В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Шығыстың шахтерлары

29.08.2017

Қарау саны: 54

; assetEntryID = 701529

KAZ Minerals Тобының Шығыс өңір қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін - Шахтер күнін атап өтті. Дәстүр бойынша бұл күні "Шығыстүстімет" ЖШС-де кен байытушыларды да құттықтайды. 

Биыл мерекеге орай "Шығыстүстімет" ЖШС-нің 63 қызметкері марапатталды. Олардың ішінде 27 адам "Кенші даңқы" төс белгісімен марапатталса, 4 қызметкер аталмыш белгінің кавалері атағын алды, 5 қызметкерге ШҚО әкімінің грамотасы, 5 қызметкерге KAZ Minerals Тобы басқарма төрағасының грамоталары, 15 адамға "Шығыстүстімет" ЖШС басқарма төрағасының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Сонымен қатар, 7 қызметкердің есімдері "Шығыстүстімет" ЖШС Құрмет кітабына жазылды, ал 471 қызметкер сыйақымен марапатталды. Бұл күні өндірісте зардап шеккен қызметкерлердің отбасылары да назардан тыс қалмайды. Айталық, өндірісте қаза болған 96 қызметкердің және еңбек жарақаты кесірінен жұмыс істемейтін 64 мүгедектің отбасыларына арнайы жәрдемақы төленді. 

«Менің есімім компанияның, кенішіміздің тарих кітабына жазылғанына өте қуаныштымын. Бұл туралы бәріне айтып жүрмін енді. Орлов кенішінде 35 жыл жұмыс істеген еңбегім бар ғой. Егер денсаулығым келсе, қазір-ақ үңгуші болуға дайынмын. Өте ризамын!», - дейді Зайыр Шакиров, Орлов шахтасы су қондырғылары және жабдықтарды құрастыру жерасты учаскесінің жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарі.

Шахтер күнін "Шығыстүстімет" ЖШС-нің барлық өндірістік кешендерінде кеңінен атап өтті. Әр өңірге арналған мерекелік бағдарлама да болды. Айталық, 26 тамызда Жезкент кентінде ұлттық ат спорты ойындары ұйымдастырылды. Мұнда бәйге, жорға жарыс, "ТОП-бәйге" сияқты жарыстар өтті. 

Негізгі мереке кешкіге жоспарланған. "Шығыстүстімет" ЖШС-нің бастамасы бойынша ұйымдастырылған мерекелік концерттер басталды. Облыс басшылығы да әріптестерімізді құттықтады. 

«Құрметті кеншілер мен кен байытушылар! Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Шахтердың мамандығы табандылық пен ерекше шеберлікті талап етеді. Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз! Бүгінгі күні ерекше құттықтауым мен алғысымды ардагерлерге арнағым келеді. Барлықтарыңызға қауіпсіз жұмыс пен сәттілік, бақыт пен денсаулық тілеймін!», — деді ШҚО әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Белоусов кентіндегі мерекедегі құттықтауында.

Шахтер күні мерекесіне тау-кен ісінің мамандарымен қатар кішкентай балалар да риза болды. Оларға арнап елді мекендерде ерекше ойын-сауық ұйымдастырылды. Жезкент, Усть-Таловка, Алтай, Белоусов кенттерінде аниматорлар, аквагрим жөніндегі суретшілер, үлкен қуыршақтар жұмыс істеді. Бояулар фестивалі мен аттракциондар ұйымдастырылды, ал бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.  

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items