Для своего персонала и внешней аудитории KAZ Minerals выпускает разнообразные медийные продукты.

null Шығыстүстімет әскер қатарына шақырды

11.05.2017

Қарау саны: 0

"Шығыстүстімет" ЖШС-нің қызметкерлері нағыз ер адамдарға тән қарқынмен Отан қорғаушылар күнін әскери бағытта атап өтті. Қызметкерлерді басқару қызметінің бастамасымен компания ұжымының жігіттері Әскери ойындарға қатысты. Барлық жағдайды кадрлық офицерлер қадағалады. 

Әскери ойындарға компания басқармасының ғана емес, "Шығыстүстімет" ЖШС барлық өндірістік кешендердің қызметкерлерінің құрама командалары қатысты. Келісілген уақытта "әскери ұжымдар" арнайы базаға келіп, тиісті нұсқаулықтан өтті. Бұл жерде басшылықтың атынан құттықтау сөздер де айтылды. 

- Сіздер қорғаушымыссыздар. Тіпті біздің басты құндылығымызсыздар. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында компания межелеген міндеттерді орындап отыр. Ал мұндай спорттық іс-шаралар және осындай ерекше тимбилдинг бір-бірімізді жақсырақ тануға көмектеседі, - деді "Шығыстүстімет" ЖШС қаржы директоры Марина Быкова.

Салтанатты шарадан кейін "сарбаздар" Шығыстүстметтің басқармасы, Артемьев, Орлов және Ертіс өндірістік кешенінің командалары болып бөлінді. Командалардың ішінде түрлі бағытта жұмыс істейтін взводтар қалыптасты. 

Айталық, мергендер пневматикалық қарудан нысанаға дәл тигізді;

Саперлар жарлығыш заттарды іздеп, оны зиян келтірмейтіндей етулері керек еді.   

Байланыс мамандары қашықтан берілген белгілер арқылы ақпарат жеткізуге міндетті. 

Барлаушылар кедергілер жолағын мінсіз өтуге тырысты.

Комендант взводы АК-47 автоматын жылдам шашып-жинауға және қорғаныс киімдерін киюге машықтанды.

Әріптестердің жарысқа деген құлшыныстары жаттығуларды жоғары деңгейде орындауды талап етті. Себебі сарбаздардың әрбір қадамы жалпы командалық есепке ұпай қосуға мүмкіндік берді. 

Дегенмен, қатысушылар басты ойын- лазертагты асыға күтті. Әрбір ер адам бала кезінде "атыспақ" ойнағаны рас. 

Ал мұнда шынайы автоматқа ұқсас қарумен ойнап, соғыс стратегиясын жасауға, жаудың штабын жаулап алуға мүмкіндік болды. 

Командалардың ойынға берілгені соншалық тіпті оларды марапаттау рәсіміне шақыру қиынға соқты. Ойын бірнеше сағатқа созылды. 

Нәтижесінде жалпы командалық есепте Орлов өндірістік кешенінің сарбаздары бірінші орынды жеңіп алды.

- Біздің ұжымымыз өте тату. Бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз десек болады. Мүдделеріміз де ортақ. Соның арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Біздің күшіміз бірлікте! - дейді Руслан Сүлейменов, Орлов шахтасы су ағызу қондырғылары мен жабдықтарды құрастыру учаскесінің бастығы.

Екінші орынға Ертіс өндірістік кешені табан тіреді. Бұл команда ауызбіршілігімен және табандылығымен ерекшеленді.

Үшінші және төртінші орындарға Артемьев өндірістік кешенінің және Шығыстүстімет басқармасының командалары табан тіреді. Түрлі жаттығуларда барлық командалардың ойыншылары да алдыңғы қатардан көрінгенін айта кету керек. Бірақ есеп командалық нәтижеге бағытталды. 

Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар мен жанкүйерлер дала асханасында пісірілген сарбаздар ботқасынан дәм татты.  

Ермек Дюзкенев,

Өскемен

     

 

0 Comments

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

САЙТТАҒЫ ТАНЫМАЛ ТАҚЫРЫПТАР

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items