В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Тікелей желі ізімен

20.05.2019

Қарау саны: 37

; assetEntryID = 693778

KAZ Minerals Инфо редакциясы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачуктың қызметкерлермен Тікелей желі барысында берген тапсырмаларын орындаудағы ілгерілеуді қадағалауда. Кейбір сұрақтар тікелей эфир аяқтала салып жедел шешілген және олар туралы біз корпоративті басылым беттерінде айтқан болатынбыз. Кейбір міндеттерді шешуге уақыт қажет болған. Көп сұрақтар оң шешімін тапқандығы қуантады. Яғни, мәселелер назардан тыс қалмай, ортақ жұмыстың арқасында жағдай жақсарып келеді деген сөз.

Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін Жезкент тұрғындары ыстық сумен қамтамасыз етілетін болады. «Востокэнерго» ЖШС өтінішіне жауап ретінде ОӨК басшылығы жазғы кезеңде буды пайдалану қарастырылмаған, ал тұрмыстық қажеттіліктер үшін кешен ыстық суды алуға дайын екендігін хабарлады. ОӨК ұсынған көлемдерінің және халықтың көлемі негізінде Востокэнергода №5 қазандықты жазғы кезеңде пайдалану тиімділігі бойынша есептеулер жүргізілді. Экономикалық жағынан қазандықтың жұмысы өз шығындарының орнын толтырады. Осы жылдан бастап жазғы кезеңде ыстық су беруді бастайды. Аз ғана жұмыс қалды. Сәуірдің 15-не дейін №5 қазандық бойынша Востокэнергоның өз күшімен орындалып жатқан жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Мамырдың басына мердігер ұйым бу құбырыларын ретке келтіреді. Қаржыландыру берілді, тендерлік процедуралар жүргізіліп жатыр. Сондықтан Жезкентте ыстық суды тосамыз.

Олег Новачук уәде бергендей, Жезкенттің мәселелері Шығыс Қазақстан облысының әкіміне жеткізілді. Бородулиха ауданының халқымен кездесуде Даниал Ахметов кенттің әлеуметтік мәселелерін шешуге басты назар аударатындығына сендірді. Жергілікті атқарушы органдар Жезкент – Бородулиха жолын, кент ішіндегі жолдарды жөндеу, көркейту, көшелерді жарықтандыру бойынша міндеттерді өзіне алды. Кентте балаларға арналған жаңа алаңдар және спорт алаңдары салынады. Өңір басшысының сөзі бойынша, жуық арада Жезкентте мектеп және аурухана жөнделеді және жабдықталады.

Тікелей желіде «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері ерікті медициналық сақтандырудың (ЕМС) жоқтығы сұрағын қозғады. Тиісті қызметтер мединициналық сақтандыруға қосылудың бірнеше нұсқаларын қарастырды. Шығыстүстіметтің қызметкерлер санын ескерсек, әңгіме жүздеген миллион теңге туралы болып отыр, ал ол кәсіпорын бюджетіне бірталай жүктеме болар еді. Алайда, шешім қабылдау кезінде негізгі мәселе ақша емес, жергілікті жерлерде медициналық сақтандыру шарттары бойынша міндеттерді орындау қиындықтары болды. Кәсіпорындар орналасқан аудандарда медициналық мекемелердің жағдайлары және олардың қызметтері зерттелді. Ол жақтарда тек мемлекеттік медициналық мекемелер ғана бар екендігі анықталды, олар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) шекарасында ғана қызмет көрсетеді. Ал жеке бөлімшелерді қосу бір ЖШС қызметкерлері арасында кемсіту жағдайларын туғызуы мүмкін. Сөйтіп, қазіргі жағдайда ЕМС шарттарын жасасуды басшылық тиімсіз деп шешті.

Орлов шахтасының қызметкерлерінен келіп түскен «ауа өткізгіш» арнайы киім туралы мәселе шешілу барысында. Ақпанда ЖҚҚ-ның ІІ жәрмеңкесі өткізілді, оған жабдықтау қызметі Топтың барлық дивизиондарының ӨҚ және ЕҚ бөлімдерінің өкілдерін шақырды. Сол кезде мемлекеттік стандарттардың талаптарына жауап беретін, антистатикалық жібі бар және жалпы өнеркәсіптік ластанулардан сақтайтын, сонымен қатар жақсы ауа өткізетін «Шахтер костюмінің» талап етілетін мата құрамы туралы сұрақ көтерілді. Лайықты матаны қарастыру нәтижелері бойынша костюмдердің тәжірибелік партиясы дайындалады және өнеркәсіптік сынақтар өткізіледі. Оның нәтижесінде KAZ Minerals Тобының қолданыстағы бірегей каталогына арнайы киімнің (Шахтер костюмі) жаңа түрі қосылады.

Тікелей желі кезінде корпоративті whatsapp-нөмірге ОӨК Орлов БФ қызметкерлерінің «жан айқайы» келді: фабриканың шатыры тесіліп жатыр, сұмдық күйде, басқармада ескі жиһаз және ескірген компьютерлер. ОӨК басшылығы фабриканың бас корпусының флотация бөлімінің шатырын жөндеу 2017 жылы басталғандығы туралы түсініктеме берді. Өтініш түскен сәтте мердігер тоғыз мың шаршы метр шамасындағы қалған шатырға жөндеу жүргізіп жатқан. ОӨК мәліметі бойынша, жөндеу 2018 жылдың қазан айының соңында аяқталған. Жиһазға қатысты мәселе біршама созылып кетті, алайда ол сұрақ та бақылауда. Өтінішке жауап ретінде «Шығыстүстімет» ЖШС басқармасының өкілдері ауыстыруды талап ететіп жиһаздарды анықтау мақсатында олардың қолда барын комиссиялық қарап шығу қолға алынды. Комиссия тек ОӨК ғана емес, басқа өндірістік нысандарда да жұмыс істеді. Нәтижесінде ауыстыруға жататын жиһаздар тізімі анықталды. Қолданыста болған және босатылған жиһаздың бір бөлігі «Шығыстүстімет» ЖШС басқармасынан Орлов фабрикасына берілді. БФ үшін жетіспеген жаңа жиһазды сатып алуға бастамашылдық жасалды, қаражат «Шығыстүстімет» ЖШС басқарма төрағасының қорынан және фабриканың өз бюджетінен бөлінді. Жеткізу жақын күндері болады деп жоспарланған. Жаңа компьютерлік техникаға – көшіру-көбейту жабдықтарын, ноутбуктар, жүйелік блоктар және мониторларға қатысты – олар сатып алынған, кешендер бойынша бөлу жүргізіліп жатыр. Газеттің шығу уақытына пайдаланушыларға баптау және орнату жүзеге асырылуы тиіс.

Ақтоғайдан екі жағымды жаңалық. Кешеннің оксидті кенді қайта өңдеу жөніндегі кейбір мамандары материалдық жағдайларды жақсарту туралы сұраған. Нәтижесінде аппаратшы-гидрометаллургтер және электролиз аппаратшыларының  жауапкершілік деңгейі қайта қаралды. Басшылықтың шешімі бойынша 2019 жылғы 15 наурыздан бастап бірінші жауапкершілік деңгейімен сағаттық тарифтік мөлшерлеме тобына қосылды, ол қызметкерлердің қазіргі сағаттық тарифтік мөлшерлемесін 18% көтеруге мүмкіндік берді. Химиялық зертхана басшысы, өз кезегінде, кадрлардың жоғары ағымдылығы және білікті мамандарды ұстап қалу механизмдері туралы сұрақ қойған. Нәтижесінде зертханашылар оқытудан өтті және біліктілік комиссиясы қорытындысының негізінде олардың жиырмасына 5-ші дәреже берілді.

V тікелей желі бола ма? Бұл KAZ Minerals қызметкерлерінің өздеріне байланысты. Егер жоба бұрынғыдай өзекті болса, Олег Новачук тікелей эфирде қызметкерлермен тағы да сұхбат жүргізуге әзір. Биыл да Тікелей желі өткізейік пе? Ол не үшін қажет? +7 702 333 8 222 KAZ Minerals Inform whatsapp-номеріне өз пікірлеріңізді жазып, жобаның болашағын анықтаңыздар!

 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items