KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Алтайдың кен танушылары. Усть-Таловка

05.05.2018

Қарау саны: 40

; assetEntryID = 696480

Николаев карьерінің жанынан бейне бір құстардай жылдар зымырам өтіп жатыр. Бір кездері ол мыс-химиялық комбинатының құрамында еді. МХК ШҚО Шемонаиха ауданының Усть-Таловка ауылы үшін негізгі кәсіпорын болды. Жылдар өте карьер жерасты кенішіне айналды. Ал кейін тіпті жабылып қалды. Оның орнына басқа кәсіпорындар келді. Бүгін біз Артемьев өндірістік кешенінің тарихына көз жүгіртеміз. Мақсатымыз - жастарға жерлестері туралы айту, ал аға буынның есіне ертеректегі жылдарды салу.

2017 жылы МХК-АӨК 50 жыл толды – адам үшін нағыз өмірдің қызып тұрған кезі. 20 жылдан астам уақыт бұрын Қазақмыс корпорациясы МХК нысандарында өз жұмысын бастады. Ол кезде комбинаты Николаев алаңының құрамында еді. Дегенмен оның тарихы тереңде жатыр.

Архив мәліметтеріне сүйенсек, Алтайда тау-кен ісі ежелгі заманның өзінде болған көрінеді. Бұл кезде мұнда Чуди тайпасы өмір сүрген екен. Оның кен танушылары пайдалы қазбалары бар кен орындарды ашу ісімен адамды таң қалдырады. Мамандардың айтуынша, дәл осы тайпалар Николаев кен орнын игере бастаған. «Рудная» тауының жайпақ бөктерінде қалған қазбалар мен үйінділер 18 ғасырда кен іздеушілерді қызықтырды. 1751 жылы Бергер Политов Николаев карьерінің ашылуын сипаттап жазған. Сол жылы Николаев кендері Колыван зауытында алғашқы рет тәжірибелі түрде балқытылды.

1781- 1870 жылдар аралығында мұнда 60 тонна күміс, 988 тонна қорғасын және 14 тонна дайын мыс өндірілді. Сонымен қатар, ілеспе өнім ретінде алтын да өндірілді (әр тоннаға 9 грамм). 1870-1925 жылдар аралығында жұмыстар тоқтап қалды. Тек 1946 жылы Николаев карьерін игеру одан әрі жалғасты. Дегенмен аршу жұмыстары 1964 жылы ғана басталды.

В1967 жылы ҚазКСР Министрлер кеңесінің 1967 жылғы 28 наурыздағы №357 жылғы өкіміне сәйкес Мыс-химиялық комбинат құрылды. Ал 1968 жылдың өзінде оның қуаты жылына 100 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар, 1986 жылы Покровское, Крючковское, Шемонаихинское сияқты ұсақ кен орындарда игеріле бастады. Ал Камышинское кен орны Артемьев кеніші мен шахтасына бастау болды десек артық айтқандық болмас. 1979 жылдан бастап комбинат Одақтың табысты кәсіпорындарының қатарына кірсе, комбинат қызметкерлері өндірістік көрсеткіштері бойынша Кеңес одағындағы үздіктер қатарында болды. МХК-нан үлгі алып, еңбекті ұйымдастырудың бригадалық формасы құрылды (айталық, В. Шабановтың, С. Бычковтың, Н. Гладковтың, Н. Зазыкиннің және т.б. бригадалар). Сол заманды өз көзімен көрген аға буын өкілдері атап өткендей, жастар еңбекақыны емес, болашақты, кеніштің тағдырын ойлап, бар күш-жігерімен жұмыс істеген.

70-80 жылдардың басында тау-кен жабдықтары жаңарды - 48-110 тонналық БелАЗдар келді,  ұғымаларды СБШ-250МН бұрғылау станоктары бұрғыласа, оларды арнайы машиналар зарядтаған. Тау массасын шығаруға шөмішінің көлемі 5-8 текше метр болатын ЭКГ-4,6 және ЭКГ-8 экскаваторлары, Т-300, ДЭТ-250 бульдозерлері пайдаланылды. Тәжірибелі басшы, автомобиль маманы Б.Е. Кошелевтің бастамасымен КСР түсті металлургиясында алғаш рет автокөлік цехы еңбекті ұйымдастырудың бригадалық үлгісіне көшті. Жұмыстың нәтижесі бойынша МХК-да жаңа жүйеге үйретудің Бүкілодақтық мектебі жасақталды. Оның жұмысына экскаваторшылар арасынан Василий Шабановтың, Сергей Бычковтың, бұрғылаушылардың арасынан Николай Гладковтың және Николай Зазыкиннің, Петр Фефеловтың бригадалары, ірі жүк көліктерінің Валерий Борисов және Владимир Омельченко басқаратын бригадалары атсалысты.

Үздік бригадалар қатарында, әрі көптеген жарыстардың жеңімпаздары ретінде Алексей Бабиннің, Василий Спивактың, Владимир Кобзевтің, Николай Роговтың, Нұрғали Манатаевтың, Махмұд Тайыповтың бригадалары көрінді.

60-70-80 жылдары МХК жұмыс нәтижесі бойынша Бүкілодақтық жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп жүрді. Ал кәсіпорынның басшылығы мен ұжымы жаңашыл көзқарасты және тау-кен өндірісіне жаңа технологиялардың енгізуді қолдады.

МХК-ның үздік экскаваторшыларының бірі туралы ерекше сөз қозғағымыз келді. Біз Василий Шабановтың ұлы Владимирмен кездесіп, оның әкесінің өмірі жайлы сұрастырдық. Василий Иванович 1926 жылы дүниеге келген. ҰОС қатысып, ерлігі үшін медальдерімен, ҰОС орденімен марапатталған. Үш рет жараланған. 1964 жылы отбасымен бірге Усть-Таловка ауылына көшіп келеді де, алғашқы экскаваторды құрастыруға қатысады. Василий Афиногенович Ляпуновпен бірге, бригадамен бірге Николаев карьерінің аршығандағы алғашқы шөмішті 1964 жылға 25 мамырда шығарды.  

 

«Әкем қағидатшыл, жауапты адам еді. Өндіріске жаны ашып тұратын, жұмысын өте жақсы көретін. Бұл заманның адамдары үшін жұмыс әрдайым бірінші орында болған сияқты ғой. Ол әріптестерінің арасында ғана беделді болған жоқ. Оның пікіріне МХК-ның басшылығы да сүйенетін», – дейді Владимир Шабанов.

Сондай-ақ, біз құрметті зейнеткер, қазір де АӨК-нің жұмысын бақылап жүрген Дмитрий Николаевич Поляковпен кездестік. Ол Магадан политехникалық техникумын тәмамдаған соң 1967 жылы Шығыс Қазақстан мыс-химиялық комбинатында жұмысқа келеді. Бұл кезде кәсіпорын Глубокое ауылындағы Ертіс полиметал комбинатының құрамында еді. Дмитрий Николаевич алғашында геодезист болып жұмыс істеді, кейін кеніштің ӨТБ басқарды.

«МХК өнім ретінде негізінен мыс және мырыш концентратын шығарды және қосалқы цехтардың қызметін ұсынды. 90 жылдары ҚР қалыптасып, Азия өңіріндегі қиын жылдардың орнаған кезі еді. Бұл комбинат үшін қиын кезең болды. Дегенмен сауатты басшылық пен барлық шығындарды қысқартудың, өзіндік құнды азайту жөніндегі іс-шаралардың, өндірістегі қатаң тәртіптің арқасында жұмыс жалғаса берді. Үнемдеудің бір жолы – қарапайым жарылғыш заттарды дайындау және пайдалану», – деп еске алды Дмитрий Николаевич.

1994-2012 жылдардағы жұмысы жайлы, әріптестері туралы МХК-АӨК бас энергетигі Геннадий Васильевич Матухно да ерекше жылулықпен айтады. Ол өзінің еңбек жолын мектептен түлеп шыға сала, тау-кен жабдықтарын жөндеу жөніндегі 3 разрядтағы слесарі болып бастады. Сосын Свердлов қаласындағы тау-кен институтындағы оқу жылдары болды. Сөйтіп, 1972 жылы жас тау-кен инженер-энергетигі Николаев карьеріне қайта оралады. Сол уақыттан бастап Геннадий Николаев карьерінің энергетигінен бастап МХК бас энергетигі лауазымына дейінгі мансап жолынан өтті.

«Өзімнің әріптестерім мен ұстаздарым В.Е. Семенченконы, А.М. Новомлинцевті, И.С. Зуевті, В.П. Серегинді, Л.В. Нифонтовты атап өткім келеді. Олар бізді кәсіптің ғана емес, өмірдің қыр-сырына үйретті. Жас мамандарға айтарым – жоғары лауазымнан емес, қарапайым жұмысшы мамандықтардан бастаған жөн еңбек жолын. Сонда ғана қол астында жұмыс істейтін адамдардың көзіне ұялмай қарай аласын», – дейді ол.

Ертерек уақыттағыдай МХК-ның «мұрагері» Артемьев өндірістік кешені Усть-Таловка кентіне ғана емес, Шемонаиха қаласы үшін де негізгі кәсіпорындардың бірі. Оның құрамына Артемьев шахтасы мен Николаев кен байыту фабрикасы, сонымен қатар бірқатар цехтар кіреді.

Николаев кен байыту фабрикасы 1980 жылдың желтоқсан айында пайдаланылуға берілді. Жақында мұнда кең ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында өңдеу көлемі артып, металды бөліп алу жақсарды.

Артемьев кен орыны 1984 жылы ашылған, ал Артемьев шахтасы 2005 жылы іске қосылды.

Кәсіпорын мүмкіндігінше өңірге су тасқынына қарсы шараларда, жолға құм себуде, қыста жол тазалуға көмек көрсетеді.

Усть-Таловка кентінде 6 мыңға жуық адам тұрады. Жұмыс істейтіндердің басым  бөлігі – бұл АӨК мен қосалқы цехтардың қызметкерлері. Мұнда 278 балаға арналған балабақша, Астафьев атындағы 621 орындық мектеп жұмыс істеп тұр. Балалар өнерінің мектебі де бар. Онда 17 ұстаз 7 үйірме мен 5 бөлімшеде сабақ береді. Жергілікті тұрғындарға 13 дәрігер 10 орындық ауылдық учаскелік ауруханада қызмет көрсетеді. Елді мекендегі спорттық-денешынықтыру кешенінде 17 секция бар. Мұнда 11 жаттықтырушы жұмыс істейді. Кешен күніне 170 адамды қабылдай алады.

 

Константин Докучаев,

Усть-Таловка кенті

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов