KAZ Minerals жыл сайын өзінің қызметкерлеріне арналған көптеген жобаларды іске асырады.

null 2017 ЖЫЛДАҒЫ ҮЗДІК ЖОБА

04.09.2017

Қарау саны: 0

Корпоративтік құндылықтар саласындағы "2017 жылдың үздік жобасы" атты конкурс жарияланды. Былтырғы сияқты биыл да конкурсқа бір немесе бірнеше корпоративтік құндылыққа сәйкес келетін жеке немесе ұжымдық жобаны жүзеге асырған KAZ Minerals Тобының барлық қызметкерлері қатыса алады. 

Конкурсқа қатысу үшін үлгіге сәйкес толтырылған өтінішті konkurs@kazminerals.com электронды поштасына 2017 жылғы 10 қазанға дейін жолдау қажет.

Қатысушы жобаларға қойылатын міндетті талаптар:

  • Жоба 2017 жылы іске асырылуы тиіс;
  • Жоба бастамашыл негізде (жоба туралы бастамаға компания емес, қызметкер түрткі болды) болуы тиіс;
  • Жоба функционалдық міндеттердің аясынан тыс болып, корпоративтік құндылықтардың жарқын көрінісі болуы тиіс;
  • Компания үшін жаңашыл, түпнұсқалы және қолданысқа маңызды жоба;
  • Жобаға қатысушылар  – тек жобаны жоспарлауға, дайындауға және іске асыруға қатысқан қызметкерлер

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы қаласында өтетін марапаттау рәсіміне және оқыту-ойын-сауық бағдарламасына қатысады. Сонымен қатар, естелік сыйлықтармен және жетістіктерді тану белгішелері табысталады. 

1-орын - 5 белгіше

2-орын – 4 белгіше

3-орын – 3 белгіше

Конкурсқа қатысқан үшін әр қатысушы бір-бір белгішемен марапатталады. 

Ең қызықты жобалар корпоративтік газеттің арнайы шығарылымында және kazminerals.info сайтында жарияланады.

Барлық мәселелер бойынша Топтың оқыту және даму бөліміне (15542 ішкі нөмірі) немесе  konkurs@kazminerals.com электрондық поштасына хабарласуға болады.  

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов