KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Балаларға арналған тәтті сыйлық

01.01.2017

Қарау саны: 33

; assetEntryID = 711175

Кез-келген мерекелік шара, әсіресе, Жаңа жыл арнайы тортсыз өтпейтіні белгілі. «КAZ Minerals Бозымчак» компаниясының өкілдері тағдырдың тәлкегіне түскен жандарды қуантуға бел буды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне торт сыйлау туралы бас директордың бастамасын компания қызметкерлері қызу қолдады. 

Айтқанша болмады, келесі күні жалпы салмағы 25 кг болатын жаңажылдық торт Бішкектен 100 км қашықтықта орналасқан Беловодье мектептке дейінгі балалар үйіне жол тартты. 

Балалар мұндай сыйлыққа дән риза болды. Себебі тәтті сыйлықтың дизайны да ерекше еді. Ол әлемдік саяхатқа арналды. 

“Мен мұндайды ешқашан көрген емеспін. Мынаны да жеуге бола ма?”, - деп таң қалды 4 жасар Аня, кимоно киген жапондықтың кішкентай мүсінін қарап отырып. 

Қуаныштарын балалар ғана емес, тәрбиешілер де жасырмай, тортты фотосуретке түсіріп жатты. “Компания тарапынан көрсетілген қамқорлыққа ризашылығымызды білдіреміз. Мен сіздерді шын жүректен осы мерекемен құттықтаймын. Компанияларыңызға гүлдену, ал әрбір қызметкерге мықты денсаулық пен бақыт тілеймін”, - деді балалар үйінің директоры Анна Горохова. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов