В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Топтың 9 айдағы өндiрicтiк қызметiнiң қорытындылары

27.10.2016

Қарау саны: 36

; assetEntryID = 713882

2016 жылдың 9 айында KAZ Minerals Тобы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемін 66%-ға арттырып, катод эквивалентіндегі 97,1 мың тонна мыс өндірген. Үшінші тоқсанда 44,5 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірілді. Бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 43%-ға арттық. Компания Бозшакөл (Павлодар облысы) және Ақтоғай (ШҚО) сияқты жақында іске қосылған ірі жобаларда өндіріс көлемін арттыруды жалғастырып келеді.  Бұл 2016 жылдың соңына қарай компания жоспарлаған 135-145 мың тонна аралығындағы катод эквивалентіндегі мыс көлеміне (2015 жылы Топ 81,1 мың тонна өндірген) қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Жалпы нәтижелер

Шығыстүстімет (ШҚО) пен Бозымшақ КБК (Қырғызстан) кәсіпорындарында үшінші тоқсанда 21 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірілді. Ол 2016 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 7% артық. Жалпы 9 айда катодты эквиваленттегі мыстың өндіріс көлемі 60,4 мың тоннаны құрады (2015 жылдың 9 айында 58,4 мың тонна).  

Үшінші тоқсанда Бозшакөлде катодты эквиваленттегі 16,9 мың тонна мыс өндірілген. Екінші тоқсанмен салыстырғанда (7,5 мың тонна) компания өндірісті екі есе арттырған. Бұған негізгі кен байыту фабрикасының өткізу мүмкіндігінің тұрақты артуының арқасында қол жетті.

Ақтоғайдағы тотыққан кенді өңдеу кешеніндегі катодты мыстың өндіріс көлемі 6,6 мың тоннаны құрады. Екінші тоқсанмен салыстырғанда өсім 69% болды.  

KAZ Minerals Тобы 9 айда 90,5 мың тонна концентраттағы мыс өндірді (2015 жылдың осындай кезеңінде 66,5 мың тонна). Өндірілген кеннің көлемі 35,8 млн тоннаны құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 6,5 млн тоннан болған. Бозшакөл мен Ақтоғайдағы ашық тәсілмен кең ауқымды өндіру жұмыстары елеулі өсімге ықпал етті. 2016 жылдағы кеннің құрамындағы мыстың орташа үлесі – 0,66%.

Ілеспе өнімдер

Тоғыз ай ішінде KAZ Minerals 56,2 мың тонна концентраттағы мырыш өндіріп шығарды. Ол өткен жылдың сондай кезеңінен 23% кем. Бұл, күтілгендей, Артемьев шахтасы кенінің құрамындағы мырыш үлесінің азаюына (мұнда кен өндірісі екі кен денесінің арасындағы өтпелі учаскеде жүріп жатыр) және оқпандағы техникалық қызмет көрсету жұмыстары салдарынан Орлов шахтасының 6 күндік жұмыс кестесіне ауысуына байланысты болды. Топ Орлов  кенішінде екі жыл бойы жүретін жөндеу жұмыстарына және Юбилейно-Снегирихин шахтасынан уақытша кен жеткізудің тоқтауы салдарынан Николаев кен байыту фабрикасындағы кен өңдеу жұмыстарының шегерілуіне байланысты концентраттағы мырыш өндірісінің одан әрі азаюын күтіп отыр. Дегенмен қазіргі өндіріс қарқыны Шығыс аймақтағы бұған дейін жоспарланған 70-75 мың тонна аралығындағы көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді. 

2016 жылдың 9 айында Топ 2015 жылдың осындай кезеңіндегі 28,2 мың унциямен салыстырғанда, 80 мың унция құйма эквивалентіндегі алтын өндірді. Оның ішінде Бозшакөлде өндірілгені 34 мың унция. Шығыс аймақтың кәсіпорындарында және Бозымшақта 46 мың унция құйма эквивалентіндегі алтын өндірілген. Бұл былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 63% артық. Шығыстүстімет пен Бозымшақтың жоспарларында – жыл соңына қарай 45-55 мың унция аралығының жоғары шегіне қол жеткізу. Жалпы алғанда Топ бойынша  құйма эквиваленттегі алтын өндірісі, бұрын хабарланғандай, 95-115 мың унция көлемінде болады деп жоспарланған.

Құйма түріндегі күміс өндірісінің көлемі 9 айда 2,24 млн унцияны құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,45 млн унция болған. Азаю Шығыстүстімет кәсіпорындарының күмістің құрамы кем учаскелерге ауысуына, Николаев КБФ-на Юбилейно-Снегирихин кенішінен кен жеткізудегі ақауларға байланысты болды. Шығыстүстімет кәсіпорындарының кеніндегі күміс үлесінің азаюы күтілген деңгейден аз болып, жыл қорытындысы бойынша құйма эквивалентіндегі 2,5-2,75 млн унция күміс аралығының жоғарғы шегінің артуы болады деп жоспарланған. 

Бозшакөл

Павлодар облысында орналасқан Бозшакөл КБК өндіріс көлемін артырып келеді. Үшінші тоқсанда Бозшакөлде 17,5 мың тонна концентраттағы мыс өндіріліп, екінші тоқсанмен (9,5 мың тонна) салыстырғанда 84% артқан.

Үшінші тоқсанда сульфидті кен өңдеу жөніндегі фабриканың өткізу мүмкіндігінің өсуі жалғасты. Топтың бухгалетрлік есеп саясатына сәйкес жобалық өткізу мүмкіндігінің 60% немесе одан жоғары деңгейі үш ай бойы жалғасқандықтан Бозшакөл КБФ бүгіннен бастап (2016 жылғы 27 қазан) коммерциялық өндіріс деңгейіне жетті жарияланады. Қазан айында фабрика жоспарлы іске қосу-баптау жұмыстарына байланысты 36 сағатқа тоқтаған, қараша айында жартылай өздігінен ұсақтау диірменінің ішкі қаптамасы ауыстырылады. Бұл 5 күнге созылуы мүмкін.   

29 қыркүйекте KAZ Minerals Тобы каолин балшығы бар кендерді өңдеу фабрикасының құрылысын аяқтап, онда уске қосу-реттеу жұмыстарын бастады. Өндіріс қуаты 5 млн тоннаны құрайтын жаңа кәсіпорынның іске қосылысымен Бозшакөлдегі жылдық кен өңдеу көлемі 30 млн тоннаны құрайды. Жаңа фабрикадағы каолин балшығы бар кеннен тауарлы мыс концентратын өндіру 2016 жылдың 4 тоқсанында басталады деп күтілуде. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Бозшакөлде 17,2 млн тонна каолин балшығы бар кен одан әрі өңдеу үшін қоймаға жиналған.

2016 жылдың соңына қарай Бозшакөлде 45-55 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс және 50-60 мың унция құйма эквивалентіндегі  алтын өндіріп шығару жоспарланып отыр.

Бозшакөл КБК-да мыс концентратының өндірісі 2016 жылдың ақпан айында басталған болатын.  Пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам. Бастапқы он жыл ішінде  Бозшакөл жылына 100 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс пен жылына 120 мың унция көлемінде алтын өндіреді.

Ақтоғай

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай КБК үшінші тоқсанда тотыққан кеннен 6,6 мың тонна катодты мыс өндіріліп, 69% артқан (екінші тоқсанда 3,9 мың тонна). Компания тотыққан кен өндірісін 6% азайтқан (4,1 млн тонна). Себебі бірінші жарты жылда шоғырлы сілтісіздендіру алаңдарына қажетті көлемде кен жеткізілген. Жылдың соңына қарай Ақтоғайда  15 мың тонна катодты мыс өндіру күтіледі.

Тоғыз айда Ақтоғайда 12,7 млн тонна кен өндірілді. Кендегі мыстың орташа үлесі - 0,4%.

Сульфидті кенді өңдейтін негізгі фабриканың құрылысы 2017 жылдың бірінші жартысында аяқталып, тотыққан кеннің астында орналасқан сульфидті кенді өңдеу де 2017 жылы басталады.

Тотыққан кенді өндіріп шығару әрі өңдеу 11 жыл бойы жүргізіледі. Ақтоғай КБК пайдалану мерзімі – 50 жыл. Бастапқы он жылда өндіріс көлемі жылына сульфидті кен учаскелерінен 90 мың тонна мысты құрайтын болады  және тотыққан кен учаскелерінен жылына өндірілуі 15 мың тонна катодты мысты құрайтын болады.

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деді: «KAZ Minerals Тобы саладағы өндіріс өсімінің үздік қарқынын көрсетіп келеді. Тоғыз айда біз өндірісті 66% арттырдық. Біздің алғашқы өркендеу жобамыз – Бозшакөлдегі үдерісті ескере отырып, Бозшакөл КБФ коммерциялық өндіріске жеткенін жариялаймыз. Сонымен қатар біз Ақтоғайдағы сульфидті кен байыту фабрикасының құрлысында айтарлықтай нәтижеге жеттік. Ол 2017 жылы өндіріс қарқынының артуын қамтамасыз етеді».

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items