В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Уақытынан бұрын чемпион атанды

04.10.2016

Қарау саны: 34

; assetEntryID = 715102

"Востокцветмет" футбол командасы Өскемен қаласының чемпионы атанды. Бұл біздің спортшылардың қаланың футбол шыңын бағындырудағы екінші талпынысы еді. 2015 жылы олар 4 орынға табан тіреп, жүлдеден қағылған еді. 

Биыл команда мүшелері барлық қателіктерін ескеріп,  100%-ға дайын екендіктерін көрсетті. 

«Бұл өте маңызды матч еді. Біріншіден, біз үнемі бітіспес қарсыласымыз «Имсталькон» командасымен ойнадық. Ол өте тәжірибелі, әрі күшті команда. Екіншіден, біз турнир кестесінің жоғарғы сатысында болдық. Сол себепті чемпионатты уақытынан бұрын аяқтағымыз келді», - деді Дәулет Нұрасылов, «Востокцветмет» командасының капитаны.

Уақытынан бұрын аяқтай алды біздің жігіттер. "Востокцветмет" командасы қанжығасына 38 ұпайды басып, Өскемен қаласының чемпионы атанды. Айтпақшы, біздің ойыншылар өздерінің қарсыластарын кем дегенде 4 ұпайға озып кетті. 15 ойын өткізген футболшыларымыз бір рет қана жеңіліп, екі ойында қарсыластарымен тең түскен.

«Біз үшін бұл үлкен жетістік! Әрине, мини-футболдан біз бірнеше рет жеңіске жеткенбіз. Алайда үлкен футболдың аты үлкен футбол. Мұндағы ойын деңгейі де, эмоциялар да өзгеше. Ендігі мақсатымыз облыс чемпионаты. Бұл жарысқа Өскемен қаласынан жүлделі 3 орынға ілінген командалар қатысады», - деді Бақыт Уахитов, "Востокцветмет" компандасының жетекшісі.

Қалалық чемпионаттың жүлдегерлерімен қатар облыстық чемпионатқа Семей қаласының үш жүлдегер командасы және аудандық үш команда қатысады. Ақтық кездесулер 7-9 қазанда Семей қаласында өтеді. 

"Востокцветмет" командасының ойыншылары өздерінің қуанышын жасырмайды. Дегенмен "әттең" дейтін сәттерді де айтып берді. Жанкүйерлер, яғни компания қызметкерлері тарапынан қолдаудың жоқтығына налыйды олар. Болашақта әріптестеріміз командамызды қолдауға белсенді араласады деген үміттеміз.

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items