В KAZ Minerals ежедневно происходят события различного масштаба.
Filter:

null Шахтерлар намысты қолдан бермеді

20.09.2017

Қарау саны: 34

; assetEntryID = 701152

Орлов өндірістік кешенінің футбол командасы Семей қаласындағы "ADAL" супермаркетінің сыйлығы үшін кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы жарысқа қатысуда. Футболшы әріптестеріміздің бұл бастамасын кешеннің директоры Дидар Нурекин қолдады.  

Ойындар 9 қыркүйекте басталған. Орлов өндірістік кешенінің командасы басшылықпен келісе отырып, "ОПК ВЦМ" деген атпен жарыс жолына шықты. Бұл үлкен жауапкершілік екенін жігіттердің өздері де жақсы түсінеді. 17 қыркүйек күні "ОПК ВЦМ" жарыстың жартылай финалына шықты. 

«Бұл қайдан шыққан команда" деп сұрап жатады жұрттар менен. Бәріміз ВЦМ  командасы туралы естігеміз. Себебі олар облыстық чемпионаттың жеңімпаздары. Ал ОПК ВЦМ биыл алғаш рет шығып отыр. Аяқ алыстары жаман емес. 17 қыркүйекте олар біріншіліктің ең мықты командасы "Қаражыраны" ұтып кетті. Сөйтіп, жартылай финалға шықты. Жарайсыңдар, жігіттер! Бұл команда жарыстарға әрдайым қатысып жүрсе, қуана қарсы аламыз», - дейді Арман Құдабаев, Семей қаласындағы Футболсүйерлердің қазақстандық лигасының директоры.

«Қазіргі уақытта жартылай финалға 4 үздік команда шықты. Оның ішінде "ОПК ВЦМ" да бар. Алда ақтық сыңға жолдама беретін жауапты ойын бар. Біздің командамызда Орлов өндірістік кешенінің 10 қызметкері бар. Қырық минут бойы тоқтамай футбол ойнау оңай емес. Дегенмен өткен матчтарла аса қатты қиналған жоқпыз. Әріптестеріміз бен достарымыз да қолдап отырды. Біз бұрын жарысқа қатысқанымызбен айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоқпыз. Орлов өндірістік кешені басшылығының арқасында осы турнирге қатысуға мүмікдік туды. Жеңіске екі-ақ қадам қалды. Олар өте қиын болары сөзсіз. Дегенмен шахтерлар намысты қолдан бермейді», - дейді Ұлан Бағдатов, Орлов шахтасының 1-санаттағы технигі, команданың ұйымдастырушысы және мүшесі.

23 қыркүйекте ақтық сынға жолдама сарапқа салынатын матч болады.  Жігіттерге сәттілік тілейік! 

Татьяна Маер, ОӨК 

0 Comments

Популярное на сайте

Популярное на сайте

4/20/20 10:33 AM

test321

4/20/20 10:30 AM

test123

3/27/20 2:47 AM

Отличная новость!

3/26/20 11:37 AM

Классное место!

3/26/20 8:43 AM

Какой интересный выпуск

В теме: №33(1).pdf
Showing 5 of 5 Items