KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null 6 қазандағы металдар нарығы

06.10.2017

Қарау саны: 16

; assetEntryID = 700074

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владимир Одинцов дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $6453,0-дан $6511,0-ға дейін қымбаттады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 298,5 мың тоннадан 296,0  мың тоннаға дейін азайды.

Мыстың LME биржасындағы бағасы тоннасына 2016 жылдың желтоқсан айында $5666,2, қаңтарда - $5737,4, ақпанда - $5941,5, наурызда – $5821,5, сәуірде - $5697,6, мамырда - $5587,8, маусымда - $5699,4, шілдеде - $5978,6, тамызда - $6478,1, қыркүйек айының өткен күндерінде $6618,1-ды  құрады.

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $7569,1 деңгейінде қалды.

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 141,3 мың тоннадан 103,1 мың тоннаға дейін азайды.

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $3370,0-дан 3350,0-ға дейін арзандады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 251,7 мың тоннадан 251,0 мың тоннаға дейін азайды

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы тоннасына 2016 жылдың желтоқсан айында $2671,7, қаңтарда - $2713,0, ақпанда - $2848,4, наурызда – $2781,7, сәуірде - $2633,0, мамырда -  $2589,3, маусымда - $2571,0,  шілдеде - $2785,1, тамызда - $2981,8, қыркүйек айының өткен күндерінде $3107,5-ды  құрады.   

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға юаньнен аударғанда бір тоннасы $3916,0 деңгейінде қалды.  

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры 67,2 мың тоннадан 64,5 мың тоннаға дейін азайды.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынның кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1275,5-дан $1275,3-ға дейін, ал күміс $16,82-дан $16,66-ға  дейін арзандады.

New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде алтынның троялық унциясы үшін бағасы $1273,7-дан $1273,8-ға дейін қымбаттаса, ал күмістің бағасы $16,56-дан $16,64-ға дейін қымбаттады.

 
0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов