В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Жастық жалын

21.11.2016

Қарау саны: 21

; assetEntryID = 712563

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Өскемен қаласына "Біздің №1" XVI өңірлік жастар форумы ұйымдастырылды. 

Форум екі кезең бойынша өтті. Алдымен ауыл жастарына арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылса, соңынан вен балы үлгісінде салтанатты шара өтті. Фрак киген жігіттер мен әдемі кешкі көйлек киген кербез бойжеткендер бидің ырғағына баурап нағыз балда жүргендей әсер қалдырды. 

«Қазір жастардың уақыты - сіздердің уақыттарыңыз! Әрдайым белсенді болыңыздар. Қазір бұған барынша жағдай жасалып отыр», - деді жиналғандарды құттықтаған Серік Жеңісов, ШҚО Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары.

Салтанатты шараның ең маңызды кезеңі - ол, әрине,  облыс әкімінің жастар саясаты саласындағы сыйлығын тапсыру. "Жас кәсіпқой" номинациясындағы бұл сыйлықты әріптесіміз, Орлов шахтасының бас инженері Константин Новохатний жеңіп алды.

«Бұл деген керемет сезім екен! Менің бұл номинацияға ұсынылғанымның өзі күтпеген жаңалық болды. Маған сенім артқан басшылыққа рахмет айтамын. Енді бұдан да жақсы жұмыс істеп, биік жетістіктерге тырысамын», - деді Константин марапаттау рәсімінен кейін.

Бұл күні үскірік аязға қарамастан Жезкенттен Константиннің жан жары Валерия да келіпті. Ол іріктеу барысында жұбайының басты жанкүйері болған. 

«Мақтаныш сезімі бойымды кернеп тұр! Білесіз бе, оның әйелі болудың өзі керемет! Ал жас кәсіпқойдың жұбайы болу тіптен тамаша», - деп қуанышы жасырмады Валерия Новохатняя.

Константин Новохатний компанияға 2005 жылы жұмысқа орналасқан еді. Ол кезде Орлов шахтасы жер бетіндегі слесарьінің көмекішісі болып еңбек етті. 2006 жылы оның жер астындағы еңбек өтілі басталды. Константин жер астындағы бекітуші, шпур бұрғылаушысы сияқты мамандықтарды игерді. Кейін шахтада жұмыс істеп жүріп, Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетін тәмамдап, "Тау-кен инженері" мамандығын алды. Сөйтіп, жерасты тау-кен шебері, кен қазу учаскесі бастығының орынбасары, бастығы, ОӨК өндірістік бөлімінің бас маманы болып қызмет етті. Кешен басшылығы Константиннің жинақтаған тәжірибесі мен білімге деген құштарлығын ескеріп, 2015 жылы оны Орлов шахтасының бас инженері етіп тағайындады.

Константин Новохатнийдің жасы 29 ғана болғанымен ол әріптестері, оның ішінде көп жылғы тәжірибесі бар шахтерлер арасында абыройға ие. Олар "жас баланың" басшылық етуіне де түсіністікпен қарайды екен. 

«Лайықты адам, өркөкірек емес. Мәскеулік университеттің түлегі болса да, әрдайым ақыл-кеңесті тыңдайды. Константинге оңай болған жоқ. Адамдар әртүрлі ғой. Арасында ызақорлар да бар. Соған қарамастан оның мінезі бұдылған жоқ, жедел өскен мансабы да әсерін тигізбеді. Ол Костяның тәрбиесі жақсы екенін көрсетеді. Бас инженер бола тұра, ақыл сұраудан да ұялмайды. Тек сәл қаталдық жетіспейді», - дейді Олег Морозов, Орлов шахтасының бригадирі. Ол кезінде Константиннің тәлімгері болған. 

Компания ұжымы мен kazminerals.info редакциясы Константинді жеңісімен құттықтап, толағай табыстар тілейді!

 

Ермек Дюзкенев

Өскемен

  

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items