KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Балалар мерекесі

01.06.2017

Қарау саны: 28

; assetEntryID = 703705

Шығыс Қазақстанда Балаларды қорғау күні аталып өтті. Облыс орталығы - Өскемен қаласында осы мерекені жарқын көңіл-күймен атап өту үшін мыңдаған бүлдіршіндер жиналды.    

Мерекелік іс-шаралар мектептер жанындағы демалыс лагерлерінің маусымын ашудан басталды. Осыдан кейін балалар және жасөспірімдер музыкалық ансамбльдері мен оркестрлерінің шеруі басталды. Салтанатты колонналар орталық алаңды айналып болғасын мерекелік концерт басталды. 

- Біз білім мен ақпарат ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі балалар мен жастар - цифрлі және жаңашыл ұрпақтың өкілдері. Сіздер жаңа технологиялар мен күрделі гаджеттерді оңай игере аласыздар. Заман ағымына сай өмір сүріп жатырсыздар. Қазақстанның құндылықтарын сіңіре өскен сіздердей жастар тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді одан әрі асырады. Білім мен ілімге құштар болыңыздар, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов құттықтау сөзінде. 

Сондай-ақ, өңір басшысы дарынды балаларға - олимпиадаларды, музыкалық және шығармашылық конкурстардың жүлдегерлеріне естелік сыйлықтарды табыстады. Құрмет грамоталары мен осы күні сәнге айналған гироскутерлер біздің әріптестеріміздің балаларының қолына да тиді. 

- Мен бұл сыйлыққа өте қуаныштымын. Осындай ойыншықты сатып алғым келетін. Бүгін саябаққа барып, қаланы да арайды екенбіз. Керемет!, - деді қуанышын жасыра алмаған Тимур Зайнел.

Тимур - оқу озаты, түрлі фестивальдер мен конкурстардың жеңімпазы. Волейбол мен каратэні ұнатады. Оның әкесі Сымбат Сейсебаев Орлов шахтасының ТЖМ машинисті болып жұмыс істейді. 

Бұл күні онымен бірге зияткерлік конкурстар мен ақпараттық технологияларды жақсы көретін Шерхан Кенжебекұлы да марапатқа ие болды. Шерханның әкесі Кенжебек Шорғаев Ертіс шахтасының үңгушісі болып қызмет етеді. Сондай-ақ, марапатталғандар арасында АӨК ҚШБ технигі Юлия Игнатованың ұлы, музыкант және каратист Вадим Игнатов, Артемьев шахтасының қызметкері Григорий Блиновтың қызы, оқу үздігі Ирина Блинова да бар. 

"Нұр Отан" партиясының "Шығыстүстімет" ЖШС жанындағы филиалы мерекені өткізуге ұйымдастырушылық және демеушілік көмек көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов