В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Жаңа деңгейдегі корпоративтік жобалар

24.12.2018

Қарау саны: 55

; assetEntryID = 694613

2018 жылдың үздік жобасын анықтауды мақсат еткен корпоративтік құндылықтар жөніндегі конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласында марапатталды. Екі күндік марапаттау бағдарламасына ұйымдастырушылар және қазылар алқасы таңдаған 6 жобаның авторлары қатысты.

Биыл ұйымдастырушылардың атына 30-дан астам тапсырыс түсті, олардың 28-і конкурстың талаптарына сай деп танылды. Жеке және топтық бастамашыл жобалар KAZ Minerals Тобын және оның іс-қызметін корпоративтік құндылықтарға сай жақсартуға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл корпоративтік жобалардың санымен қатар, сапасы да арта түскен.

2018 жылғы үздік үш жобаның қатарына екі өндірістік және бір кадрлық әкімгерлік саласындағы жоба кірді.

Үшінші орынды «HR-инфобокс» жобасы иеленді. Бұл Ақтоғай КБК қызметкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Бауыржан Абылқасымұлының және КAZ Minerals Management корпоративтік ақпараттық жүйелерді дамыту және қолдау басқармасының Алмат Беделбаев пен Евгений Молоканов бастаған өкілдерінің бірлескен жобасы. HR-инфобокс – бұл қызметкердің сұранысы бойынша жеке еңбек демалысы мен оқыту кестелерін, жұмыс орыны мен еңбекақы туралы анықтамаларын беретін электронды терминал. Қазір тізімде сегіз қызметтің түрі бар. Бірақ қажет болған жағдайда олардың санын арттыруға болады.

– Бұрын кадрлық әкімгерлік бөліміне күнделікті 40-50 адам түрлі сұрақтармен келетін еді. Олардың дені жұмыс, демалыс кестелеріне және түрлі анықтамаларға қатысты. Мұндай өтініштер бойынша жұмыс істеу жұмыс уақытының көп бөлігін алады. Сол кезде осындай терминал жасау туралы идея туындады, – деді жобаны таныстыру барысында Бауыржан Абылқасымұлы. Бұл ақылды құрылғы туралы толығырақ біз бұған дейін жазған едік (2018 жылдың тамыз айындағы 4-нөмірді оқыңыздар). Жоба авторларына үш мыс белгішеден табысталды.

«Су понтонын қолдана отырып техникалық шешімді жасау және енгізу» атты бозшакөлдік жоба екінші орынға табан тіреді. Оның авторлары - инженер-механик Дмитрий Прошаков пен каолин балшығы бар кенді өңдейтін фабриканың ТҚ және Ж қызметінің бастығы Қайрат Сейітбаев. Жобаның мәні – БФ-ның диірменіне технологиялық көлшіктен берілетін қосымша судың көлемін арттыру және көлшіктің түбін құм мен лайдан тазарту. Бұл міндетті іске асыру үшін көлшікке 200 литрлік бөшкелерден құралған су понтоны түсірілді. Оған арнайы сорғы орнатылды. Осының нәтижесінде өздігінен жартылай ұсақтайтын диірменге берілетін судың мөлшері сағатына 300 текше метрге артты. Ал фабриканың кен өңдеу мөлшері 12%-ға өсті. Сонымен қатар, осы арқылы технологиялық көлшіктің түбі құм мен лайдан тазаланды.

– Қазір бұл техникалық шешімді Бозшакөл КБК-нің бірінші фабрикасына да енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобаны Ақтоғай КБК-де және болашақта KAZ Minerals Тобының барлық фабрикаларында қолдануға болады, – деп сеніммен айтты Дмитрий Прошаков жобаны таныстыру барысында. Екінші орын үшін жоба авторларына төрт мыс белгішеден берілді.

2018 жылдың үздік жобасы ретінде «Флотацияда микрокөпіршіктерді қолдану» жобасы танылды. Оны Бозымшақ БФ-ның бұрынғы директоры және Ақтоғайдың қазіргі өндірістік басқармасының бастығы Алексей Ящук пен Бозымшақ КБК-нің бір топ қызметкерлері іске асырды. Бозымшақ қызметкерлерінің үлкен тобы қатысқан бұл жоба флотациялық байыту кезіндегі металдар шығынын азайтуға бағытталған.

– Бозымшақтағы флотациялық байыту кезінде 20 микроннан кіші жұқа дисперсті шламдардағы мыс, алтын және күміс бағалы минералдарының болуынан металдың біршама бөлігі ысырап болады. Олардың тиімді флотациясы үшін пульпада тұрақты түрдегі ауа көпіршіктері қажет. Олар 30-50 микрон көлеміндегі микроэмулция түрінде болуы тиіс. Біздің саламызда микрокөпіршіктерді жасаудың тәсілін іздеумен барлық мамандар айналысады. Әркім өзіне қажетті шешім іздейді. Бізде өзіміздің амалымызды таптық, – дейді Алексей Ящук. Олар бұрын пайдаланылған вакуумдық керамикалық сүзгілердің 1-1,5 микрондық қуыстары бар керамикалық панельдерін қолданған.

Нәтижесінде Бозымшақ БФ-да мыс пен алтынды бөліп алу арта түсті. Микрокөпіршіктердің арқасында құрамында 24,93 тонна мыс пен 4,363 кг алтын бар қосымша 124,67 тонна концентрат өндірілді. Бұл жобаны іске асыруға Алексей Ящуктан басқа фабриканың бас механигі Айбек Рахимдинов, технологиялық сынақ зертханасының бастығы Назым Дуйшонбаев, кен байытушы-технологтар Ұлан Абылаев пен Бауыржан Жұманов, КБК-нің бас инженері Олег Найданов қатысты. Конкурста бірінші орын алғандары үшін оларға бір-бір күміс белгішеден табысталды.

Биыл қазылар алқасы жеңімпаздармен қатар, арнайы сыйлық иегерлерін де атап өтті. Мұндай үш жоба анықталды. Бұл Бозшакөлден келген «КБК-нің қауіпсіз жолдары» және ««5 минутта біліп ал» қысқа оқыту бейне жазбалары» жобалары мен «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Ертіс ӨК-де іске асқан «Жұмыс орындарын жақсарту» жобасы.

«КБК-нің қауіпсіз жолдары» жобасы туралы бастама көтерген Аида Тоқсанова өзінің жобасын таныстыра келе, оны енгізген уақыттан бастап Бозшакөл КБК-нің жолдарындағы ЖКО айтарлықтай азайғанын айтты. Жобаны оқыту және дамыту бөлімі КБК-нің көлік бөлімімен бірлесіп жасаған. Оның аясында ЖЖЕ-не қатысты теориялық білім деңгейін компьютерде сынау көзделген. Ал қолданбалы дағдыларды тексеру үшін арнайы автодром құрастырылған. Мұндай сынақтан Бозшакөлдегі жол қозғалысына қатысатын КБК-нің барлық қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдар өтеді.

– Жобаны мамыр айында қолданысқа енгізгеннен бері Бозшакөлде 500 астам адам сынақтан өтті. Олардың арасындағы 55 адам сынақты тапсыра алмады. Дегенмен үш айдан соң олар тағы да тапсырып көреді. Жалпы осы жобаның арқасында Бозшакөлдегі жол-көлік оқиғаларының саны 35%-ға азайды, – дейді Аида Тоқсанова.

Қазылар алқасының арнайы сыйлығын алған Сергей Гужва мен Андрей Школдиннің жобасы Ертіс шахтасының сорғы қондырғылары машинистерінің жұмыс орынындағы қауіпсіздігін арттырды. Бұл жоба туралы толығырақ 6-7-беттерден оқыңыздар.

Қазылар алқасының пікірі бойынша Бозшакөл КБК кадрлық әкімгерлік бөлімінің маманы Екатерина Салованың жобасы да қызықты және пайдалы. Жалпы атауы «5 минутта біліп ал» болған қысқа бейнероликтер түрлі әкімшілік процедурларды түсіндіріп, Directum, Oracle Enterprise, Oracle BI Publisher, Outlook сияқты бағдарламаларды игеруге көмектеседі. Екатеринаның айтуы бойынша, бұл бейнероликтер өзінің тиімділігін дәлелдеді:

– Бұрын жаңа қызметкер жұмысқа орналасқанда әріптестерім оған бұл бағдарламаларды түсіндіруге көп уақыт жұмсап, негізгі жұмысына нұқсан келтіретін. Жұмыс өнімділігі де төмендейтін. Ал қазір осы бейне жазбалардың көмегімен жұмыстың мән-жайын тез үйреніп алады, – деп атап көрсетті Екатерина Салова.

Барлық жобалар авторларының жұмысын тану ретінде оларға екі мыс белгішеден берілді. Белгішелермен қатар, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачуктың алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздарды KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам құттықтады. Оның пікірінше, компанияның тағдырына бейжай қарамайтын осындай қызметкерлердің арқасында өндіріс артып, Топтың ауқымы кеңейіп келеді.

–Санаулы жылдар ішінде KAZ Minerals таңғажайып жетістіктерге жетті. 2015 жылы біз бар болғаны 80 мың тонна мыс өндірген едік. Ал бүгінгі күні миллиардтаған инвестициялар сала отырып, көрсеткіштерді бірнеше есе арттырдық. Біз қауіпсіздік мәдениеті саласында да ілгеріледік. Халықаралық нарықтардағы жағдайға және геосаяси өзгерістерге қарамастан мен мына жәйтке сенімдімін: біз өнеркәсіптің дұрыс саласында жұмыс істеп, көптеген жылдар бойы әлемдік нарыққа қажет болатын дұрыс металды өндіреміз, – деді Эндрю Саузам, марапаттау рәсімі кезінде.

Биыл жобаларды техникалық департаменттің тау-кен жұмыстары басқармасының бастығы және операциялық директордың м.а. Йохан Барнард бастаған қазылар алқасы бағалады. Комиссия құрамында техникалық департамент тау-кен жұмыстары басқармасының жетекші тау-кен инженері Хайролла Әбен, Топтың коммуникациялар мен есеп жөніндегі үйлестірушісі Олеся Бильмач, бизнесті дамыту департаментінің жобалар менеджері Сергей Васильев, техникалық департамент минералды ресурстар басқармасының бастығы Александр Рассохин, техникалық департамент кен байыту басқармасының бас кен байытушысы Ұлпан Жетібаева және қызметкерлерді басқару департаменті оқыту және дамыту бөлімінің бастығы Оксана Омельченко болды.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items