В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Тексеру нәтижесі - сертификат

02.06.2017

Қарау саны: 51

; assetEntryID = 703623

Ертең, яғни 3 маусымда, Бозшакөл КБК-нің 11 тау-кен техника операторының құзыретін тексеру аяқталады. Соның айғағы ретінде оларға кәсіби біліктіліктерін растайтын арнайы сертификаттар табысталады. Бұған дейін тағы 14 маман осындай сертификаттармен марапатталған еді. Тау-кен учаскесі операторларының арасындағы тексеру жартыжылдық оқыту бағдарламасы аясында өткізілді. 

«Тау-кен техникасы операторларының біліктіліктерін тексеру Бозшакөлде биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 59 оператор тексерістен өтіп, біліктіліктерін растайтын сертификаттар алды. Олардың арасында бульдозерлердің, грейдерлердің, экскаваторлардың, тиегіштердің және ауыр жүк таситын көліктердің операторлары бар. Бірлеулер сертификатты алып үлгерсе, бірлеулер енді алады, ал кейбіреулер әлі білім алуда. Егер жаңадан келген қызметкерлер болса, оларды да оқыту процессіне қосамыз. Сөйтіп, жартыжылдық оқытудан өткен адамдар саны өсе береді. Біздің мақсатымыз - әрбір қызметкерді өз ісінің кәсіпқойы етіп дайындау», - дейді Қызметкерлер басқармасының өндірістік оқыту жөніндегі үйлестірушісі Сергей Афанасков.

Оқыту бағдарламасы тау-кен техника операторларын бірнеше бағыт бойынша дамытуды көздейді. Тау-кен жабдықтарының симуляторларындағы практикалық оқытудан, тренингтер мен сынақтардан бөлек, қызметкерлер өндірістен ажырамай нұсқаушылардың бақылауымен білім алуды жалғастырады. Ал бос уақыттарында оқыту материалдарын өздері зерттейді. 

Мұндай бағдарлама Бозшакөл КБК-нің кен байыту фабрикасындағы технологиялық процесстердің операторлары арасында да іске асырылып жатыр. 

Мәулен Берікбаланов, Қуандық Рахметов, Бозшакөл

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items