KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

27.04.2017

Қарау саны: 81

; assetEntryID = 704495

KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер туралы хабарлайды:

  • Директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы Саймон Хил компанияда 11 жыл бойы,  оның ішінде соңғы 5 жылда Директорлар кеңесінде төраға болып жұмыс істеген қызметінен кетеді; 
  • Топтың басқарма төрағасы Олег Новачук Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына ауысады; 
  • Қаржы директоры Эндрю Саузам Топтың басқарма төрағасы болып тағайындалады;
  • Тәуелсіз аға директор Майкл Линч-Белл  Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болып қосымша тағайындалады. Ол Директорлар кеңесін ұйымдастырушылық басқару мәселелеріне және нарықтағы еркін айналымда жүрген акциялардың көп бөлігіне иелік ететін компанияның тәуелсіз акционерлерінің мүддесін қорғау үшін жауапты болады; 
  • Қазіргі уақытта жаңа тәуелсіз атқарушы емес директор мен жаңа қаржы директоры іздестірілуде. 

 

Директорлар кеңесінің төрағасы Саймон Хил былай деп мәлімдеді: «KAZ Minerals Тобындағы 10 жыл бойы директор ретіндегі, оның ішінде соңғы 5 жылда Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі жұмысымнан кейін 2017 жылдың соңында мен Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымынан кетемін деп шешім қабылдадым. 2014 жылдағы қайт құру Топты әлемдік аумақтағы бәсекеге қабілетті, аз шығынды өндірушіге айналдырды. Мыс нарығы бойынша оптимистік болжамдарды ескерсек, 2016 жылы өзінің екі өркендеу жобасының құрылысын аяқтаған KAZ Minerals -тың жағдайы жағымды. Қазір компанияны одан әрі алға бастыру үшін Директорлар кеңесінің жаңа төрағасының келуіне ең сәтті уақыт».  

 

 

 

 

 

Олег Новачук соңғы 11 жылда Топтың атқарушы басшысы болып жұмыс істеп келеді. Бұған дейін, яғни 2005 жылы қаржы директоры ретінде Топтың Лондон қор биржасындағы листингіне белсенді ат салысқан. Басқарма төрағасы ретінде ол екі өркендеу жобасын іске асырып, өндірістік басшылардың мықты командасын қалыптастырды. Топтың болашағын ескерген Директор кеңесі Олег Новачуктың іскерлік дағдылары мен өндірістік білімдерін, жобаларды іске асырудағы және Қазақстанның және ҚХР-ның өнеркәсіптік, қаржылық және мемлекеттік деңгейдегі басшыларымен байланыс орнатудағы тәжірибесін өте құнды деп есептейді. Топтың тарихын және оның Қазақстандағы жетекші өндіруші және мыс өндіретін активтердің иесі ретіндегі мәртебесін, өңірдегі операциялық іс-қызметке қатысты жағдайды ескерсек, Новачук мырза Топты стратегиялық дамытуға қажетті, әрі Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымың жауапкершлігін игеруге қажетті біліктілікке ие. Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымы толықтай жұмыспен қамтуды және стратегия, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас және бизнесті дамыту үшін жауапкершілікті көздейді. Олег Новачук Топ акцияларының айтарлықтай бөлігіне әлі де иелік етеді. Сол себепті оның мүдделері басқа акционерлердің мүдделеріне сәйкес келеді.

 «Мен Саймон Хилға Топтың іс-қызметіне соңғы 10 жылда қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Бұл кезең маңызды өзгерістерге толы болды. Оның ішінде негізгі өркендеу жобаларымыздың іске қосылуы да бар. Оның басшылығы мен тәжірибесі өте құнды. Саймон Хил кеткен соң мен Топ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына ауысуға дайынмын. Жаңа қызмет өңірдегі даму мен негізгі байланыстарды кеңейтуге көбірек назар аударуға мүмкіндік береді. Директорлар кеңесінің төрағасы бола тұра және KAZ Minerals акцияларының айтарлықтай бөлігіне иелік ете тұра, мен Топ активтерінің барынша құнды болуына күш жұмсаймын», - деп мәлімдеді Олег Новачук.  

Топтың қаржы директоры Эндрю Саузамның қызметі 2017 жылғы 1 шілдеден бастап басқарма төрағасының орынбасары және қаржы директоры бірлескен лауазымына дейін жоғарлады. Ал 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ол Топтың басқарма төрағасы лауазымында Олег Новачуктың орнын басады. Саузам мырза басқарма төрағасының лауазымына тағайындалуға нағыз сай келетін үміткер. Ол Топтың бизнесін, оның мәдениетін және Ұлыбритания мен Қазақстандағы негізгі мүдделері тараптарды жақсы біледі. Эндрю Саузам мен Олег Новчаук Топтың 2014 жылғы қайта құрылуының авторлары. Эндрю Саузам басқарма төрағасы ретінде Топты атқарушылық басқару, оның ішінде атқарушы комитетті басқару және Топтың стратегиясын іске асыру жағынан Директорлар кеңесіне есеп беретін болады. Қазір жаңа қаржы директорын іздестіру және жалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Эндрю Саузам былай деп мәлімдеді: «Мен Топты оның дамуындағы келесі сатыда басқаруды болжап отырмын. Қазір біз жаңа активтердегі өндіріс қарқынын үдетіп жатырмыз. Біз Олег Новачук екеуіміз көп жылдар бойы бірге жұмыс істедік. Сондықтан Топтың іс-қызметі мен болашағына деген көзқарасымыз бір-біріне сәйкес келеді. Мен KAZ Minerals Олег Новачуктың тәжірибесі мен басшылығын Директорлар кеңесінде де төраға лауазымында сақтап қалатындығына қуаныштымын. Мен біздің қызметкерлер мен акционерлердің мүддесін қорғау үшін онымен бірге қоян-қолтық жұмыс істеуді жалғастыруға дайынмын».   

Директорлар кеңесі төрағасының, оның орынбасарының және Топтың басқарма төрағасының құзыреті Директорлар кеңесімен бекітіліп, нақты бөлінген. Төраға Директорлар кеңесіне, оның ұйымдастырушылық басқаруынан басқа, барлық салаларда басшылық жасайды. Ұйымдастырушылық басқарумен Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары айналысады. Оған қосымша Директорлар кеңесінің төрағасы стратегияны жасауға, мемлекеттік органдармен байланысқа және бизнесті дамытуға жауапты болады. Басқарма төрағасы Топтың күнделікті атқарушы басқаруына жауап береді.

Акционерлердің мүдделерін қорғауды кеңейту үшін Топ жаңа тәуелсіз атқарушы емес директорды Директорлар кеңесінде 2018 жылғы 1 қаңтарда орын алатын өзгерістерге дейін тағайындауға тырысады. Сөйтіп, Директорлар кеңесіндегі мүшелердің басым бөлігі бұрынғыша атқарушы емес тәуелсіз директорлар болады. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов