KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null 2 наурыздағы металдар нарығы

02.03.2017

Қарау саны: 17

; assetEntryID = 707775

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $5936,0-дан $6040,0-ға дейін қымбаттады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 203,1 мың тоннадан 200,7 мың тоннаға дейін артты.

Мыстың LME биржасындағы бағасы бір тоннаға 2016 жылдың тамыз айында $4758,2, қыркүйекте - $4707,0, қазанда - $4732,1, қарашада - $5443,2, желтоқсанда – $5666,2, қаңтарда - $5737,4,  ақпанда - $5941,5.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тоннасына $5961,2-дан $6009,7-ға дейін қымбаттады.

Шанхайлық Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде, юаньнен аударған кезде бір тоннасы $6934,4-дан $7008,7-ға дейін қымбаттады. 

Шанхай фьючерстік биржасының қадағалауындағы мыс қорлары өткен аптада 295,7 мың тоннадан 289,8 мың тоннаға дейін азайды.

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 1 наурызда мыс бойынша сауда-саттық Нью-Йоркте, Лондонда және Шанхайда қымбаттады. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $2813,0-дан $2872,0-ға дейін қымбаттады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 384,1 мың тонна

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы бір тоннаға 2016 жылдың тамыз айында - $2282,7, қыркүйекте - $2292,4, қазанда - $2314,1, қарашада - $2568,8, желтоқсанда – $2671,7, қаңтарда - $2713,0, ақпанда - $2848,4.       

Уақыты бойынша соңғы орындалатын фьючерстік мырыш келісімдері (settlement) үшін Шанхайдың Shanghai Futures Exchange (ShFE) биржасында ресми баға маусым айында юаньнен аударғанда бір тоннасы $3320,9-дан $3336,9-ға дейін қымбаттады.  

Шанхай биржасы мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры 197,4 мың тоннадан 197,8 мың тоннаға дейін артты.

1 наурызда биржа саудалары Лондон мен Шанхайда қымбаттады. 

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) алтынның кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде унциясына $1255,60-дан $1240,40-ға дейін арзандады, ал күміс $18,28-дан $18,33-ға дейін қымбаттады.

New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде алтынның троялық унциясы үшін баға $1252,6-дан $1248,9-ға дейін арзандады, ал күмістің бағасы $18,42-дан $18,44-ға дейін қымбаттады.

1 наурызда Лондон мен Нью-Йоркте алтынның бағасы арзандап, күмістің бағасы қымбаттады. 

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов