В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Шахтерлардың үш буыны

24.08.2018

Қарау саны: 67

; assetEntryID = 695417

Ертіс өндірістік кешенінің Ертіс шахтасында Құсайыновтардың әулеті жұмыс істейді. Тау-кен ісіне бұл отбасының үш буын ұрпағы бүкіл өмірлерін арнаған. 

Үлкен өндірістік әулеттің тарихын Зайнагүл Құсайынова айтып берді:

«Отбасымызда шахтерлардың буыны атамыз  - Батырхан Құсайыновтан басталды. Ол Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданындағы Үлкен Көккөл өзенінің алқабында орналасқан «Көккөл» кенішінде жұмыс істеді. Атамыз бұл кәсіпорында оның ашылуынан жабылуына дейін еңбек етті (1938-1954 жылдар). Тек 1939-1946 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысы майданында шайқасқан жылдары ғана үзіліс жасады. «Көккөл» кенішінде вольфрам мен молибден өндірілетін. Ал құрғақтай бұрғылау мен өндірістің өзі қолмен атқарылатын еді. Апамыз Нұртай Егібаева аталмыш кеніште кен шайған. Шаруашылықтар қирағанға дейін мен мал дәрігері болып, ал күйеуім орман шаруашылығында жұмыс істедік. 1995 жылы біздің отбасымыз ШҚО Глубокое ауданының Алтай кентіне көшіп келді.  Біз бірден Ертіс шахтасына жұмысқа орналастық. Жұбайым Жанболат Құсайынов үңгуші болып, ал мен бетон-толтыру кешенінде үгітуші болып еңбек ете бастадық. Осы жылдар ішінде кәсіпорын талай рет қайта құрылса да, біз шахтамызда жұмыс істеп жүрміз. Жанболат көп жыл бойы үңгуші болып жүріп, кәсіби ауруға шалдыққан соң қазір механикалық цехта слесарь қызметін атқарып жүр. Мен 1999 жылдан бастап «Шығыстүстімет» ЖШС Техникалық бақылау бөлімінің Белоусов алаңындағы техникалық бақылау учаскесінде жерасты сынама алушысы ретінде жұмыс істеймін.

Аталардың жолын балалар қуды. Тұңғыш егіз ұлдарым сырттай оқып, жұмыс істеп жүрді.  Мерлан еңбек жолын Ертіс шахтасының шахта ішіндегі көлік учаскесінде слесарь болып бастап, кейін механик болды. Қазір шахта ішіндегі тік көлік учаскесі бастығының орынбасары. Ол ШҚМТУ жанындағы колледжді тәмамдады. Қазір жоғары білім алуды жоспарлап жүр. Мерланның жан жары Светлана декреттік демалысына дейін Ертіс ӨК-не арнайы киімдерді жуу мен химиялық тазалау жөніндегі қызметтер көрсететін мердігерлік ұйымда жұмыс істеді.

Мерланның егізі Мержан үңгуші болып бастады. Риддердегі колледжді «тау-кен ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған соң ол өндірістік учаскенің ауысым шебері болды. Ал аталмыш мамандық бойынша жоғары білім алған соң, оны Ертіс шахтасы №3 өндірістік учаскенің бастығы қылып тағайындады. Әйелі Гүлфия қазір декреттік демалыста.

Кенже ұлымыз Эльдар. Ол ШҚМТУ күндізгі бөлімінде оқыды. «Тау-кен инженері» мамандығын игерген соң ол тау-кен шебері болып Юбилейный-Снегирихин кенішіне жұмысқа кірді. Кейін Ертіс шахтасына жарылғыш заттарды таратушы болып ауысты. Қазір «Қарағандытүстімет» ЖШС Белоусов кенішіндегі шаң-тозаң-желдету қызметінің жетекші инженері болып еңбек етіп жүр. Оның жұбайы Назым мамандығы бойынша ұстаз. Ол да қазір декреттік демалыста.

Шахтердың жұбайы және шахтерлардың анасы болу оңай емес. Ал ұлдарын көптеген адамдардың денсаулығы мен өміріне жауапты болғанда тіптен қиын. Әрдайым уайымдап отырамын. Бірақ балаларымның жетістіктеріне де үнемі қуанам. Мен бақытты әжемін. Менің жеті немерем бар».

Жанна Мұзапарова, ЕӨК

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items