KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Бозымшақты игеру тарих беттерінде

13.04.2017

Қарау саны: 42

; assetEntryID = 705283

Бішкектің Ала-Тоо орталық алаңында «Қырғызстанның қайта өркендеуіне жол ашқан күн» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Лайт-бокстар арқылы көрмеде қойылған жүз фотосуреттің арасында Бозымшақ кен орнын игеру кезіндегі суреттер бар екен. Көрмені ұйымдастыру жөніндегі кеңесші Алексей Василивецкий бұл суреттер көрмеге кездейсоқ қойылмағанын айтты.

- Алексей, бұл суреттер қалай таңдалып алынды?

- Экспозицияда Қырғызстанның танымал фотосуретшілерінің туындылары қойылып, суреттерде Қырғыз мемлекетінің даму сатылары бейнеленген. Олар 2005 жылғы революциядан бастау алды.

Одан әрі біз халықтың 7 сәуірдегі бас көтерген оқиғаларға ауысамыз. Олардың арасында қаза болған М. Садырқұловтың, Г. Павлюктің суреттері бар. Бұл суреттердің олардың туған-туыстарынан алдық. Сосын 7-8 сәуірде Бішкек қаласындағы оқиғаларға, қайғырған туыстардың суреттеріне ауысамыз. Әрі қарай ел тарихындағы жағымды өзгерістерге ауысамыз. Ал Бозымшақ жобасы Қырғызстан тарихының бір бөлшегі. 

Бір ақын айтқандай, ірі нәрсені тек қашықтықтан көруге болады. Бұл шындық. Қазірдің өзінде Қырғызстанның соңғы 7 жылда қалай өзгергенін көре аламыз. Біздің көрмедегі суреттердің барлығы ешкім жоққа шығара алмайтын оқиғалардың дәлелі.

Мәселен, мына суретте Балыкчи логистикалық орталығы. Мұнда жеміс-жидектер сақталады. Қазір мұндай орталықтар бүкіл елдің аумағында салынып жатыр. Мына суретте Тоқмақтағы текстиль фабрикасы бейнеленген. Ал анау Солтүстік-оңтүстік балама жолының бойындағы таудың ішінде қазылған ұзындығы 3 километр болатын тоннель.

Бозымшақ Кұмтордан кейінгі елдің тау-кен саласында соңғы 20 жылдағы екінші ауқымды жоба болды! Менің білуімше оны іске асыру сәуір айындағы революцияға дейін басталған. Бірақ ол кезде «тежеліп» келді. Ал соңғы жылдары бұл жоба нақты іске айналды, жаңа жұмыс орындары ашылды, бюджетке салықтар түсе бастады. Суреттің астына біз кен орынға жақын орналасқан айылдық округтің бюджеті 25 есе артқанын жаздық! Бұл жергілікті тұрғындардың өмірін жақсартқаны рас.

Мен комбинатта және маңайдағы ауылдарда болдым. Ал менің білуімше жобаны іске асыруға дейін бұл аудандағы округтер Өзбекстаннан жеткізілетін электр қуатына тәуелді болып келген. Ол жақтағылар қаласа, электр қуатын бір-екі сағатқа қосатын немесе мүлдем өшіріп тастайтын. Ал қазір түңгі суреттерден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның аумағы жап-жарық. Электр қуаты кәсіпорынмен қатар жергілікті тұрғындарға да жетті. Жергілікті қауымдастықтар аумақтардың болашағы бар екенін түсінді

- Көрмеге Бозымшақтың қандай суреттері таңдалып алынды?

- Өздеріңіз көріп тұрғаныңыздай көрменің көлемі аумаққа тәуелді болып  (100 фотосурет  – аз емес) тұр. Біз әртүрлі тақырыптарды қамтымақ болдық. Айталық, Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары, жаңа мектептердің құрылыстары, Уркунның мерейтойы, стратегиялық жолдардың қалпына келтірілуі. Бозымшаққа келетін болсақ, оған екі сурет арнадық. Біреуі мен атап өткен шамдары жарқыраған түңгі Бозымшақ. Ал екіншісі - қалдық сақтау орны. KAZ Minerals Тобы іске асырған бұл жоба экологиялық қауіпсіздіктің, жаңа технологияларды қолданудың жоғары талаптарын көздейді. 

Бұл маңызды іс бірден өркендей қоймағанын мен білемін. Дегенмен барлығы біртіндеп өзгерді. Қазір Қырғызстанның түрлі аудандарынан келген делегациялар сіздермен тәжірибе алмасып жүр. Оларды жергілікті қауымдастықпен қоян-қолтық жұмыс істеу қызықтырып отыр.  Сіздердің жобаларыңыз бүкіл салаға үлгі боларлықтай деңгейде жұмыс істеп тұр. Еліміз бұл жобаны мақтан тұтады.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов