KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

null ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

19.11.2015

Қарау саны: 0

one_employee
 

Жұмыстан босайтын қызметкерлерді компания құрамындағы өзге кәсіпорындарға орналастыруға арналған бағдарлама бар ма?

Біз адамдарды өз кәсіпорындарымызға орналастыруға барынша күш салып жатырмыз. Мамандарды қайта даярлау қажет болса, оны да қарастырамыз. Қызметкерлерді басқару департаменті бұл мәселемен айналысып жатыр. Мен де бұл мәселені бақылауда ұстап отырамын.

Бозшакөл мен Ақтоғайдағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Соған байланысты жобалаушы топ қызметкерлерінің Көксай жобасының құрылысына кірісуіне мүмкіндік бар ма? Жобалау командасының өкілдері операциялық қызметкерлерге қосыла ала ма?

Қазір Көксай кенішінде кен құрамындағы минералдар деңгейін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Біз алдымен жобаның ауқымын анықтап алуымыз керек. Содан кейін оған қанша капитал қажеттігін, қаржыландыруды ұйымдастыру мен құрылысты қай кезде бастауға болатынын нақты жоспарлай аламыз. Қазір Бозшакөл мен Ақтоғайда жұмыс істеп жатқан адамдардың бәрінің Көксайда жұмыс істегенін қалар едім. Сондықтан мен қызметкерлерді басқару департаментіне аталған жобаларда жұмыс істеп жатқан барлық мамандардың алдағы уақытта жаңа жобаларға шақыру үшін мәліметтер базасын жасау туралы тапсырма бердім. Ал, жобалау командасынан операциялық персоналға ауысу мәселесіне келер болсақ, бұған қарсы емеспін. Рекрутинг департаментінен қызметкерлерді іріктеу барысында өз мамандарымызға басымдық беруді сұраймын.

Ақтоғай мен Бозшакөл компанияға табыс әкелмейді. Неліктен онда жалақы мен әлеуметтік пакет деңгейі жоғары?

Үлкен айырмашылық бар дегенге күмәнім бар. Біріншіден, жұмыс кестесі бөлек. Ақтоғай мен Бозшакөлдегілер вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ал, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда бес күндік еңбек аптасы бекітілген. Шығыстағы жалақы нарық талаптарына сай бекітілген және 20 пайыз жоғары.

Ал, кеңсе қызметкерлерінің денін шетелден уақытша шақырылған, біліктілігі өте жоғары мамандар құрайды.  Ондай мамандар Қазақстанда жоқ. Сондықтан олардың жалақысы да жоғары. Бірақ олар уақыт өте келе елдеріне кетеді. Олардың орнын қазақстандық маман басады. Оларға нарық талаптарына сай жалақы төленеді.

Кәсіби сырқатқа шалдығуына байланысты жеңіл жұмысқа ауысу мәселесін қалай шешуге болады?

Бұл әрине, жеке-жеке шешілетін мәселе. Бірақ барлық басшылар жер астында немесе фабрикада жұмыс істеуге денсаулығы жарамайтын, бірақ өзге учаскелерде еңбек ете алатын мамандарды жеңіл жұмысқа ауыстыруға құқылы.

Жуырда корпоративтік құндылықтар енгізілді. Осы құндылықтарды орындамағандарға қандай шара қолданылады?

Корпоративтік құндылықтарды сақтауға қатысты Олег Новачуктың анекдоты: Әскери комиссариатқа автоматтандырылған жауап беру жүйесі енгізіліпті. Онда автоматты жауап беретін қондырғы: әскерде қызмет еткіңіз келсе – жұлдызшаны басыңыз, қызмет еткіңіз келмесе – торды басыңыз.

Корпоративтік құндылықтарды күштеп қабылдатуға болмайды. Корпоративтік құндылықтар дегеніміз – корпоративтік мәдениет. Адамдардың құндылықтарды өз еркімен орындағанын қалар едік. Бес құндылықтың қай-қайсысы да компаниямыздың дамуына, адамдардың жұмысына қолайлы жағдай туғызуға ықпал етуі тиіс. Сондықтан құндылықтарды сақтамағандарға ешқандай жаза қолданылмайды. Бірақ ортақ тәртіпке бағынғандар ынталандырылады.

Корпоративтік құндылықтарды енгізу процесінде қандай жәйттар қиындық туғызды?

Ең күрделі мәселе – адамдардың санасында осы құндылықтарды сақтауға деген қажеттілік тудыру болса керек. Бұл өндірістегі қауіпсіздікті қабылдау деңгейін өзгерту сынды өте қиын тапсырма. Адамдармен сөйлескен кезде: 25 метрлік биіктікте жұмыс істеп жатқанда жұмысшының қауіпсіздік белдігін тақпауға қалай дәті шыдайды деген сұрақ жиі туындайды. Белдік дайын тұр. Бірақ ол белдікті тақпады. Сөйтіп басын қатерге тікті. Адамдардың енгізілген құндылықтарға деген көзқарасын да осылай етіп өзгерткіміз келеді. Бұл оңай шаруа емес.

Бозшакөл КБК қызметкерлерінің кейбірі Бозшакөлден алыс тұрады. Олар үйлеріне пойызбен, 1-2 тәулік жүріп жетуге мәжбүр. Олардың Астанаға дейін пойызбен барып, ары қарай ұшақпен ұшуына жағдай жасауға мүмкіндік бар ма.

Егер адамдар пойыздың билетіне берілген ақшаны алып, уақыт үнемдеу үшін авиа және темір жол билеттерінің арасындағы айырманы өз қалтасынан төлеуге келіссе, мұны ұйымдастыруға болады деп ойлаймын. Бірақ мұны Қызметкерлерді басқару қызметімен талқылау қажет.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР