В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Жезкенттік Аяз ата

07.01.2017

Қарау саны: 57

; assetEntryID = 710943

Жаңажылдық мерекелер - балалар асыға күтетін сиқырлы кезең. Сонымен қатар Жаңа жыл адамдардың мейірімділігіне сенуге көмектесетін уақыт. Түрлі себептермен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар үшін бұл ерекше қажет десек артық айтқандық болмас. 

Бұған дейін біз Орлов өндірістік кешенінің қызметкерлері Новошүлбі облыстық балалар үйін қамқорлыққа алғаны туралы айтқан едік. Әріптестеріміз балаларға қонаққа барды, ал жеткіншектер болса, қонақтарға арнап концерт ұйымдастырды. Бұдан кейін де жезкенттіктер балалармен байланыстарын үзген жоқ. Тәуелсіздік күні қарсаңында әріптестеріміз жолдаған тәтті сыйлықтар балаларға жол тартты. 

Дегенмен жаңажылдық қарбалас балаларға айрықша әсер етеді. Бұл көңілді мерекені біздің кішкентай достарымыз да асыға күтті. Жәй ғана күткен жоқ, Аяз атаға тілектерін жолдады. Хаттарында балалар түрлі нәрсе сұрапты. Біреулер планшет сұраса, енді біреулер сүйікті ойыншысының нөмірі бар футбол ойнауға арналған киімді аңсап жүрген айтқан екен. Ал енді біреулер "Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық пен амандық тілеймін. Мен кез-келген сыйлыққа риза боламын" деп қана жазған. 

Бірақ балалардың жолдаған хаттары Лапландиядағы Санта Клаусқа да, Великий Устюгтағы Аяз атаға да бармапты. Барлық тілектер Жезкентке, "Шығыстүстімет" ЖШС Орлов өндірістік кешенінің қызметкерлеріне жетті. Бұл әріптестеріміздің мерекелік іс-шарасы болған - олар балалар үйінің барлық балаларына сыйлық жасауды жөн санады. Балалар жолдаған хаттар барлық учаскелер мен бөлімдердің арасында таралды. 

"Кеудеміздегі сезімдер кернеп тұрды. Шыны керек уайымдадық. "Балаларға сыйлықтарымыз ұнай ма?" деп қобалжыдық. Барлығын дұрыс жасамасақ ше? Киімдер  мен аяқ киімдердің өлшемдері дұрыс па? Осындай сұрақтар мазалады. Әрине, барлығын алдын ала тәрбиешілерден сұрап алдық қой. Сонда да тыныш отыра алмадық. Кейбір балалар тым ұялып, шағын ғана сыйлық сұрапты. Олардың ұяңдығы үшін бонус ретінде қосымша сыйлықтар дайындадық. Әр учаскеенің өкілдерімен арнайы нұсқамалық өткіздік. Кім кімнен кейін шығатынын пысықтадық. Оларға сыйлықты тапсырғаннан кейін сөз алмай кете беруін өтінсек те, ешкім жәй кете алмады. Әркім балаларға деген өзінің жүрекжарды сөздерін жеткізуге тырысты", - дейді Ирина Лейман, инвестицияларды жоспарлау және мониторинг жөніндегі аға инженер. 

Балалар болса, жаңажылдық дәстүрге сәйкес мерекелік концерт ұйымдастырды. Сонымен қатар олардың әрқайсысы өз қолымен ойыншықтар, суреттер, аппликация жасапты немесе жаңажылдық тілексөз жазыпты.  

Әрбір тәрбиеленушінің жаңажылдық өтініші орындалды - олар аңсаған сыйлықтар қолдарына тапсырылды. Балалардың қуанышында шек жоқ: «Хатты жазып отырып, тілегім орындаларына аса сенбедім. Алайда 2016 жылғы 28 желтоқсанда армандар орындалатынына сене бастадым!", "Мен музыкалық орталық туралы көптен бері армандап жүрмін. Себебі, билегенді ұнатамын. Аяз атаға хат жазасын ба дегенде, арманым туралы жаздым.  Ол менің тілегімді орындаса екен деп күттім. Енді менде музыкалық орталық бар. Біздің балалардың барлығы қуанып жүр. Мұндай керемет жағдайға әлі сене алар емеспіз!"

Міне, осылай кеншілердің Жезкент ауылы Аяз атаның резиденциясына айналып кетті. 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items