В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Вахтадағы психологиялық көмек

10.01.2020

Қарау саны: 49

; assetEntryID = 692727

Бозшакөл мен Ақтоғайда кәсіби психологтар жұмысқа кірісті. Вахтадағы қызметкерлерді қолдау және оларға кеңес беру үшін мамандарды жұмылдыру туралы ұсыныс бесінші тікелей желі кезінде айтылды.

Бозшакөл КБК қызметкерлеріне "Индастриал Медикал Солюшенз" (АйЭмЭс) ЖШС-нің кеңесші-психологтары Қайрат Айдарбеков пен Роза Аманжолова сияқты практикалық психологияда үлкен тәжірибесі бар мамандар психологиялық қолдау көрсетеді. Бірінші айда олар бірнеше презентациялар мен топтық тренингтер өткізді. Бүгінгі күні олар жеке мәселелер бойынша кеңестер өткізеді.

Кеңес беруші-психологтардың қызметі бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады:

• Психопрофилактикалық, ағартушылық қызмет: қызметкерлердің психологиялық мәдениеті мен құзыреттілік деңгейін арттыру, қызметке оң көзқарасты қалыптастыру мақсатында қажетті психологиялық білімді тарату (дәрістер, семинарлар, топтық тренингтер, оқыту бағдарламалары және т.б.)

  • Диагностикалық - тұлғаны зерттеуге бағытталған (тестілер)
  • Консультативтік - психологиялық көмек көрсету
  • Психокоррекциялық - тұлғаның психологиялық ұстанымдары мен құндылықтық бағдарларын мақсатты түрде өзгерт.

Роза Аманжолованың айтуынша, арнайы жабдықталған кабинетте 47 жеке кеңес пен 60 психодиагностикалық сеанс өтті.

"Бұл кабинет жан-жақты қолданылатын болады: психологиялық кеңес беру, психодиагностика, релаксация сеанстары, жеке және топтық тренингтер мен басқа да психологиялық іс-шаралар өткізу. Барлық психологиялық іс-шараларды өткізу кезінде құпиялылық қағидаты қатаң сақталады. Қызметкерлерге ыңғайлы болуы үшін қабылдауға алдын ала жазылу ұйымдастырылды", – деп түсіндірді ол. Бозшакөл КБК-нің қызметкерлері психологияға үлкен қызығушылық танытқанын маман тілге тиек етті.

Психолог кабинетінің байланыс телефондары: 58105 (ішкі), +7 701 068 93 98 (ұялы).

Мәулен Берікбаланов, Бозшакөл

 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items