В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Жаңа ұзақ шарт

22.12.2016

Қарау саны: 23

; assetEntryID = 711571

Шығыстүстіметтің басшылығы кәсіподақ өкілдерімен бірге жаңа ұжымдық шартқа қол қойды. Бұл жолы қызметкерлердің құқылары мен жұмыс берушінің мүдделерін қорғайтын басты құжаттың мерзімі ұзара түсті. Өзге тау-кен кәсіпорындары сияқты "Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлері мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық шарт 2017-2020 жылдарға арнап жасалды. 

«Ұжымдық шартқа қол қою барысы өте күрделі заңгерлік процесс. Оның ескеруді қажет ететін қыр-сыры өте көп. Келіссөздер эмоцияға толы. Бұл құжат қызметкерлердің құқыларын қорғайтындықтан мұндай жағдайларға түсіністікпен қарау қажет. Осы үрдістерді оңтайландыру үшін енді ұжымдық шарт 4 жылға созылды. Заңгерлік басқарманың бұл ұсынысын кәсіподақ өкілдері қолдады», - деді бұл жұмысты үйлестірген "Шығыстүстімет" ЖШС еңбек мәселелері жөніндегі жетекші маманы Анжела Шерстобитова.

Жұмыс берушінің атынан ұжымдық шартқа "Шығыстүстімет" ЖШС басқарма төрағасы Ильсур Даутов, ал қызметкерлер атынан тау-кен металлургиялық өнеркәсібі және аралас өндіріс еңбекшілерінің «КәсіпҚазақмыс» кәсіподағы және "Қазақстан Республикасы тау-кен металлургиялық өнеркәсібі еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ ШҚ МХК өкілдері қол қойды. 

«Бұған дейінгі ұжымдық шартымыз да тиімді болды деп ойлаймын. Ал қазіргі жаңа құжатта да біз барлық жәйттерді ескеруге тырыстық. Ол көптеген күрделі жағдайларды шешуге көмектесері анық. Кәсіподақ өкілдері белсенді атсалысқандықтан қызметкерлердің құқылары ескерусіз қалмайтыны анық. ҚР заңнамасы өзгеретін болса, біз де бұл құжатқа өзгерістер енгізуге дайынбыз», - деді Ильсур Даутов.

Жаңа ұжымдық шарт ескі құжаттан тек мерзімімен ғана ерекшеленбейді. Оған қызметкерлер үшін әлеуметтік маңызы бар баптар енгізілді. 

Айталық, отбасының бір мүшесіне жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін бір реттік төлем көлемі 80 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Өндірісте қаза болған адамның отбасы мүшелерінің біріне (әйелі/күйеуі, балалары, әкесі, шешесі)  350 000 теңге төленеді. 

Оқу жылының басында тұрмыс құрмаған және ХҚКО мұны растайтын анықтама әкелген аналарға бір реттік жәрдем ақы ретінде бір балаға 15 000 теңге және 6-18 жас аралығындағы 4-тен астам баласы (мектепте оқитын) бар отбасына бір балаға 15 000 теңгеден беріледі.  

Бала туу мен жүктілікке байланысты демалыстың алдында әйелдерге қосымша 10 күн демалыс беріледі. 

Ұжымдық шарттың толық мәтінімен кәсіподақ өкілдерінен немесе Қызметкерлерді басқару қызметінен таныса аласыздар. 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items