KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Диод келді!

16.11.2017

Қарау саны: 76

; assetEntryID = 699095

Қазан айында екі ММА (Ақтоғайдың тау-кен техникасына қызмет көрсету және оларды жөндеу цехі) ғимаратында үй-жайлардың сырты мен ішіндегі жарықтандыру құрылғыларын ауыстыруға бағытталған ірі жоба аяқталды. Осының арқасында қуат үнемдейтін LED шамдар осы жерде бұған дейін орнатылған доға тәрізді сынап-вольфрам шамдарын түгелдей ығыстырды. Олардың қызмет ету мерзімі 30 мың сағатты құрайды, яғни олар 8 есе артық жұмыс істейді. Қазіргі таңда машина жуу ғимаратында да жарықтандыру құрылғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.  

«LED шамдарын бірқатар себептер негізінде таңдадық. Біріншіден, олар үнемдірек. Екіншіден, бұл шамдардың жарық түсіру деңгейі бұрынғысынан жоғарырақ. Үшіншіден, оларды пайдалану мерзімі ұзағырақ. Цехтің төбелері биік болғандықтан, шамдарды үнемі ауыстырып тұру оңай жұмыс емес. Жалпы алғанда, жобаның басталуына қызметкерлердің өздері бастама білдірген еді, олар үнемі жарықтың жетіспейтінін, әсіресе түнгі ауысымда қиынға соғатынын айтып жүретін. Басшылар осы ұсынысты ескерсе керек. Енді өзгерістерді бірден аңғарасың», - дейді жөндеу шеберханасының бастығы Павел Шорохов. 

Шамдарды ауыстыру маусым айында басталып, шеберханадағы қызметкерлердің өз күштерімен жүзеге асырылды. Бұл жобаның бюджетін үш есе – 120 000 АҚШ долларына дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Қыркүйек айының соңында ММА мамандары аралық өлшемдер жасады. Ескі шамдарды қолдану кезінде бір айда тұтынылған қуат көзінің құны 5000 АҚШ долларын құрағандығы анықталды. Шамдардың 60 пайызын ауыстырғаннан кейін бұл төлем 3000 АҚШ долларына дейін қысқарды. Шеберхананың үй-жайларын түгелдей LED-жарықтандыруға ауыстыру кезінде төлем мөлшері тағы екі есеге қысқарады деп күтілуде. Жоба екі жарым жылдың өзінде-ақ өзінің құнын ақтап алады.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов