KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Ақтоғайға тағылымгерлер келді

20.08.2018

Қарау саны: 51

; assetEntryID = 695605

Ақтоғайда 40-қа таяу тағылымгер өздерінің алғашқы вахталарын аяқтады. Жақында ғана техникалық университетті тәмамдаған жастар енді KAZ Minerals Тобының өркендеу жобасындағы жұмыстың толыққанды мүшесі. Оған қол жеткізу үшін олар өздері сияқты металлургия мен кен байыту саласында білім алған жас мамандар арасында өткен қатаң іріктеуге қатысты.

«Бағдарламаның мақсаты – кәсіпорынымызды жас, әрі білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Бағдарлама жас мамандарға еңбекақы төлей отырып, бір жыл бойы оларды оқытып, тағылымдамадан өткізуді көздейді. Оқыту екі ай бойы жүреді. Оның аясында қауіпсіздік техникасы мен өндірістік оқытуға ден қойылады. Одан кейін тағылымдамадан өтіп жатқан жас мамандар өндірістік учаскелерге барып, практикалық сабақтардан өтеді, жұмысын бастайды. Әр жас маманға тәлімгер көмектесетін болады», – дейді Бауыржан Абылқасымұлы, Ақтоғай КБК Қызметкерлермен жұмыс істеу басқармасының басшысы.

Бағдарлама туралы бастама көтерген мамандардың айтуы бойынша тағылымдама туралы шешім 2017 жылы қабылданған екен. Сол кезде дайындық жұмыстары басталды – КБК-нің мамандары өндірістік бөлімшелердің басшыларымен ақылдасты, бейінді университеттермен және колледждермен  кездесіп, келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде флотаторлар, металлургтер, механиктер және тағы басқалар сияқты 12 техникалық мамандықты қамту туралы шешім қабылданды. 

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне, Аягөз политехникалық колледжіне және ШҚО-ның өзге колледждеріне басымдық берілді. Сонымен қатар, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің және Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттеріне де мүмкіндік жасалды.

«Біздің университетке KAZ Minerals-тан студенттерді тәжірибеден өткізуге тапсырыс келді. Конкурсқа қатысқысы келгендер екі кезеңді тестілеуден өтті. Содан кейін сұхбаттасу болды. Іріктеуден өткен соң бізді осында шақырды, еңбек шартына қол қойылды. Біздің топтан бес адам өтініш беріп, олардың арасынан іріктеуден мен ғана өттім. Сондай-ақ, кен байытушылар тобынан және металлургиядағы қазақ тобынан өткендер бар», – дейді Карина Зикирова, Серікбаев атындағы ШҚМТУ түлегі.

Тағылымдамаға келген әрбір маман үшін жеке дамыту жоспары жасалады. Қазірдің өзінде жастар іс-қызметіне сәйкес топтарға жіктелді. Әр топтың өзіндік өндірістік оқыту ерекшеліктері бар.

«Ең алдымен бізге қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі ережелерін және алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін үйретті. Бізге қауіпсіздік техникасы ең басты дүние екенін күнделікті қайталап, айтады. Бұл қағида бәріміздің санамызға жазылып қалған сияқты. Маған ұстаздар құрамы өте ұнайды, өте сауатты адамдар. Бізге студенттерге емес, қатарлас әріптестеріне сияқты қарайды. Әрине, қазіргі оқыту университеттегі теориялық білім алудан ерекшеленеді. Университетте оқып жүренде біз реагенттерді мүлдем қарастырмағанбыз. Ал мұнда қандай реагент қай жерге, қандай мөлшерде қосылуы керектігін егжей-тегжейлі үйретеді. Оның бәрін іс жүзінде көріп жүрміз», – дейді Карина.

Әр жас маманға Ақтоғай КБК-нің тәжрибелі қызметкерлерінің қатарынан тәлімегерлер бекітілген. Тәлімгерлерді ынталандыру үшін оларға арнайы қосымша ақы да көзделіп отыр.

«Себебі, қазір олардың жауапкершілігі екі еселенді – олар өздеріне және өзінің тағылымгеріне жауапты. Жалпы біз жастарды дұрыс таңдадық деген ой қалыптасты. Олар бірден өздерінің болашақ басшыларына, кураторларына жақындап, сұрақ қойып, тағылымдама шарттарына және өндірістік учаскелердегі жұмыс жағдайларына қызығушылық танытып жатты. Тағылымдама кезінде өздерін жақсы көрсете білген мамандармен біз тұрақты еңбек шартын жасауға дайын екендігімізді айтқым келеді. Тағылымгерлер тек қана еңбекақы алып қоймай, біздің сыйақы бағдарламамыздың қатысушылары болып табылады. Яғни, енді олар біздің командамыздың бір бөлігі», – дейді Бауыржан Абылқасымұлы.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов