KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Үстел ойындарының шеберлері

19.09.2018

Қарау саны: 42

; assetEntryID = 694969

Бозшакөлдің демалыс орталығында  үш күн бойы шахмат пен нард ойынынан қызу жарыстар өтті. Қатысам деушілердің саны өте көп болды. Ал жұмыс кестесін ескерсек, турнир түңгі және күндізгі ауысым болып бөлінді. Бұл жарыс барысында көптеген әріптестеріміз жаңа қырларынан танылды. Жарысқа қатысуға «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-мен қатар, мердігер ұйымдардың өкілдері де өтініш берді.  Жарыс барысында жеңіске деген құштарлық пен делебенің қозуы түрлі эмоционалдық көріністермен айшықталды. Ойын болғасын мұнда жеңімпаз да, жеңілген де болады. Дегенмен барлық ойыншыларды жанкүйерлер қолдарынан келгенше қолдады. 

Күндізгі ауысым қызметкерлерінің арасындағы шахмат турнирінің ақтық сыңында АТ қызметі техникалық қолдау маманы Азат Бөлебаев жеңіске жетті. 

 "Бозшакөлдің қызметкерлері арасында шынымен талантты шахматшылар өте көп. Осындай турнирді Топтык барлық қызметкерлерінің арасында өткізсек, жақсы болар еді", - деді ол. Азаттың шахматтан разряды бар. Ол шахматтан Сәтпаев қаласының бірнеше дүркін чемпионы. Екінші орынды «ORICA» ЖШС-нің қызметкері Серік Жаңбырбаев иеленсе, үшінші орынға кеніштің аға тау-кен инженері Кенесары Смағұлов табан тіреді.

Түңгі ауысымдар арасында "КӘАҚҚ" РМК-ның қызметкері Нұрлан Оразгұлов үздік атанды. Екінші орын кен байыту фабрикасы механикалық қызметінің кең профильді станокшысы Ержан Рахымжанның қанжығасында кетті. Үшінші орынды "Глобус" күзет агенттігінің қызметкері Қаныш Қисабеков қанағаттан тұтты.

 

 

Нард ойыны бойынша да күндізгі және түңгі ауысымдардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Екі ауысымдағы бірінші орындарды "САС"-Қазақстан ЖШС-нің қызметкері Әкрам Анарметов және "КӘАҚҚ" РМК қызметкері Ильяс Ибраев жеңіп алды. Екінші орындарға кен байыту фабрикасы механикалық қызметінің  слесарь-жөндеушілері Андрей Беккер мен Игорь Телегин жайғасты. Ал үшінші орындар "Жұмыс үй" ЖШС-нің қызметкері Фанис Набиуллин мен "Глобус" күзет агенттігінің қызметкері Нұрлан Бегімовтың еншісінде. Бозшакөл КБК қызметкерлерінің арасынан шыққан барлық жүлдегерлер мыс белгішелерімен марапатталды. 

 

 

 

 

Қуандық Рахметов, Бозшакөл

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов