В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Тасымалдау аяқталды

18.04.2018

Қарау саны: 121

; assetEntryID = 696716

Юбилейный-Снегирихин шахтасындағы жинақталған кенді тасымалдау аяқталды. Бүгінгі күні 2,7 мың тоннадай кен қалып отыр. Ол ауа райы тұрақталғанда Николаев кен байыту фабрикасына жеткізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Секисовка-Шемонаиха тас жолындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, сонымен қатар жылы маусымда жолға деген жүктемені азайту мақсатында кен тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданған. Мұндай шаралар 2016 және 2017 жылдары ұйымдастырылды. Соның салдарынан  ЮСШ-да кеннің біршама көлемі жинақталған және ол соңғы уақытқа дейін тасымалданып келді. ЮСШ-дағы өңдіріс 2016 жылдың желтоқсан айында қорлардың аяқталуына орай тоқтаған. Мұнда мыс-мырыш және қорғасын полиметал кені жерасты тәсілімен өндіріліп келген. Өндірілген кен Николаев кен байыту фабрикасында өңделді. Шахта «Шығыстүстімет» ЖШС-нің құрамына кіреді және ШҚО Глубокое ауданында орналасқан. Кен орын 1959 жылы ашылды, ал 1975 жылы барланып, мемлекет балансына берілді. Шахта 2002 жылы іске қосылды.

Қазіргі уақытта Юбилейный-Снегирихин кен орнын кезең-кезеңмен жою жобасы мемлекеттік органдардың келісімін алды және оның жерасты бөлігін іске асыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

 
0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items