KAZ Minerals компаниясында күн сайын түрлі ауқымдағы оқиғалар болып жатады.
Сүзгі:

null Үшінші тікелей желі

13.07.2017

Қарау саны: 77

; assetEntryID = 702191

Құрметті әріптестер!

Қыркүйек айында KAZ Minerals-тың дәстүрлі тікелей желісі өтеді. Мен үшін тікелей эфирдегі бұл жыл сайынғы сұхбат маңызды шараға айналды. Сіздердің хабарламаларыңыздан мен нақты проблемалар мен қиындықтар туралы біле аламын. Солардың арқасында жекелеген кәсіпорындарда да, жалпы Топ бойынша да жұмыс барысына және тұрмыстық жағдайларға өзгерістер енгізе аламыз. Мен тікелей желіге хабарласқан әрбір адамға алғысымды айтамын. Бұл сіздердің компания мен оның ішінде болып жатқан оқиғаларға алаңдайтындарыңызды көрсетеді.  

Биыл біз әрбір дивизионның болашағын, топ-менеджментте орын алатын өзгерістерге орай жоспарларымызды талқылаймыз, өткен тікелей желілерде берген уәделердің орындалуын пысықтаймыз, өндірістегі тұрмыстық жағдайлар, қысқа және ұзақ мерзімді міндеттер туралы сөйлесеміз.

Бұл шараның өткізу жағы алдын ала жоспарланып қойған деген сөздерді де естідім. Эфирге барлық сұрақтар өтпейді деп жатады біреулер. Олай емес. Бізде мұндай цензура жоқ! Сұрағыңыз болса, еш уайымдамай жолдаңыз, тікелей эфирде қойыңыз. Кез-келген сұраққа жауап беруге дайынмын. Сол үшін осы тікелей желіні ұйымдастырып отырмыз ғой. 

Байланыс жолдарын естеріңізге сала кетейін. Қазақстан бойынша тегін 8 800 080 1767 нөміріне немесе Топ бойынша 11 767 iшкi телефон нөміріне хабарласыңыздар. Хатыңызды online@kazminerals.com мекенжайына немесе сұрақтарыңызды www.kazminerals.info сайтындағы «Сұрақ-жауап» - «Басшылыққа сұрақ» бөліміне жолдаңыз. 

Жиі қойылатын сұрақтар және менің жауаптарым тікелей эфирде айтылады. Үшінші тікелей желі аясындағы сұхбатымыз корпоративтік БАҚ-да – «KAZ Minerals Инфо» газетінде, KAZ Minerals тележаңалықтарында және www.kazminerals.info сайтында жарияланады.

Нақты өткізілу уақыты мен көрсетілім орындары жайлы қосымша хабарланады. Сұхбаттың барысын сіздер реттейсіздер!

Құрметпен,

Олег Новачук

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы

0 комментария(-ев)

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20.04.20 10:33

test321

20.04.20 10:30

test123

27.03.20 02:47

Отличная новость!

26.03.20 11:37

Классное место!

26.03.20 08:43

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Показаны 5 из 5 элементов