KAZ Minerals өзінің қызметкерлеріне және сыртқы аудиторияға арналған медиа өнімдерді шығарады.

null Ақтоғайдың үстінде қалықтаған ұшақ

01.11.2016

Қарау саны: 0

Биыл күзден бастап Ақтоғай КБК маркшейдерлері Q-200 Surveyor ұшқышсыз ұшақты пайдалана бастады. Ұшқышсыз ұшақ (халық арасында - "дрон") геодезиялық жұмысты жеңілдетіп, оның нәтижелерін жақсартады. Ол өз кезегінде кен орынды игерудің тиімділігін арттырады. 

Дронның жұмысы бір қарағанда оңай сияқты - аспанда қалықтап, берілген траектория бойынша түсірілім жасайды да, қайта оралады. Бұрын көп күш пен уақытты талап ететін жұмыс бүгін тезірек, әрі оңайрақ жүзеге асады. 

Есенгелді БИЖАНОВ, аға маркшейдер, KAZ Minerals Aktogay:

- Қолданыстағы маркшейдерлік қызметке ондаған жылдар болды. Сол себепті технологиялардың дамуы кез-келген маман үшін қуанарлық жағдай. Бізде соны күтеміз. Егер бұрын бір әдісті қолдансақ, кейін тахометрлер қолданысқа енді, сосын GPS технологияларды қолдана бастадық. Ал қазір дронды басқарып үйреніп жүрміз. Ол өте сапалы суреттерді түсіреді. Әдетте компаниялар биіктен түсірілген суреттер үшін кәдімгі ұшақты пайдаланады. Бірақ ол өте қымбатқа түседі және көп компаниялардың бұған шамасы жетпейді. 

Есенгелді Бижановтың айтуы бойынша Ақтоғайдағы маркшейдерлік қызмет карьерді түсірумен айналысып жүр. Себебі маркшейдердің қызметіне жер қойнауын игеру жөніндегі барлық жұмыстар байланысты. Олар жер бетінің кеңістікті-геометриялық өлшемін жасайды. Кейін бұл өлшемдер тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарына қажетті карталар мен жоспарларға салынады. 

- Жиі түсіресіздер ме?

- Күнделікті.  Біз жоспарлаудың негізін саламыз. Жоспарға әр нүктені енгізіп, біздің геологтарға, инженер жоспарлаушыларға береміз. Сонымен қатар карьерден келген кен жиналатын жерді де күнде түсіреміз. Ол үшін біздің мамандар арнайы оқудан өтті. Қазір КБК-да дронды  сегіз адам басқара алады. 

- Оларды кім үйретті? 

- Англиядан келген тренерлер. Олар өндіруші компанияның өкілдері еді. Алдымен осы адамдар білім алды. Ал қазір, қажет болған жағдайда қашықтықтан техникалық қолдау ала аламыз. 

- Дрон сатып алу туралы бастаманы кім көтерді?

- Идеяның авторы  - Гевин Чешир, бас маркшейдер. Ол әлем елдерінде қолданылып жатқан жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізудің жолдарын үнемі іздеп жүреді. Сатып алардан бұрын түрлі дрондарды қарастырып, осыған тоқталды.

- Жалпы дрондардың пайда болғанына аса көп уақыт болған жоқ. Дегенмен ол өте танымал құралға айналды. Оны балалардан бастап әскери қызметтерге дейін қолдана бастады. Ал бұл модель орташа дүние дүние сияқты. Ол арнайы өндірістік мақсатта шығарылған ба? 

- Иә, бұл QuestUAV компаниясы шығарған Q-200 Surveyor арнайы ұшағы. Бұл компания 2008 жылы құрылған, басшысы  -  Найджел Кинг. Ол бұрыңғы әскери ұшқыш және әскери әуе күштерінің нұсқаушысы. Ұшқышсыз ұшақтармен де айналысқан. Ол түрлі модельдерді жасаған. Азаматтық мақсаттағы үлгілерді де жасады. Мәселен, ауыл шаруашылығы үшін. 

- Қымбат па? 

- Барлық датчиктерін, камераны, 16 аккумуляторымен санағанда 45 мың доллар.

- Басқа коптерлерге қарағанда басқаруы өзгеше шығар?

- Иә, оқыту оңай емес. Сондықтан жан-жақты білім береді және бірнеше күнге созылады. Дрон тек гаджетпен және пультпен қана басқарылмайды. Басқару пультіне түрлі бағдарламалар орнатылған ноутбук жалғанады. Экранда ұшу траекториясы, ұшу кезіндегі барлық мәліметтер көрінеді. Ұшақты ұшыру сәті өте маңызды.  Желдің жылдамдығы, бағыты, қолды қалай ұсату керектігі, барлығы есепке алынады. 

- Ал әріптестеріңіз қалай меңгерді? 

- Теорияны тәжірибемен толықтырып жатырмыз. Ілгерілеу бар. 

- Ал өзіңіз ұшыра аласыз ба? 45 мың доллар жерге топ етіп құлайды деген ойлар мазалайтын шығар?

- Иә (күледі).  Сондай және жөндеу қымбатқа түседі деген ойлар. Себебі қосалқы бөлшектерді Англиядан, өндіруші компаниядан тапсырыс беріп алдыруға тура келеді. 

- Қысқаша дронның сипаттамасын айтып беріңізші

- Жылдамдығы - минутына 1 км жуық. Ұшу қашықтығы  – 55-60 км. Бір ұшу бір сағатқа дейін созылады. Бұл үлкен аумақтарда және жету қиын орындарда маңызды.  Мәселен, шоғырлы сілтісіздендіру панельдерін алсақ, бастапқыда ол жаққа жаяу баруға болатын. Ал қазір барлық жерде қышқыл, жету қиын дегендей. 

- Ал келесі технологиялық қадам қандай болар екен? Ойлап көрдіңіз бе?

- Білмеймін. Мүмкін кабинеттен шықпай барлығын жасауға болатын шығар. Қажетті бағдарламаны қоссан болды, ұшақ барлығын өзі түсіріп, мәліметтерді жинақтайды. Кім біледі...

Сұхбаттасқан Алмас Садықов

Ұшақты ұшыру туралы роликті көріңіздер

Ұшақ түсірген бейне

 
0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов