KAZ Minerals ежегодно реализует множество проектов для своих работников.

null ТАЛАБЫ КӨП НЕСИЕ. ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. one_employee

22.06.2015

Қарау саны: 0

one_employee
 

Қазақстанда өткен жылы 4 миллионға жуық адам тұтынушылық несие рәсімдепті. Орта есеппен алғанда, әрбір он тұрғынның төртеуі өмірінде бір рет болса да тұтынушылық несие алған. Несиенің бұл түрінің халық арасында осынша «танымал» болуының өзіндік себептері де бар: қарыз барынша қысқа мерзімде рәсімделеді, көп қаражат берілмейді – әдетте, мұндай несиеге берілетін сома мөлшері 3 млн теңгеден аспайды, несиелеу мерзімі де қысқа – несие бес жылға дейін беріледі. Бұл тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, біз сіздерге несиенің осы түрі жайлы әңгімелеп беруді жөн көрдік. Бұл жолда бізге Халықаралық қаржылық сауаттылық орталығының құрылтайшыларының бірі Салтанат Жарасова көмектесті.

- Тұтынушылық несие кепілдікті (жылжитын немесе жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою арқылы беріледі) және кепілдіксіз (бланктік) болып екіге бөлінеді, – дейді Салтанат Жарасова. – Әдетте, кепілдіксіз несиені рәсімдеуге (егер қомақты ақша сұралмаған жағдайда) өтініш берушінің жеке куәлігі болса жеткілікті. Оған қарыз беру мәселесін банктің өзі тез арада шешіп-ақ береді. Ал, егер сіз кепілзат қойып несие алмақ болсаңыз, банк белгілі бір құжаттар жиынтығын талап етеді. Ал, мұндай несиені рәсімдеу бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Алайда, мұндай несиелер кепілдіксіз несиеден әлдеқайда арзанға түседі: берілген қарыздың қайтарылмауынан туындайтын қауіп төмендегеннен кейін банктің пайыздық мөлшерлемесі де төмен болады. Ендеше, таңдай жасар кезде кепілдікпен берілетін несиені де қарастырып көріңіз. Рәсімдеу тәртіптемесі ұзақ уақытты талап етеді. Бірақ, сіз бұдан болашақта ұтасыз: себебі, айлық төлем азайған соң, несие алғаныңыз үшін қосылатын артық ақшаны да аз төлейсіз, – дейді Салтанат Жарасова.

Кепілдікпен берілетін несие тиімді болса да, халық арасында кепілдіксіз несиеге деген сұраныс жоғары. Әсіресе, тауар түрінде алынатын несиеге қызығушылар мол. Себебі, ол сізге өзіңіз ұнатқан тауарды таңдап, сатып алуға, тіпті, дәл сол күні дүкен сөресіне тұрған тауарды үйге әкетуге көмектеседі. Несие алу жөніндегі өтінішті сауда залында отырып-ақ бересіз, несиені жеңілдетілген схема бойынша бірнеше минут ішінде (ары кетсе бір сағат) рәсімдеп те аласыз. Бұл кредиттің ерекшелігі де осында. Мұндай несие тұтынушы үшін қымбатқа түседі. Өйткені, ол ештеңемен қамсыздандырылмаған. Себебі, клиент тауарды «бөліп төлеуге» немесе төменгі пайыздық мөлшерлемемен алады, кейде мүлдем артық ақша төлемейді.

- Бірақ, бұл банк ешқандай пайда көрмейді дегенді білдірмейді . ол коммерциялық мекеме болғандықтан негізгі мақсаты – табыс табу, – дейді сарапшы. – мұндай жағдайда банк пен дүкен арасында белгілі бір келісім болады. ол келісім бойынша, тауардың үстіндегі жеңілдікті клиент емес, банк алады. Түптеп келгенде, клиент тауардың қағазда көрсетілген бағасын төлейді.

Мұндай несие алған адам белгілі бір дүкенге бағынышты болады және сол сауда орнының сөрелеріндегі ассортименттен таңдау жасауға тура келеді. Бұл тауарлық несиенің үлкен бір кемшілігі. Екінші жағынан, несиені банктің кеңсесінде алдын-ала рәсімдеу арқылы қалаған тауарыңызды кез-келген дүкеннен алуыңызға болады. Яғни, сіз алдымен ақшаны аласыз, содан соң қажетті затты сатып аласыз.

Сарапшылар несие алмай тұрып өз мүмкіндіктеріңізді тағы бір рет екшеп алуды кеңес етеді. Ақша жинауға мүмкіндік болса тіпті жақсы. Бұл қалай болғанда да арзан түседі. Себебі, пайыздық мөлшерлеме алынған заттың бағасын қымбаттатары сөзсіз. Ал, егер сұранысты қанағаттандырудың несиеден басқа жолы жоқ болса, алдымен банктердің ұсыныстарын салыстырып көрген жөн. Шешімді содан кейін ғана қабылдаңыз. Несиені есептеген кезде несиелеудің номиналды мөлшерлемесіне емес, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесіне назар аударыңыз. Оған банктің комиссиялары мен кредиттік төлемдер кіреді. Несиені өтеу тәсілі мен мерзімін таңдаған кезде: қарызды қанша ұзақ уақытқа алсаңыз, сонша көп артық ақша төлейтініңізді естен шығармаңыз. Ал, сараланған төлем тәсілі аннуитетті тәсілден «арзанырақ».

 

Анықтама:

Тұтынушылық несиенің жалпы сипаттамасы:

- Оны тек қана банктер береді

- Тек қана кәсіпкерлікке қатысы жоқ, жеке тұлғаларға беріледі

- Өтеу тәсілі – ай сайынғы төлемдер

- Несиелеу мерзімі – 3-5 жылға дейін

- Құжаттардың стандарты тізімі

 

Анықтама:

Тұтынушылық несие – азаматтарға қажетті заттарын сатып алуға берілетін кредиттің бір түрі. Оны тек ұзақ уақыт пайдаланатын жиһаз, көлік т.б. сатып алу үшін ғана емес, ұялы телефон, тұрмыстық техника сатып алу үшін де рәсімдейді. Мұндай несиенің пайыздық мөлшерлемесі де үлкен болады.

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items