KAZ Minerals өзінің қызметкерлеріне және сыртқы аудиторияға арналған медиа өнімдерді шығарады.

null Cпортпен бірге

25.04.2016

Қарау саны: 0

Кеше, 24 сәуірде, Алматыда қайырымдылық марафон өтті. Оған 13 мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында KAZ Minerals Тобының 19 қызметкері бар. Әріптестерін қолдауға 30 жанкүйер келді.

KAZ Minerals-тың 6 қызметкері бірыңғай команданың құрамында экиден жүгірді. Бұл эстафетаның жалпы ұзындығы - 42 км 195 метров. 

Экиденде алғашқы болып, қызметкерлерді іріктеу маманы Сания Қапанова жүгірді. Ол әл-Фараби даңғылы бойымен Тұңғыш президент саябағынан 5 км жүгіргеннен кейін эстафетаны KBL логистика бөлімінің бастығы  Ринат Хусаиновқа берді.

«Әріптестер, сендер жарадыңдар», - деп корпоративтік спортшылар чатына жазады ол. 

 

Ринат 10 км жүгірді. Ол ал-Фараби даңғылы және шығыс айналма жолы арқылы жүгірді.  

«Бәріміз бір сергіп қалдық:) Барлықтарыңызды құттықтаймын, керемет нәтиже!», - деп команда капитаны атанған Ринат қысқа қайырды. 

Үшінші болып эстафета кезегін алып, ал-Фараби даңғылының бойымен қайта 5 км жүгірген КММ қаржылық аға талдаушысы Сәкен Бүкпиев алды. Бұған дейін біраз тынығып алған Сәния Сәкенге серік болып, соның арқасында Сәкен қарқынды түрде ақтық мәреге жетті.  

 

 

 

 

Тағы 10 км қашықтықты қаржылық департаменттің талдаушысы (KAL Ақтоғай) Шәймерден Ахметов жүгірді. Оның жолы әл-Фараби даңғылының, сосын Саина көшесінің бойымен төмен қарай бағыт алды. 

Абай көшесіне жеткеннен кейін ол эсатфетаны Корпоративтік байланыстар департаментінің қызметкері Юлия Кузнецоваға берді. Соңғы кезеңде 5 км жүгіру қажет еді. Жол түзу болғанымен ауа температурасы көтеріліп, жел көтерілді. 

 

Соңғы кезеңдегі 7 км жолды KPBV қаржы департаментінің есепшісі (жеткізушілермен жұмыс жөніндегі) Ләззат Тоқтарова жүгіріп өтті. Ақтық мәреге азғана жол қалғанда оған басқа әріптестер қосылып, компанияның бірлескен ұжымы Орталық стадионның аумағына бірге кірді. 

  

«Барлықтарыңызға рахмет! Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын! Команда капитаны Ринатқа мені қолдағаны үшін айрықша алғыс білдіргім келеді. Оның қолдауының арқасында аса қиын болмады!», - деді жарысты аяқтаған Ләззат.  

 

Бүкіл жолды жүріп өтуге команда 4 сағат 3 минут 48 секунд жұмсады. 

Аздаған күлкілі жағдайлар да болды. KAZ Minerals командасы эстафетаның бүкіл жолын нөмірсіз жүгірген жалғыз команда болыпты. 

Ұйымдастырушылар берген сөмкелердің бірінде ғана кеуде нөмірлері болған екен. Эстафета жолағы ғана керек деп ойлаған команда мүшелері басқа командалардағы нөмірлерді көргенде ғана уайымдай бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абырой болғанда біздің команданы жарыстан алып тастамады. Кейіннен анықталғандай KAZ Minerals командасы жарысқа түскен 62 команданың арасынан 27 орынды иеленді. Егер эстафетаға кәсіби спортшылар да қатысқанын ескерсек, бұл көрсеткіш жаман емес. Оның үстіне біздің команда гендерлік тепе-теңдікті сақтап, 3 жігіт, 3 қыз болып жүгірді. 

Экидендіктерден басқа KAZ Minerals-тың 13 қызметкері де сағат 6.30-да ұйымдастырушылар белгіленген жерге келіп, алдын ала жаттыға бастады. Жүгіретін бағыттарды анықтап, зерттеп жатты. Соңғылардың болып жарысқа Бауыржан Қордабаев келсе де, фотоға түсіп үлгерді.

   

 

  

Михаил Шахматов, қаржылық ИТ жобалардың менеджері: «Менің нәтижем: 10 км - 00:55:01».

 

 

 

Айта кететін жағдай, марафонға KAZ Minerals қызметкерлерінің балалары мен ата-аналары да қатысты. Мәселен, Максимнің анасы 10 километрді 1:04:56 нәтижемен аяқтады. «Анамызды келесі жылға 60+ санатына дайындап жатырмыз», - деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

Максим Курлов, ішкі аудит менеджері: «Менің нәтижем  - 2:00:43. 21 километр жүгірдім. Екі сағатта өтем деп мақсат қойдым. Болмады» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Татьяна Ковалева, қаржы талдаушысы: «Өмірімде алғаш рет марафонға қатыстым! Еш өкінбеймін! Көптеген жағымды эмоциялар болды. Қолдау тобы керемет жұмыс істеді! Олардың арқасында өзімді сергек сезіндім. Рахмет достар!».

Нұржан Дайырбеков, KBL аға заңгері: «Менің 10 км жұмсаған уақытым  – 01:02:00. Марафонның арқасында көңіл күйім көтеріліп, жақсы болып қалдым. Жанкүйерлер де қолдау көрсетіп, Нұрлы-Таудың қарама қарсысында демеп тұрды. Рахмет сіздерге!!)))». 

Бауыржан Машан, KAZ Minerals Aktogay қауіпсіздік қызметінің үйлестірушісі : «Менің 10 км үшінші рет қатарынан жүгірдім. Баламмен бірге жүгірдім. Біздің қолдау тобымызға "жарайсыңдар!" дегім келеді!».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жүгіруге шахталық байланыс жүйелерінің бас маманы Антон Кан, Инвестициялық жоспарлау және операциялық қаржыландыру департаментінің бастығы  Олег Юн, бағаларды оңтайландыру жөніндегі бас маман Ербол Есенжолов, жүйелік технологиялар бөлімінің топ басшысы Медет Назарбаев, негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі есепші Әйгерім Жетібаева, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ оқыту жөніндегі үйлестіруші Махаббат Жүнісбекова, HR жетекші маманы-жүйелік талдаушысы Жанат Қосаева қатысты. Олардың нәтижелері марафонның сайтында бар.

Спортшыларды демеп, оларға көмек қылған қолдау тобы туралы жеке айтпасқа болмайды. Жанкүйер болуға шақыру түскенде ондаған әріптестер келді. Олар жексенбі күніне қарамастан қолдарынан келгенше әріптестерін марафонның әр сатысында қолдап отырды. 

Кейбір жанкүйерлер отбасыларымен бірге келді! Жанкүйерлер арасында Топтың қызметкерлер жөніндегі директоры  Пол Гахаган да болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Алға", "Қолыңнан келеді", "Берілме" сияқты қолдау сөздері спортшылардың делебесін қоздырып, оларға дем берді. Кім біледі, егер осындай қолдаушылары болмаса, біздің спортшылар осындай нәтижеге жетер ме еді?


Марафонға қатысу KAz Minerals Тобының қызметкерлері үшін командалық жұмыс пен адалдықтың сыңы болды. Ал бұлар компаниядағы бес корпоративтік құндылықтың екеуі. Спортшылар өздеріне берілген километрлерді ешқандай қулыққа берілмей жүгіріп өтті. Ал жанкүйерлер келеміз деп уәде етті де, келді, қолдады!

Бүкіл марафонды фотосуретке Мақсұт Жапабаев, Корпоративтік байланыстар департаментінің бастығы түсірді. Ол велосипедпен жүріп, барлығына үлгерді.

Бесінші мерейтолы "Алматы Марафонның" ұйымдастырушылары "Арди" оңалту орталығына арнап медициналық жабдықтар сатып алмақшы. 

Кazminerals.info редакциясы марафонға қатысып, өзінің әсерімен бөліскен барлық әріптестерге алғыс айтады. Спортпен шұғылданып, аурмаңыздар!

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов