KAZ Minerals ежегодно реализует множество проектов для своих работников.

null ЖАҢАЖЫЛДЫҚ КОРПОРАТИВТІК КОНКУРС

12.11.2019

Қарау саны: 0

KAZ Minerals Тобының қызметкерлерін корпоративтік жаңажылдық конкурсқа қатысуға шақырамыз.

 

KAZ Minerals Тобының корпоративтік құндылықтарын қолдауға арналған жаңажылдық корпоративтік конкурс өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

Корпоративтік конкурс Жаңа 2020 жылды мерекелеуге арналған. Мақсаты – ішкі аудиторияның жұмыс берушіге адалдығын күшейту және компанияның корпоративтік құндылықтарын танымал ету (атап айтқанда, адалдық пен командалық жұмыс). Конкурс аясындағы міндет – қол жетімді құралдардың көмегі арқылы өз қолымен жаңажылдық костюм (балаларға немесе ересектерге арналған) жасау. Оны жасауға отбасы мүшелері де қатыса алады. Бірақ Топ қызметкерлерімен бірге ғана.

 

  1. Байқаудың аудиториясы мен географиясы

Топтың барлық өңірлерінің қызметкерлері (Қазақстан, Қырғызстан, Ұлыбритания), сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

  1. Өткізу мерзімі

Жұмыстарды қабылдау - хабарландыру сәтінен бастап 2019 жылғы 15 желтоқсанға дейін. Нәтижелерді жариялау және марапаттау – 2019 жылдың соңына дейін.

  1. Ұйымдастырушылар

Топтың Корпоративтік байланыстар департаменті

  1. Конкурсқа қатысу шарттары

Конкурсты ұйымдастырушыларға 15 желтоқсаннан кешіктірмей editor@kazminerals.info  электрондық поштасына сапасы жақсы кем дегенде екі фотосурет ұсыну: 1) дайын жаңажылдық костюмнің толықтай көрінетіндей фотосуреті; 2) дайындау процесінің фотосуреті. Екінші фотосуретті бейне түсірумен (оның ішінде ұялы телефонға) ауыстыруға болады. Хатта автордың байланыс деректері (аты-жөні, лауазымы, байланыс телефоны), сондай-ақ, өз туындысының сипаттамасы болуы керек.

Ғаламтордан алынған жұмыстар, сондай-ақ, бөтен жұмыстардың (анық кәсіби орындалған) фотосуреттері қабылданбайды, ілеспе ақпаратсыз өтінімдер де қаралмайды

  1. Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

Жеңімпаздар қазылар алқасы мүшелерінің дауыстарын санау арқылы анықталады. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады.

  1. Ұйымдастыру мәселелерін шешу:

Әлібек Мәмиленов, Корпоративтік байланыстар департаментінің маманы, +7 (727) 244 03 53, ішкі. 15251, Alibek.mamilenov@Kazminerals.com

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items