күшімізді жинақтау деп есептейік. Енді аңағұрлым мұқяит болуға тырысамыз», - дейді "Востокцветмет" командасының капитаны, "Шығыстүстімет" ЖШС Жабдықтау қызметінің маманы Дәулет Нұрасылов.

Алдағы облыстық чемпионатқа 9 команда, яғни Өскемен мен Семейден 3 командадан және аудандардан келген үш жеңімпаз команда қатысатын болады. Мамандардың айтуынша "Востокцветмет"-тің былтырғы жеңісті жолын қайталауға мүмкіндігі зор. 

«Востокцветмет» - өте тұрақты команда. Үлкен футболға келгеніне екі жыл ғана болса да, қаланың екі дүркін чемпионы және облыстың чемпионы атанып үлгерді. Жалпы біздің жарыстардың және командалардың материалдық-техникалық жағдайының деңгейі көтерлігенін атап өту керек. Бұл үшін ойыншыларға көмектесіп жүрген компания басшыларына алғысымыз шексіз», - дейді Оралбек Әділханов, ШҚО футбол қауымдастығының атқарушы директоры.   

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов