KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null 15 желтоқсандағы металдар нарығы

15.12.2016

Қарау саны: 33

; assetEntryID = 711781

Метал нарығына шолуды шетелдің басылымдары негізінде Владислав Николаев дайындады. 

МЫС НАРЫҒЫ

Соңғы сауда күнінде, Лондондық метал биржасында (London Metal Exchange, LME), дереу құнын төлеу мен жеткізу керек қолма-қол мыстың ресми бағасы тоннасына $5765,5-дан $5735,0-ға дейін арзандады.

LME биржасының қадағалауындағы қоймаларда, соңғы сауда күні мыстың қоры 258,1 мың тоннадана 278,1  мың тоннаға дейін артты.

Қолма-қол мыстың LME биржасындағы бағасы бір тоннаға орташа бағасы 2016 жылдың тамыз айында $4758,2, қыркүйекте - $4707,0, қазанда - $4732,1, қарашада - $5384,1, орта есеппен желтоқсан айының өткен күндерінде $5803,9 құрады.

COMEX (Нью-Йорктік New York Mercantile Exchange, NYMEX биржасының бөлімі) алаңындағы уақыты бойынша соңғы орындалатын мыстық фьючерстік келісімшарттардың ресми бағасы (settlement), соңғы сауда күнінде бір тонна үшін $5716,5-дан $5732,0-ға дейін қымбаттады. 

Биржалардың және Reuters, Bloomberg, Dow Jones Newswires, Metal Bulletin және басқа да ақпарат көздерінің хабарлауынша 14 желтоқсанда мыс бойынша сауда-саттық Лондонда арзандап, Нью-Йоркте қымбаттаумен аяқталды. 

 

МЫРЫШ НАРЫҒЫ

Лондон метал биржасына (LME) саудасының соңғы күнінде төлемі мен жеткізілімі жеделдетілген мырыштың ресми бағасы тоннасына $2735,5-дан $2736,5-ға дейін қымбаттады.

LME мониторинг жүргізетін қоймадағы мырыш қоры соңғы сауда күнінде 435,8 мың тоннадан 434,9 мың тоннаға дейін азайды. 

LME кестесінде мырыштың орташа бағасы бір тоннаға 2016 жылдың тамыз айында - $2282,7, қыркүйекте - $2292,4, қазанда - $2314,1, қарашада - $2527,9, орта есеппен желтоқсан айының өткен күндерінде $2729,0 құрады.       

14 желтоқсанда биржа саудалары Лондонда қымбаттады.

 

АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС НАРЫҒЫ

Лондон нарығында (London Fixing) кешкілік фиксинг құны (PM Fixing) соңғы сауда күнінде алтынның бір унциясы үшін $1158,55-дан $1162,25-ға дейін, күміс $17,01-дан $17,11-ға дейін қымбаттады.

Уақыты бойынша жуық арада орындалатын фьючерстік келісімдер New York Mercantile  Exchange (NYMEX) Нью-Йорк тауар биржасының COMEX секциясында соңғы сауда күнінде троялық унция үшін алтын $1156,7-дан $1161,3,-ға дейін, күміс $16,91-дан $17,15-ға дейін қымбаттады.

14 желтоқсанда алтын мен күмістің бағасы Лондон мен Нью-Йоркте қымбаттады.

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов