KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

null АВТОНЕСИЕ: АЛҒАН ДҰРЫС ПА, ЖИНАҒАН ДҰРЫС ПА?

12.08.2015

Қарау саны: 0

one_employee
 

Компанияда жүргізілген ішкі зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, әр 10 қызметкердің 8-і несие алған. Қарызға сатып алынған дүниенің бірі – автокөлік. «KAZ Minerals Инфо» серіктесі, Халықаралық экономикалық сауаттылық орталығының тәуелсіз сарапшысы Салтанат Жарасова автонесиенің ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берді.

Бүгінгі таңда банктердің көмегімен су жаңа темір тұлпар ғана емес, бұрын мінілген көлікті де тізгіндеуге болады. Жаңа көлік алатын болсаңыз, несиені автосалон ішінде рәсімдеуге болады. Ондайда несиені рәсімдеу тәртіптемелерін банк немесе автосалон өз мойнына алады. Ал, көлікті «қолдан» алатындар банкке өз бетінше хабарласып, автомобильді несиеге рәсімдеу процедураларын да өз бетінше іске асырады. 

Сарапшының пікірінше, мұндай жағдайда «Белгілі бір соманы (көбіне қомақты қаражат) дер кезінде төлеуге дайынмын ба?» деген сұрақтан гөрі «Машинаны салоннан алу керек пе, әлде, қолдан алғаным дұрыс па?» деген сұрақ маңыздырақ.

- Көп адамдар несиеге көлік ала отырып, ақшасын пайдалы жерге салдым деп ойлайды. Бірақ бұл әсте олай емес, - дейді сарапшы. – Бұл инвестиция емес, ал, жеке немесе отбасылық бюджеттен алынатын кезекті шығын. Сіз көлікті салоннан алған күннің өзінде, екі-үш айдан кейін де алған бағаға сата алмайсыз. Өйткені, пайдаланылған көліктің тозу деңгейі ескеріліп, оның бағасы төмендейді. Ал, қолдан  алынған машина жөндеуді қажет етеді. Оған қоса, көлікке бензин құю керек, салығын уақытында төлеп, сақтандыру полисін сатып алу қажет. Майын да дер кезінде ауыстырып отырмаса болмайды, - дейді Салтанат Жарасова.

Сарапшы несие ұйымы арқылы көлік сатып алуға бел буған азаматтарға мынадай мәселелерге көңіл бөлуді ұсынады. Біріншіден, банк таңдағанда оның беделі мен клиенттердің тілеу-шағымдарына назар аударыңыз. Екіншіден, жарнамада айтылған номиналдық мөлшерлемеге емес, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен мұқият танысыңыз. Үшіншіден, қол қоймас бұрын несие шарттары мен сақтандыру туралы келісімшартты асықпай оқып шығыңыз. Төртіншіден, алдағы уақытта кепілдік қызмет негізінде көлікке кімнің қызмет көрсететінін анықтап алған жөн. Жалпы, соңғы кездегі өзгерістерді ескерсек, бәрінен де төменгі мөлшерлемемен берілетін отандық көліктерді сатып алу мүкіндіктерін қарастырған тиімдірек.

 

Айтпақшы

Биылғы жылдың сәуір айынан бері қазақстандықтар автокөлікті пайызы төмен несиеге сатып ала алады. Үкімет жеңілдігі бар автонесиелерді қорландыруға 15 млрд теңге бөлді. Соның арқасында автонесие төлемдері 3-5 есе қысқармақ. Номиналдық мөлшерлеме 4%, ал, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайды. Мұндай несиелерді кімнің беретіні әзірге белгісіз. Банк-оператор әлі нақтыланған жоқ.

Автонесие жөніндегі пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуінің басты себебі – ресейлік импорт көлемінің артуы. 2015 жылдың басынан бері Ресейден Қазақстанға 50 мыңға жуық көлік әкелінген. Салыстырып көрелік: 2014 жылы Қазақстанда шығарылған жеңіл көлік саны 37 мыңнан асқан болатын.

 

Қазақстанда Skoda, Chevrolet, Lada, KIA, SsangYong маркалы көліктер жиналады.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов