KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Аса қиын, бірақ қолдан келеді. Олег Новачук KAZ Minerals-тың жұмыс нәтижелері және жоспарлары туралы

14.03.2017

Қарау саны: 39

; assetEntryID = 707306

Соңғы жылдар KAZ Minerals үшін қиын бірақ, қолдан келер істерге толы болды. Алда Бозшакөл мен Ақтоғайдың өндіріс қарқынын арттыру, Бозымшақтың жаңа белестері, Шығыстүстіметтің перспективалары бар. 2016 жылдың қорытындылары, Топтың жақындағы болашағы және мыс нарығының дамуы туралы KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачуктың қысқаша жауаптарында.

Өндіріс нәтижелері туралы

Жалпы 2016 жылдағы өндірістік нәтижелер қанағаттанарлықтай деңгейде – біз барлық көрсеткіштер бойынша мойынымызға алған міндеттемелерді орындадық. Әрине, одан да жақсы көрсеткіштерге, әсіресе, Бозшакөлдегі іске қосу-реттеу жұмыстары кезінде, қол жеткізгіміз келген. Алайда, бірқатар себептермен біз көздеген меженің орта тұсы шамасына жеттік. Нақты айтқанда, ауа райы, электр қуатын жеткізудегі үзілістер, жабдықтардың тоқтауы әсер етті. Дегенмен жалпы компания бойынша алатын болсақ, көңілім толады. 2017 жылы бұдан да жақсырақ жұмыс істеп, барлық міндеттерді барынша орындаймыз деп ойлаймын.

Компанияның таяудағы болашағы туралы

Таяу уақытта бар назарды ең алдымен Ақтоғайдағы іске қосу-реттеу жұмыстарына, Бозшакөлдің 100%-дық өндіріс қарқынына, Артемьев кенішінің екінші кезеңін салуға аудару қажет. Ал кейін, айталық, 2018-2019 жылдары бұдан әрірек болашақты ойлаймыз. Біздің бүгінгі міндетіміз барлық кәсіпорындардағы 100%-дық өндірісті қамтамасыз етіп, Шығыстүстімет пен Бозымшақтың өндіріс қарқынын сақтап қалу.

Өркендеу жобаларын іске қосқаннан кейінгі сезім туралы

Тау-кен өндірісі саласындағы мамандардың азы ғана бұл жобалардың табысына сенген. Сол себепті құрылыс кезінде нарық тарапынан біздің акциялар өте төмен бағаланды. Мұндай қатерлерді жеңіп, кәсіпорындарды іске қосқаннан кейін белгілі өндірістік көрсеткіштерге жететіндігімізге ешкім сенбеді. Алайда үлкен командалық жұмыстың арқасында қолымыздан бәрі келді.  Бұл тек қазақстандық ауқымдағы оқиға емес, бұл туралы бүкіл әлемлегі тау-кен өндіріс саласында белгілі болды. Шынымен бұл ас ауыр, бірақ қолдан келген іс болды. Бұл тәжірибемізді болашақ жобаларда да қолданамыз деп ойлаймын.

Шығыстүстіметтің болашағы, ЮСШ тоқтауы, «Артем-2» туралы

Шығыстүстіметтің болашағы зор. Ол әлі талай жылдар бойы жұмыс істейтін болады. Біз қолда бар қуатымызды барынша жүктеуге күш салып отырмыз.

Юбилейно-Снегирихин шахтасының тоқтауы тосын оқиға болған жоқ. Бұл көп жылдар бұрын жоспарланған еді. Кеніштің қорлары толығымен таусылғандықтан оның жұмысы тоқтады. Бұл қалыпты жағдай. Біреулер ойлағандай адамдарды қысқарту емес. Жер қойнауын пайдалану келісімшартына сәйкес ЮСШ жұмысы 2015 жылы тоқтауы тиіс еді. Дегенмен қосымша геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде қосымша кен анықталып, оны қазу бізге тиімсіз болса да, біз қызметкерлеріміздің шарттарын барынша ұзартуға тырыстық. Бұл уақытта біз қызметкерлерді басқа кәсіпорындарымызға орналастырып, басқа жұмыс таңдауына мүмкіндік бердік.

«Артемды» дамыту – Шығыстүстіметтегі біздің басым бағыт. Қазір біз екінші кезектің құрылысына қатысты жобалық құжаттарды жасауды аяқтап, құрылыс жұмыстарының басталуы және бұл кәсіпорынды қаржыландыру түрлері туралы шешім қабылдап жатырмыз. Алайда бұл жоба іске асатынына және Артем-2-нің құрылысы аяқталғанда Артемьев шахтасының «өмірі» ұзаратына сенімім 100%.

Бозымшақ және оның жоспарлары

Бұл нағыз үлгі болар ұжымдардың бірі. Бозымшақтың болашағы да зор. Бастапқыда жоспарланғандай біз ашық кен орынды игереміз. Сонымен қоса, кен денесінің жерасты бөлігін қазуға да дайындық жүріп жатыр. Дегенмен бұл мәселені мұқият зерттеп, барлық көрсеткіштерді есептеу қажет. Себебі мұны іске асырғанда ол компанияға барынша тиімді болуы керек.

Металдар нарығы және мыстың болашағы туралы

Мен мыс нарығының дамуына сеніммен қараймын. Өйтпегенде, бұл индустрияда жұмыс істемейтін едім. Осыдан 10 жыл бұрын, 2000-жылдардың басындағы супер цикл, яғни мыстың тоннасы 8-9 мың доллар болға кезең үнемі жалғаспайтынын білдік. Дегенмен 1990-жылдардың бас кезіндегі тоннасы 1200-2500 доллар болатын деңгейге түспейтініне сенімді болдық. Бірақ кейбір талдаушылар менімен келіспеді. Мыстың жағдайы ерекше. Егер 20 жыл бұрынғы кезге көз тастасақ, кеннің құрамындағы мыстың үлесі шамамен 1,3%, 1,2% болғанын көреміз. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш жарты пайыз, ең көп дегенде 0,6%. Бір тонна мыс өндіру үшін 20 жыл бұрынғы кезден қарағанда екі есе көп кен шығару керек. Бұл уақытта мыстың жай ғана көріністеріндей болған жерлер қазір толыққанды жобалар болып табылады. Мыс өндірісінің өзіндік құны өсті. Себебі тау-кен жұмыстарының көлемі артты, технологиялар өзгерді, жабдықтар қымбаттай түсті. Бірақ сонымен қатар мысқа деген сұраныс та артып келеді. Қазір төртінші индустриялық революция, жаңа технологиялар, электр қуатының балама көздері, электрмобильдерге көшу және т.б. туралы көп айтылып жүр. Қай саланы алып қарамасақ та, бұл болашақта көмірден, мұнай  мен газдан электр қуатына көшу. Бұл технологиялар тиімді, әрі экологиялық таза. Әрине, мысты пайдалану айтарлықтай артады.

Мәселен, бензинмен жүретін қарапайым автокөлікті шығару үшін 15 кг мыс қажет екен, ал электрмобильге – 75 кг керек. Олардың саны жақын уақытта өсе беретіні анық. Онымен қоса халықтың саны да артып жатыр. Бүгін адамдар саны шамамен 7,4 млрд, ал 2050 жылы 9,8 млрд адам болады деген болжам бар. Бұл жағдай мыстың тұтыну деңгейінің артуына алып келеді. Өкінішке қарай, мыс өндірісі мұндай қарқынмен артып отырған жоқ. Сол себепті таяу жылдары мысқа деген сұраныс тұрақты, бірақ циклдық өзгерістермен болады деп сенемін. Сондықтан біздің компаниямыздың болашағы жарқын, ұзақ және табысты. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов